Тілдік және мәдениетаралық Қатынас қҰзыреттерін



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата09.01.2024
өлшемі0.51 Mb.
#488768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Methods of Effective Use of Films in the Formation of Linguistic and Intercultural Communication Competencies[#1168553]-2622651 (1)

ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№3 (121), 2021 
134 
Жоғарыда 
айтылғандарға 
сүйене 
отырып, 
мәдениетаралық 
құзыреттілікті 
қалыптастыру қазіргі білім берудің мақсаттарының бірі болып табылатындығына көз жеткізе 
аламыз. Коммуникативті құзыреттіліктің ажырамас бөлігі - бұл мәдени құзыреттілік, ол 
сайып келгенде мәдениаралық құзыреттілікті кәсіби тұрғыдан игеруге мүмкіндік береді. 
Мәдениетаралық құзыреттілік толеранттылықты, жаңа білімге ашықтықты, тоналдылық пен 
қарым-қатынас құралдарын дұрыс таңдай білуді, коммуникациялық стратегия мен өзін-өзі 
таныстыру формасын болжайды [8]. 
Шетелдік және ресейлік ғалымдардан басқа, қазақстандық ғалымдар 
да 
мәдениетаралық коммуникация құзыреттілігі тұжырымдамасын зерттеді және бұл ұғымға әр 
түрлі тұрғыдан өз анықтамаларын берді. Мысалы, ғалым Құнанбаева [9, 25-б.] 
«Мәдениетаралық қатынастардың түпкі нәтижесі – бұл мәдениетаралық қатынас 
субъектісінің қалыптасуы» дейді. Ғалым А. Нұрлыбекова [10, 142-б.] «Мәдениетаралық 
құзыреттілік дегеніміз – мемлекет, оның өмір салты, әдет-ғұрпы мен діні туралы білімді 
игеріп қана қоймай, сонымен қатар өз мәдениеті, өмір салты, адамның мінез-құлқы туралы 
сөйлей білу» деген тұжырым жасайды. 
Шетелдік және отандық ғалымдардың әртүрлі зерттеулеріне талдау жасай отырып, біз 
мәдениетаралық құзыреттілік тұжырымдамасының пайда болуы ХХ ғасырдың ортасынан 
басталды, ол әлемдік деңгейдегі ғалымдардың зерттеу объектісіне айналды және қазіргі 
кезде әрбір адамзат қоғамында мәдениетаралық құзыреттіліктің қажеттілігі туындап отыр 
деген қорытындыға келеміз. Мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыруда тілдік 
дағдылар маңызды рөл атқарады. Тіл – ұлттық мәдениетті сақтаушы және оның негізгі 
тасымалдаушысы. Сондықтан тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, сонымен 
қатар халықтың мәдениеті туралы ақпарат көзі ретінде зерттеу қажет. Тіл – бұл мәдени және 
рухани құндылықтарды, адамдардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін, ойлау тәсілі мен өмір 
салтын қабылдауға және түсінуге мүмкіндік беретін әмбебап құрал. 
Шетел тілін үйрену процесінде, әсіресе ағылшын тілін оқыту әдістемесінде 
мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыру болашақ мамандарды даярлаудың маңызды 
құрамдас бөлігі болып табылады. Заманауи талаптарға сай жоғары білікті мамандарды 
даярлау үшін отандық білім беру саласына әлемдік білім беру жүйелерінің жаңа тәсілдерін 
енгізу қажет. Осыған байланысты қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі маңызды мәселелердің 
бірі – білім алушылардың мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет