Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет171/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   255
Оралбаева

 
Əдебиеттер:
1. М.Жұмабаев. Шығармалары. –Алматы:Жазушы, 1989.- 448б
2. Ж.Аймауытов. Психология.-Алматы: Анатілі, 1995.- 312б
3. Р.М.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы:Ғылым, 1998.- 378б


294
4. Б.П.Есипов. Основы дидактики. -Москва: Педагогика, 1967.- 472б
5. Р.К.Төлеубекова. Қоғам дамуының жаңа кезеңінде адамгершілік тəрбиесінің теори-
ялық-əдіснамалық негіздері.-Алматы: Мектеп, 2001.-295б
6. К.Д.Ушинский. Толық шығармалар жинағы,8-том. –Алматы: Ана тілі, 1950.-371б
7. Я.А.Коменский. Избранные педагогические сочинение. –Москва: Педагогика, 1982.-
656б
СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ
Есенбаева А.М.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік 
университеті, Түркістан қ. 
Аннотация.Мақалада сұраулы сөйлемдердің адам санасына, танымына əсерін зерт-
теу қарастырылған. Осы мақсатқа сəйкес қазіргі заманғы лингвист, психолог ғалымдар-
дың сөйлемдердің адам санасына əсері туралы еңбектерін қарастыру. Сұраулы сөйлем-
дердің тілдік қатысымды тудырудың басты түрткісі, компоненті екені көрсетілді. 
Сұраулы сөйлемдердің психологиялық ерекшеліктері мен оның студент психологиясына 
əсері, əсіресе, сөйлеушінің ниеті мен мақсаттарына қатысты болатын жағдайдағы праг-
матикалық сипаттамаларын, дискурс кесінділерінің өрістеуіне, олардың іске асырылған 
қағидаттары мен тілдік қарым-қатынас нормаларына баса назар аудару арқылы сұрау-
лы сөйлемдердің адам санасындағы пресуппозициялары жіктеліп, олар мысалдар арқылы 
көрсетілді. 
Annotation.The article deals with the infl uence of interrogative sentences on the consciousness 
of a person and his cognition. To this end, we consider the work of modern linguists, psychologists, 
and scientists on the impact of proposals on human consciousness. It was shown that the interrogative 
sentence is the main motivation for creating a language interaction. The psychological features of 
the sentences in the question and its impact on the student’s psychology, especially regarding the 
intentions and goals of expanding the speaker with pragmatic, discursive characteristics, focusing 
on the principles and norms of the language of the relationship of sentences and presuppositions of 
the human mind of interrogative sentences have been classifi ed and represented by examples.
Сұраулы сөйлемдердің психологиялық негіздерін зерттеуде оларды қатысым барысында 
тар ауқымда қарауға болмайды: біріншіден, директивтер кең мағынада адамның тілдік қа-
тысымының алғышартының бір түрі ретінде,оның негізгі шарты деп айтуға болады. Сұрау-
лы сөйлемдер қоғамдағы болмыстың қасиеті ретінде, тілдік қатынастағы сұраудың табиғаты 
жөнінде жазғанда: “Өмір өз табиғаты бойынша сұраудан тұрады. Өмір сүру дегеніміз - диа-
логқа қатысу: сұрау беру, жауап беру, келісу жəне т. б. Əрбір ой мен əрбір өмір аяқталмаған 
диалогқа келіп тіреледі”,-деген М. Бахтиннің пікірі орынды [1,318].
Екіншіден, сұраулы сөйлемдер тілдік қатынастың неғұрлым ерекше сипатты болып та-
былады. Кез - келген сұраулы сөйлемдер диалог тудырады. Бұл туралы М. Бахтиннің жұмы-
сынан көрінеді, атап айтқанда, ол былай деп жазады: «Диалог қарапайым жəне анық түрде 
— тілдік қарым-қатынас классикалық түрі. Əр реплика сөйлеушінің жауап беруге болатын 
кейбір ұстанымдарын білдіре отырып ерекше аяқталымға ие болады» [1,250].


295
Үшіншіден, сұрау табиғаты ойлау жəне дүниені танудың негізгі құралы болып табылады. 
Қазіргі заманғы философтар сұрау табиғатын түсіндіруде, теориялық ойлау сұраудан туын-
даған ретінде түсіндіріледі, ал ойлау сол сұраққа жауап беру деп түсіндіңреді [2]. Тілдік қа-
тынас тек сұраулық сөйлемдер арқылы жүзеге асады. Себебі, сұраулар адам санасында ойлау 
процесін туындатады. Əрбір сұрақ жəне оған жауап беру адам санасында ұғымдар туғыза-
ды. Тілдік қатынаста сұраулы сөйлемдердің адам санасына əсері, оның қатысымның жүзеге 
асуының негізгі құралы екендігін, сұраулы сөйлемдердің студенттердің ойлау қабілеті мен 
танымына қатысының ара-жігін ажыратып, талдап жатудың маңызы жоғары.Сұраулы сөй-
лемдердің психологиялық ерекшеліктері мен оның студент психологиясына əсері, əсіресе, 
сөйлеушінің ниеті мен мақсаттарына қатысты болатын жағдайдағы прагматикалық сипатта-
маларын, дискурс кесінділерінің өрістеуіне, олардың іске асырылған қағидаттары мен тілдік 
қарым-қатынас нормаларына баса назар аудару керек. 
Тілдік қатынастын туындауына əлеумет қажет екені белгілі. Бірақ, тіл мен сөйлеу өзара 
байланысты болса да, сөйлеудің даралығын адамның психикалық қабілеттері мен қасиет-
тері айқындайды. Қaзіргі кезеңде тіл білімі жaңa қырынaн тaнылып, өз бaғытын aнтропо-
центристік aрнaғa бұруынa бaйлaнысты сөйлеушінің қолдaнысындaғы сұраулы сөйлемдер 
aрқылы оның aқыл-ойын, дүниетaнымын, ұлттық мəдениетін aңғaруғa болaды. Бұл туралы 
М.Жұмабаев: «ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре 
аламыз һəм басқа адамдардың ойларын біле аламыз», - десе [3, 72б], ф.ғ.д. Б.К.Елікбаев: «...
тіл білімінің дамуының бүгінгі сатысында адам факторы өзіне ерекше көңіл аудартып отыр. 
Коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік бағыттарға негізделген қазіргі лингвистика 
коммуникацияның екі антропоцентрі: хабарды жеткізуші (адресант – сөйлеу субъектісі) пен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет