Тілдік және мәдениетаралық Қатынас қҰзыреттерін


Оқу процесінде фильмдерді қолдану әдістемесі жайлы зерттеулер



Pdf көрінісі
бет8/21
Дата09.01.2024
өлшемі0.51 Mb.
#488768
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Methods of Effective Use of Films in the Formation of Linguistic and Intercultural Communication Competencies[#1168553]-2622651 (1)

Оқу процесінде фильмдерді қолдану әдістемесі жайлы зерттеулер 
Бейне, аудио материалдар мен фильмдерді ең алдымен тілдік курстарда, әсіресе шетел 
және екінші тіл ретінде оқыту әдістемесінде студенттердің тіл үйрену процесінде шынайы 
тілдік орта, тіл тазалығы, аутенттілік пен тіл үйренудің жан-жақтылығын қамтамасыз ету 
мақсатында қолданыла басталды. 
Түрлі тіл оқытушылары мен ғалымдар көптеген ғылыми зерттеулері мен әдістемелік 
еңбектерін фильмдерді оқу үдерісінде қолдану тақырыбына арнап жазды. Атап айтар 
болсақ, фильмдерді ағылшын сабақтарында пайдалану тақырыбында (Baddock, (1996); 
Lowe, (2007); Kaiser, 2011; Kaiser. et.all (2014); Stempleski, S. (2001), Praveen Alluri (2018), 
Youming Wang, (2009), түрік тілін оқыту әдістемесінде (Adem İşcan., Beytullah Karagöz 
(2016); Gülseven (2014); İşcan (2011); Йылмаз 2015), қазақ тілін оқыту әдістемесінде 
(Сүлейменова. т.б, (2007); К. Кадашева, (2016); Жұматаева, (2006); А. Қарабаева (2009), Г. 
Қасымова) (2009), С.Құнанбаева (2010), К.Молдабекова (2014), жапон, қытай және корей 
тілдерін оқытуда (Kambara (2011); Zhang (2011); Cheon (2014); Lee, H., (2000;) және т.б. 
Ғылыми-әдістемелік жұмыстарды зерделеп қарасақ, фильмдердің тіл үйренуге оң әсер 
ететіндігіне көз жеткізе аламыз. Фильмдер сөйлеу, тыңдау, түсіну және жазуды қоса алғанда, 
түрлі тілдік дағдыларды дамытуда үлкен мүмкіндіктер береді. Оқытылып жатқан тілде 


ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№3 (121), 2021 
135 
фильмдер мен түрлі бағдарламаларды көргеннен кейін, көптеген студенттердің шет тілін 
үйрену және сөздік қорларын кеңейту дағдылары қалыптасып, дами бастаған. 
Сондай-ақ, фильмдерді пайдалану студенттердің шет тілін үйренуге деген уәждемесін 
тудырып, ынтасын арттырады. Шетел тілі сабағында фильмдерді қолданудың 
артықшылықтарын қолдайтын көптеген зерттеулер бар. Бүгінгі таңда ғылыми-техникалық 
прогрестің қарқынды дамуына орай, қазіргі студенттерді тек тілді үйрену ғана емес, сонымен 
қатар үйретілетін тілдің төл мәдениетін, тарихын, өзіндік ерекшеліктерін танып, түсіну және 
тілді сол әлеуметтік ортада дұрыс қолдана білу мәселесі де қызықтырады. Себебі, бүгінгі 
заманауи мамандардан көпмәдениетті ортада өзара әрекеттесу және ынтымақтастық құра 
білу дағдылары, озық цифрлық технологияларды игеру, жаңа мүмкіндіктер мен жаңа 
сынақтарға дайын болуы және халықаралық аренада бәсекеге қабілетті болу дағдылары 
талап етіледі. Осыған орай, қазіргі әлемнің сұранысына сай мамандарды даярлау 
мақсатында, оқу процесінде фильмдерді қолданудың рөлі мен әдістемесі де кеңейе түсті. 
Фильмдер тек шет тілін не екінші тілді үйрету сабақтарында ғана емес, сонымен қатар 
әртүрлі мамандықтар бойынша кәсіби дағдыларды, коммуникативтік және сөйлеу 
құзыреттілігін 
қалыптастырудың, 
әлеуметтік 
лингвистикалық 
құзыреттілікті, 
мәдениетаралық және мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілікті қалыптастырудың 
құралы, сонымен қатар өзге елдердің дәстүрлері мен мәдени ерекшеліктерін, тарихын 
зерттеу құралы ретінде де түрлі салалардағы контенттік курстарда да қолданыла бастады. 
Білім беру процесінде әртүрлі салалар бойынша жүргізілетін курстарда фильмдерді 
қолданудың тәжірибесі мен тиімділігі жайлы бірқатар зерттеушілердің ғылыми еңбектері 
жарияланды, мысалы: кәсіби, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын дамытудың тиімді 
құралы ретінде (К.Бурмистрова, Л.Ступникова (2017); Т. Дементьева (2016); Л. Гаспарян 
(2012); әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру құралы ретінде (О. Мутовкина 
(2017); Л. Михалева); мәдени білімді меңгерту тетігі ретінде (Kramsch (2004), Sturm (2012), 
Wood (1995), Herron. et.all (1999); Kusumarasdyati (2006); Atiya Khan (2015); J. Bottomley 
(2008); K. Kадашева (2016), В. Канафиева (2013); Л. Бутенко (2014); символдық және 
мәдениетаралық құзыреттілікті дамыту (S. Pandey (2012); Wilcox (2009); Vanderplank (2010); 
Bhawuk., Brislin (2000); Champoux (1999); Cardon (2010); Mallinger. et.all (2003); Л. Армоник; 
С. Жданов (2015); және т.б. 
Кардоне айтқандай, фильмдерді қолданудың университет студенттері үшін басты 
артықшылықтарының бірі – фильмдердің көңілді, қызықты болуы және көптеген 
жағдайларда басқа мәдениеттерге деген қызығушылықты оята алатындығында болып 
табылады. Фильмдер өзге мәдениеттерді зерттеу мен ашуда өте құнды интеллектуалды 
жаттығу құралы бола алады, ал оқытушының басшылығымен және көмегінің арқасында 
білім алушылар мәдени теориялар мен конструкциялардың қыр-сырын сабақта көрсетілген 
фильмдер арқылы өте оңай меңгереді [11]. Фильмдер визуалды, аутентті, шынайы және қол 
жетімді, сонымен қатар, мультимедиялық ортаға үйренген цифрлық дәуірдегі білім 
алушылар үшін өте тартымды болғандықтан, үйретілетін тіл мен мәдениет арасындағы 
бірегей байланысты ұсына алатын бірден-бір тиімді құрал болып табылады [12]. 
Зерттеуші ғалым Вуд: (1995: 13–15) «фильмдердің басты сипаттамасы олардың 
шындықты көзбен және сөзбен бейнелеуінде» деп тұжырымдайды. Осылайша, фильмдер 
«білім алушылардың назарын мәтіндерге қарағанда көбірек аудара алады», сондықтан олар 
«көрерменнің тілдік және паралингвистикалық шынайылық сезімін күшейте отырып», 
студенттерді «мәдени реалияларды тануға жетелейтін процестің бөлігі бола алады» деп 
тұжырымдайды [13, 13–15-бб.]. 
Тілдік құзыреттілікті мәдени құзыреттілікпен қатар дамыту керек. Өйткені тіл 
мәдениеттен бөлек өмір сүрмейді. Тіл мен мәдениеттің тығыз байланысын Гумбольдт, Сапир 
Варф, Бодуэн де Куртене және т.б. көптеген танымал ғалымдар дәлелдеді. Халықтың бүкіл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет