ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №3 (121), 2021
133
мағыналарды түсіну қажет. Бұл, өз кезегінде, белгілі бір халықтың тарихын, оның
мәдениетін, мифологиясын, дәстүрлері мен
құндылықтарын терең білместен, сондай-ақ
олардың тілде қалай бекітіліп, өрнектелетінін меңгермейінше мүмкін емес. «Сонымен, біз
тілді тұтынушы әлемін, мәдениетін сөздің кең этнографиялық мағынасында,
олардың
тұрмыс-тіршілігін, ұлттық сипаты мен менталитетін тереңірек және мұқият зерттеу
қажеттілігі туралы айтып отырмыз» [2, 35-б.].
Америкалық лингвист, мәдениеттанушы және антрополог Эдвард Холл
«мәдениетаралық коммуникация» бағытының ғылыми негізін қалаушы болып саналады. Бұл
мәселені зерттеу қажеттілігі этносаралық қақтығыстардың, дипломатиялық байланыстардың
сәтсіздігінің себептерін анықтау және мәдениетаралық коммуникация жағдайында
туындайтын мәселелерді шешу себептерінен пайда болды. Тілдерді мінсіз білу де, туындаған
мәселелерді шеше алған жоқ. Осыған байланысты тек тілдерді ғана емес, басқа халықтардың
мәдениеттерін,
олардың әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, мінез-құлық нормаларын зерттеу
қажеттілігі туралы түсінік қалыптасты [3, 310-б.].
Э. Холл мен Д. Трейгер «Culture as Communication/Мәдениет қарым-қатынас ретінде»
кітабында «мәдениетаралық коммуникация» терминін бірінші болып кеңінен қолдануды
ұсынды. Олардың
пікірінше, бұл адамдар арасындағы қатынастардың ерекше саласын
бейнелейді және олар бұл құбылысты тәуелсіз «сюжет» ретінде қарастырды. Авторлар
қарым-қатынасты әр адам қоршаған әлемге сәтті бейімделу үшін
ұмтылуы керек идеалды
мақсат ретінде ұсынды [4].
Жаңа бағыт көптеген ғылым салаларының және көптеген ғалымдарының
қызығушылығын тудырды. Олардың көпшілігі Холлдың идеялары мен көзқарастарын
дамытты, нәтижесінде мәдениетаралық коммуникация шеңберінде бірнеше бағыттар мен
әртүрлі көзқарастар пайда болды. Ғалымдар Г. Колс, В. Гудикунст пен Р. Хаммер, М. Пейдж
және Дж. Мартин, М. Хопс, М. Беннетт, тағы басқалар «мәдениетаралық коммуникация»
пәнін оқытуды бастады және осы пәнді оқытудың өзіндік тәжірибесімен бөлісіп,
мәдениетаралық оқытуды ұйымдастыратын модельдер ұсынды.
Олардың ішіндегі ең
танымалдары – М. Беннет және М. Хопс модельдері [3, 310-б.].
Мәдениетаралық коммуникация саласындағы жетекші сарапшылардың бірі
М. Беннеттің (2004) пікірінше, адамның мәдениетаралық сезімталдығын дамыту қажет.
Зерттеуші шетелдік мәдениетті дамыту моделін құрды, мұнда сенсорлық қабылдау мен
мәдени ерекшеліктерді түсіндіру – мәдениетаралық сезімталдыққа баса назар аударылды.
Мәдени айырмашылықтарды сезіну, Беннеттің пікірінше, бірнеше кезеңнен тұрады. Ол бұл
процесті этноцентризмнен этнорелятивизмге біртіндеп көшу процесі ретінде ұсынды.
Алғашқы үш кезең – теріске шығару (айырмашылық жоқ),
қорғаныс
(айырмашылықтан) және минимизация (айырмашылықты); олар этноцентристік болып
табылады, ал екінші үш кезең - қабылдау (жаңа қабылдау/көзқарас тәсілі), бейімделу (жаңа
әрекет тәсілі) және интеграция (болмыстың жаңа тәсілі); бұл этнорелативистік кезеңдер [5,
147-б.].
Вайсман/Wiseman
мәдениетаралық
коммуникативтік
құзыреттілік
әртүрлі
мәдениеттердегі адамдармен тиімді және орынды өзара әрекеттесу үшін қажетті білім, білік
және мотивтен тұрады деп болжайды. Бұл анықтамада мотивация мәдениетаралық
құзыреттіліктің кейбір басқа анықтамаларына енгізілмеген ерекше элемент болып табылады
және әрі қарай «мәдениетаралық коммуникацияға нақты қатысумен байланысты сезімдер,
ниеттер, қажеттіліктер мен талаптардың жиынтығы» ретінде анықталады [6, 4-б.].
Байрам (1997) мәдениетаралық коммуникация құзыретіне шетел тілдерін оқыту
тұрғысынан
келді.
Ол
құзыретті
мәдениетаралық
спикердің
лингвистикалық,
социолингвистикалық немесе әлеуметтік-мәдени білімге бай және өзіндік төл мәдениеті мен
басқа жүйелер арасындағы қатынастарды басқару қабілетіне ие екендігін алға тартты [7].