ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №3 (121), 2021
132
фильмдерді қолдануға арналған көптеген шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері жарық
көрді.
Бұл зерттеу жұмысының мақсаты – қазақ тілін оқыту үдерісінде фильмдер арқылы
мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру мен дамытудың тиімді
әдістемесін ұсыну. Мақсатқа жету үшін, бірінші, кезекте мәдениетаралық коммуникативті
құзыреттілік теориясын және оның қазіргі әлемдегі рөлін қарастырамыз, екіншіден, тіл
оқытудағы фильмдерді қолдану әдістемесінің теориясын зерттейміз, үшіншіден, біз тілдік
және контенттік курстарда мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру
құралы ретінде фильмдерді қолдану әдістемесі мен жүргізілген эксперимент нәтижелерін
ұсынатын боламыз. Қазақстанда фильмдерді оқу процесінде қолдану әдістемесі соңғы
онжылдықтарда зерттеле бастады. Осыған орай бұл зерттеу «Мәдениеттану және қазақ
мәдениеті» атты жоғары деңгей студенттеріне арналған контенттік қазақ тілі курсында
фильмдер арқылы мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыруға
бағытталған алғашқы әдістемелік және тәжірибелік жұмыс болып табылады.
Методология
Зерттеу жұмысы аралас әдіс негізінде жүргізілді. Біріншіден, тақырыпқа қатысты
шетелдік және отандық ғылыми теориялық, педагогикалық-әдістемелік, психологиялық
әдебиеттерге анализ жасалды. Екіншіден, «Мәдениеттану және қазақ мәдениеті» қазақ тілі
курсының аясында тәжірибе жүргізілді. Курстың мақсаты – Қазақстан мен әлемнің басқа
елдерінің мәдениетін зерттеу, салыстырмалы және салғастырмалы талдау негізінде әр
мәдениеттің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтау және тану, студенттердің
дүниетанымы мен мәдени білімдерін кеңейту, сыйластықты арттыру және өз мәдениетіне
және басқа елдердің мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Зерттеу
барысында фильмдердің мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілікті дамытуға және
студенттердің тілдік құзыреттілігін арттыруға қосатын үлесі қарастырылды.
Қазақ тілін оқытуда фильмдерді қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтаудағы
жүргізілген жұмыс кезеңдері:
1. Фильмдерді таңдау критерийлері мен оларды дәрісте қолдану тәсілдерін сараптау
2. Фильмдермен кезең-кезең бойынша жұмыс жасаудың мақсаты мен міндеттерін
анықтау. Сондай-ақ, фильммен жұмыс істеудің әдістемелік жиынтығын құру.
3. Эксперимент жүргізу.
4. Нәтижелерді талдау.
Зерттеу жұмысында теориялық еңбектерді сараптау, салыстырмалы-салғастырмалы
анализ, синтез, тәжірибеден өткізу секілді әдістер қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: |