286
экономикалық дағдарыстың салдарынан өсу қарқыны нөлдік
деңгейге
дейін төмендегенімен, 2010 жылдан бастап Қазақстан
посткризистік экономикалық өсу
қарқынын қалпына келтіре
алды.
Дегенмен нақты ЖІӨ көрсеткіші экономикалық өсудің қар-
қынын нақты өлшей алмауы жəне
экономиканың жалпы жағ-
дайын дұрыс анықтай алмауы мүмкін. Осы жерде эконо миканың
жағдайын аса нақты анықтай алатын басқа да көрсеткіш қол-
даныла алады – ол жан басына шаққандағы ЖІӨ.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ – елдер арасындағы эко-
номикалық өсуді жəне экономикалық
жағдайларды салыстыру
үшін қолданылатын өсуді нақты өлшей алатын əдіс.
12.2-кесте. Қазақстандағы жан басына шаққандағы
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) қарқыны, 1991-2010 жж.
Жыл-
дар
Жан басына
шаққандағы
ЖІӨ,
теңгемен
1)
Жан басына
шаққандағы
ЖІӨ, доллар-
мен
2) 3)
Жыл-
дар
Жан басына
шаққандағы
ЖІӨ,
теңгемен
Жан басына
шаққандағы
ЖІӨ, дол-
лармен
1991 5 234,0
-
2001 218 772,4
1 490,9
1992 74 072,8
-
2002 254 141,6
1 658,0
1993 1 796,2
696,2
2003 309 341,3
2 068,1
1994 26 227,9
735,9
2004 391 003,8
2 874,2
1995 64 123,3
1 052,1
2005 501 127,5
3 771,3
1996 90 880,0
1 350,4
2006 667 211,6
5 291,6
1997 109 045,2
1 445,5
2007 829 865,3
6 771,6
1998 115 001,7
1 468,7
2008 1 024 175,1
8 513,5
1999 135 075,4
1 130,1
2009 1 070 472,0
7 257,4
2000 174 682,0
1 229,0
2010 1 326 771,2
9 004,2
1)
- 1990-1992 жылдары - рубль, 1993 жылдан бастап - теңге
2)
- АҚШ долларында жан басына шаққанда ЖІӨ есептеу 1993 жыл-
дан бастап жүргізіліп келеді
3)
- АҚШ долларына аудару барысында ҚР Ұлттық Банкінің деректері
бойынша орташа жылдық валюта бағамы қолданылады
Мемлекет басшысы Н. Ə. Назарбаевтың ел Үкіметіне жүкте-
ген міндеттеріне сəйкес, 2011-2015 жылдар аралығында еліміздің
экономикалық өсу қарқыны орташа есеппен 7%-ды құрап, жан
басына шаққандағы ЖІӨ 15 мың АҚШ долларына жетуі тиіс.