ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРДЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Лəззат Ермағамбетова
педагогика ғылымдарының кандидаты
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері
университеті ,
Аңдатпа.
Мақалада қалыптастырылатын дағдыларға тұлға сапасын дамытудың мынадай бағытта-
ры: интеллектуалдық, тұлғалық, физикалық, əлеуметтік, эмоционалдық аспектілері қарасты-
рылады. Қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде мұғалім дидактикалық
принциптер мен əдістемелік заңдылықтарға сүйенетіні сөз етіледі. Сондықтан жай сөйлемді
меңгертуде, ізгі жақсы қасиеттерді қалыптастыруда педагог-əдіскерлердің еңбектеріне сүй-
ене отырып, педагогиканың негізгі ұстанымдары басшылыққа алынады. Оқытудың дамы-
тушылық, жан-жақты тəрбие берушілік ұстанымы; оқытудың мақсаттылық ұстанымы; оқыту
үрдісі мазмұнының ғылымилық ұстанымы; оқытудың саналылық пен белсенділік ұстанымы;
оқытудың көрнекілік ұстанымы; оқытудың түсініктілігі ұстанымы; оқытудың жүйелілігі мен
бірізділігі ұстанымы; жас шамаға лайықтылығы ұстанымы; теория мен практика арасындағы
байланыс ұстанымы; оқытудың саралау ұстанымы талданады. Осы ұстанымдардың барлығы
оқыту процесінде мақсат пен міндетті шешу, оқу мен оқытуды басқару жəне реттеу, нəтиже,
бағалау сияқты элементтерге тұтастық, сабақтастық беретіні айтылады.
Summary
Skills that is described in the article develop qualities of personality in next directions:
intellectual, physical, social. At transmissions of theoretically knowledge and practical skills in
Kazakh language, a teacher leans against didactics principles and on methodical conformities to
law. In order that it is better to master understanding and improve quality simple sentences it is
necessary to lean against knowledge of teacher-methodist. Consequently, taken as a guide teacher
thing. It discusses principles: education, targeted training, education research trends, consciousness
and activity, visual learning, understanding, training, system and uniformity of training suitable
for a young society, the relationship between theory and practice, the choice of training. All these
principles are interrelated in the process of learning objectives and responsibilities in the management
of teaching and learning in the evaluation results. Key words: didactic principles; intellectual, social
and personal aspects; emotional aspect; methodical regularity.
Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту оның когнитивті жəне сезімдік, рационал-
ды жəне практикалық, адамзаттық жəне жеке дара ерекшеліктерінің диалектикалық бірлігін
ескеруді талап етеді. Жалпы адамзаттық құндылықтарды оқыту негізін өзара байланысты үш
аспект құрайды: білім, дағдылар жəне құндылықтар жүйесі. Олардың қатысуы жəне өзара
іс-əрекеті білім беру əдіснамасында бір жіп ұшына байланған. Осы əдіснама – білім, дағ-
ды, құндылықтар жүйесін дамытудың ең тиімді əрі сенімді тəсілі. Сондай-ақ, оқу үрдісінің
тиімділігі де үш жақты іс-əрекет: мұғалім, оқушы, ата-аналарға тəуелді болады жəне адами
құндылықтар үш негізгі орган: бас, жүрек, қол жұмысы нəтижесінде қалыптастырылады.
Қалыптастырылатын дағдыларға тұлға сапасын дамытудың мынадай бағыттары кіреді:
интеллектуалдық, тұлғалық, физикалық, əлеуметтік, эмоционалдық аспектілері.
Қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде мұғалім дидактикалық
принциптер мен əдістемелік заңдылықтарға сүйенеді.
291
Сондықтан жай сөйлемді меңгертуде, ізгі жақсы қасиеттерді қалыптастыруда, жеке
тұлғаның өнегелі өмірдің үлгісін сезінуіне баса көңіл бөле отырып педагогиканың негізгі
ұстанымдары басшылыққа алынды. Осыған байланысты педагог ғалымдардың: М.Жұмаба-
ев [1], Ж.Аймауытов [2], Р.М.Қоянбаев [3], Б.П.Есипов [4], Р.К.Төлеубекова [5],т.б. əдіскер-
лердің еңбектеріне сүйенуге болады.
Классикалық дидактикада жалпыға танылған оқыту ұстанымдары төмендегідей көр-
сетіліп жүр: оқытудың дамытушылық, жан-жақты тəрбие берушілік ұстанымы; оқытудың
мақсаттылық ұстанымы; оқыту үрдісі мазмұнының ғылымилық ұстанымы; оқытудың сана-
лылық пен белсенділік ұстанымы; оқытудың көрнекілік ұстанымы; оқытудың түсініктілігі
ұстанымы; оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі ұстанымы; жас шамаға лайықтылығы ұста-
нымы; теория мен практика арасындағы байланыс ұстанымы; оқытудың саралау ұстанымы.
Осы ұстанымдардың барлығы оқыту процесінде мақсат пен міндетті шешу, оқу мен оқытуды
басқару жəне реттеу, нəтиже, бағалау сияқты элементтерге тұтастық, сабақтастық берді.
К.Д.Ушинский оқыту ұстанымының жүйесіне негіздеп, əрқайсысының дидактикалық
орнын ғылыми тұрғыдан дəлелдеп берді. Мысалы: көрнекілік принципі туралы: “... егер де
педагог баланың ісінде бірдемені берік қалдыруды көздейтін болса, ол көз, құлақ, дауыс бұл-
шық ет сияқты сезім органдарын тіпті мүмкін болса, иіс жəне дəм сезімдерін де есте сақтап
қалу аспектісіне көбірек қатыстыруға тырысуы керек”, – десе [6, 29], жүйелілік ұстанымы
туралы: “Ғылымдар қалай болса, солай мектепте өндіріле салмайды. Оның өзіндік дидак-
тикалық жүйесі бар. Ол арқылы оқыту процесінде белгіленген белгісізге, жайдан күрделі-
ге, жақыннан алысқа, жеңілден қиынға көшу сияқты оқытудың аса қажетті дидактикалық
тəртібі іске асады”, – деп жазды [6, 31].
Сонымен білім саласындағы кейінгі кездері оқыту барысында көп айтылып жүрген
ізгілендіру ұстанымы негізінде оқу процесінде адамның, яғни оқушының жеке ерекшелігін
ескеру, олардың ынта-жігерін қолдау, білімге құштарлығын ояту, мақтау-мадақтау, шəкірттің
бір пəнді ұнатуы жəне ұстаздың өз пəніне деген сүйіспеншілігі негізге алынуы керек. Оқу
процесінде мұны жүзеге асырудың жолдары: оқытудың (шəкірттің) жеке-дара ерекшелігін
ескеру; оқушының ынта-жігерін қолдап, мадақтап отыру; оның жеке басына деген құрмет
көрсету; оқу материалын мектеп оқушысы өз бетінше, өзіне лайықтысын таңдап алатындай
жағдайда болуы сөзсіз.
Оқытуда жүйелілік, бірізділікті ұстанымын жүзеге асыруда оқушылардың мектеп та-
балдырығын аттаған кезден бастап алған білімін тексеріп жүйелі түрде бағалап отырудың
маңызы зор. Я.А.Коменскийдің “Бүгінгі меңгерілген білім өткенді бекітуге, жаңа жол ашуға
негіз болуы керек” [7,157] деген дидактикалық тұжырымы білімнің үздіксіз бірізділікпен
берілуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге оқу-тəрбие үрдісінде мұғалім баланың дарынын,
талабын, қабілетін ескере отырып, бірізді, жүйелі бағдарламамен жұмыс атқарса, оның бой-
ындағы қасиеттерді аша түседі. Жəне жүйелілік ұстанымы жеке тұлғаның ізгілікті рухани-а-
дамгершілігін қалыптастыруға, оқыту процесінде баланы үнемі өз бетімен жұмыс істеуге,
күнделікті сабақтарға жауапкершілікпен қарауға үйретеді жəне тəрбиелейді. Бұл ұстаным
оқушы меңгеретін білім мен біліктердің жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге қарай да-
мытылып отыруын қажет етеді.
Көрнекілік ұстанымы – дидактикада ертеден келе жатқан ұстанымдардың бірі. Мұның
негізін де Я.А.Коменский қалаған. Оқыту процесінде көрнекі құралды пайдалану сабақтың
тиімділігін арттырады. Көрнекілікті қолданудың негізгі мақсаты – игерілетін материалдың
мазмұнын айқындай түсу, оны оқушының санасында берік қалдыруға мүмкіндік жасау. Көр-
некілік құрал оқытушының оны орынды қолдана білгенінде ғана тиімді болатыны сөзсіз.
Көрнекі оқу құралдары кескінделген жəне экранды-дыбыстық болып екіге бөлінеді. Кескін-
делетін оқу құралдарына кесте, сызба, сұлба, өрнек, фото-сурет, сурет, оқиғалы картиналар,
т.б. үлестірме дидактикалық карточкалар жатады. Экранды-дыбыстық құралдарға кино-
292
фильм, диапозитив, таспа жазулары, күйтабақтар, кодоскопқа (жазылған) арналған транспа-
ранттар, үлестірме қағазы, схема, компьютер жатады.
Көрнекі құралдың жаңа жанрларының бірі – мультимедиалық энциклопедия, электрон-
ды оқулықтар, сондай-ақ дыбыстық бейнежазба материалдарын қолдану. Көрнекіліктердің
сабақ мақсатына сай таңдалып, эстетикалық сапасының жоғары болуы, білімдік, таным-
дық мазмұнының мұғалім сөзімен ыңғайлас келуі ескеріледі. Көрнекіліктің мəні оқушының
білімі мен біліктілігін жетілдіруге тигізетін үлесімен өлшенеді.
Біріншіден, қазақ тілінің жай сөйлем жəне оның түрлерін оқытуда түрлі персонаждардың
көмегімен оқушының өзін ситуацияға толық енгізу арқылы оның тілін дамытып, ой-өрісін
кеңейтуге, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға, қоршаған ортасына ізгілік қатынасын орна-
туға болады.
Екіншіден, оқушылардың өз шығармаларын талдату арқылы өзін өзі тануына, өзіндік қа-
білетін ашуына мүмкіндік туғызып, сондай-ақ өзгелердің еңбегін бағалауға үйретуге болады.
Үшіншіден, пайдаланылатын көрнекіліктің педагогикалық, психологиялық жəне əдісте-
мелік талаптарға сай болуымен қатар, оқушының қызығушылығын төмендетіп, жалықтыр-
мас үшін түрлендіріліп отырылуы тиіс. Ендеше, көрнекіліктің жай сөйлем жəне оның түр-
лерін меңгертуде маңызы мен тиімділігін былай тұжырымдауға болады:
- көрнекілік мазмұнын байыта түседі;
- есту арқылы алған білімін көру арқылы бекіте түседі;
- көрнекіліктер оқушының ойлау, таным белсенділіктерін, көркем
тілін дамытады
- баланың эмоциясына əсер етеді;
- алған білімдерін тілдік қарым-қатынаста жүзеге асыруға жетелейді.
Оқытудың саналылық жəне белсенділік ұстанымын жүзеге асыруға мынадай жағдайда
қол жеткізуге болады: сабақта жағымды уəж туғызу, оқу материалының оқушының тілек-мақ-
саттарына сай болуы (танымдық қызығушылығы), мəселелік жағдаяттар туғызып, өз бетімен
орындауға үйрету, оқытудың тиімді əдістерін қолдану (дидактикалық ойындар, пікірсайыс,
т.б.). Мұндай жағдайда оқушының оқу белсенділігін былайша арттыруға болады: оқу іс-əре-
кетінің мақсат, міндеттерін анық білу; маңыздылығын түсіндіру; танымдық əрекеттің барлық
түрлерін қолдану қажет, яғни талдау мен жинақтау, индукция мен дедукция, байланысты-
ру, салыстыру т.б. оқушылардың бір-бірімен өзара байланыс əрекетін пайдалану, оқытудың
ұжымдық, топтық, жұптық, жеке формаларын өзара əрекетте қолдану; шығармашылық,
өнімді тапсырмаларды жиі орындау.
Оқыту үрдісінде білімді шəкірттердің саналы игеруі, олардың əрбір сабақта белсен-
ділік көрсетуі – оқушылардың шеберлігін шыңдай түсетін алғы шарттардың бірі. Мектеп
оқушыларының оқу пəндерін игеру барысында оның мақсат-міндеттерін білуі, өзі алдына
мақсат қойып, оны шешудің амал-тəсілдерін таба білуі оның таным шегінің кеңеюіне жағдай
жасайды. Осы тұрғыда Л.В.Занков оқыту процесінде білімді саналы түрде игеруде алдымен
теориялық білім берудің басым болуы ұстанымдарын жүзеге асырудың маңызы зор екендігін
айтады. Мұғалім қазақ тілі мен əдебиет сабақтарында жағымды мотивация туғызу, оқушы-
ның ынта-ықыласы, танымдық сұранысын ескеру, проблемды жағдаяттар жасай отырып,
жаттығу- тапсырмаларды өз бетімен орындай білуге үйрету, оқытудың адам психологиясы-
на негізделген ұжымдық түрі “интерактив əдістерді (дебат, пікірсайыс, ойтолғау, “дөңгелек
үстел”, рөльдік ойындар, симуляция, релаксация, мультимедиалық бағдарламалар) қолдану
барысында үлкен нəтижелерге қол жеткізуге болады.
Баланың ізгілікті рухани-адамгершілігін дамыта оқытуда басқа ұстанымдармен бірге,
түсініктілік ұстанымы басты назарда болды. Түсініктілік ұстанымы білім мазмұнына мəні
толық анықталған материалды ендіруді, мектеп оқушылары меңгере алатындай ғылыми
ұғымдар мен терминдерді (яғни жай сөйлемге қатысты) дұрыс, ұтымды пайдалануды көз-
293
дейді. Бұл ұстаным баланың ізгілікті адмгершілігін қалыптастыруда оқушының дайындық
деңгейіне сай, олардың өзіндік пікірін туғызатындай жағдайда ұйымдастыруды талап етеді.
Түсініктілік ұстанымында жай сөйлем синтаксисіне қатысты оқу материалының оқушы
даярлығына үйлесімді келуі талап етіледі. Сабақты ұйымдастырудың өн бойында бұл жағдай-
лар ескеріліп, оқушылардың əрі дұрыс, əрі жеңіл түсінік алуы үшін тиімді əдістер қолданы-
лады. Бірақ жай сөйлем синтаксисіне қатысты материалды жеңіл-желпі, оны не ықшамдауға,
не үстірт өтуге болмайды. Себебі жай сөйлем синтаксисі өте күрделі материал жай сөйлемнің
теориялық материалын бақылау, жаттығу жұмыстары арқылы практикалық тұрғыда меңге-
реді. Сонымен бірге қазақ тілі жай сөйлем синтаксисін жаңа технология арқылы оқытуда
бұл ұстанымның алатын орны ерекше. Бұл ұстаным арқылы оқушыларда өзара сыйластық,
түсініктік қасиеттері қалыптасады .
Ал оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымы – оқушылардың өрелі ой-санасын ғылы-
ми негізде дамыту үшін, олардың меңгерген білім дағдылары тиянақты болуы қажет. Оқушы-
ның дүние тану жөніндегі көзқарасын қалыптастыруда білімді тиянақты, берік меңгертудің
маңызы зор. Оқылған материалды жан-жақты меңгерту, есінде берік сақтату, құрғақ жатта-
уға жол бермеу, білгенді ұмытпау үшін қайталау, білімін бағалап отыру сияқты жұмыстарды
жүргізу қажет.
Білімнің беріктік, тиянақтылық принципін жүзеге асыруда жаттығу жұмыстарын жүй-
елі ұйымдастыру да шешуші рөл атқарады. Түрлі жаттығу жұмыстары оқушының іскерлігі
мен дағдысын жетілдіре түседі.
Ал оқытудың ғылымилық ұстанымы баланың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқа-
расы мен ізгілік, адамгершлік қасиеттерінің қалыптасуына əсер етеді. Жай сөйлем жəне оның
түрлерін ізгілендіру технологиясы арқылы оқытуда ғылыми ұстанымды іске асыру үшін мы-
надай талаптардың орындалуы көзделеді. Біріншіден, кешенді жаттығулар мен тапсырмалар
жүйесінің мазмұнының танымдық жағына көп көңіл аударылуы тиіс. Екіншіден, орындала-
тын жұмыстарды талдау барысында оқытушы тілдік заңдылықтар мен ұғымдарды мысалдар
арқылы дəлелдеп отыруы тиіс. Үшіншіден, ұйымдастырылған кешенді жұмыстарды оқушы-
ларға игертуде ескеріліп отыру қажет. Төртіншіден, жай сөйлем, оның түрлеріне байланысты
айтылған түсініктемелер ғалымдардың ой-пікір, тұжырымдарымен дəлелденіп, салысты-
рылып отырғаны дұрыс.
Ендігі тоқталуды қажет ететін ұстанымдарының бірі – оқушылардың бойында ізгілік
қасиеттерді қалыптастыруда жай сөйлем жəне оның түрлерін оқытуда білімді өмірмен бай-
ланыстыру ұстанымы маңызды орын алады. Өйткені өз бетімен өмір сүруге икемді, өзін-
дік көзқарасы қалыптасқан, жан-жақты жетілген азаматты тəрбиелеп өсіру – бүгінгі қоғам
талабы. Айтулы педагогтардың (М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов) еңбектерінен
орын алған оқытудың мазмұнын өмірмен байланыстыру мəселесінің бүгінгі күні маңызы
арта түсуде. Күнделікті сабақтың мектеп оқушыларының айналасындағы өмірмен тікелей
байланыста өтуі оның өмірге қызығушылығын арттырып, сабаққа деген ынтасын туғызады
жəне шығармашылық шабытын оятады.
Жоғарыда аталған ұстанымдардың қай-қайсысы да қазақ тілінің жай сөйлем синтак-
сисін жаңа технология арқылы оқытуда маңызы зор деп айтуға болады. Сонымен аталған ди-
дактикалық ұстанымдарды мектеп қабырғасындағы оқушыларға қазақ тілін оқыту үрдісінде
пайдалану олардың ынтасын, қызығушылығын тудырғанда, шығармашылық негізде жұмыс
істеуге қабілетінің болуы секілді талаптар орындалғанда ғана жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |