104
ISSN 1999-5911. Әл-Фараби | 4 (76) 2021 www.alfarabijournal.org
Тіл. Халықаралық қатынастар. Саяси үрдіс
қаласы компания, фирма, мекемелерінің анықтамалығы 2GIS [7]
интернет-ре-
сурсы пайдаланылды. Эргонимнің көпфункциялылығы атау берушінің күрделі
ойлау белсенділігінің жоғары екендігін көрсетеді. Атауларды құрылымы мен
тілдік мазмұнына қарай талдау арқылы қала тұрғындарының әлеуметтік, тілдік-
танымдық, психологиялық таңдау ерекшеліктерін де айқындауға, когнитивтік әрі
менталдылығының көрсеткішін де анықтауға болады. Зерттеу нысаны Алматы
қаласы болғандықтан, негізінен үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) атаулардың
тақырыптық репертуары әралуан екендігі анықталды. Зерттеуде тілдік деректерді
жинақтау, каталогтау, сипаттау тәсілдерімен қатар статистикалық, графикалық
әдіс-тәсілдер қолданылды. Бұл тәсіл эргонимдік нысан түрлерінің қолданыс
жиілігін айқындауға мүмкіндік береді..
Сондай ақ сипаттамалы, сөзжасамдық
тұрғыдан біршама талдау жасалды, эргонимдердің тілдік, типтік үлгі моделдері
айқындалды. Тілдік талдау, статистикалық тәсілдер
мегаполистің тілдік-
әлеуметтік хал-ахуалын айқындауда бірден-бір тиімді тәсіл екендігін дәйектейді.
Алматы қаласының эргонимдік қабаты
Ономастиканың урбанонимия, эргонимия салалары Ресей ғалымдары қолға
ертерек алып, Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосібір, Иркутск, Ма-
хачкала, Архангельск, Сургут т.б. сынды бірқатар ірі қалалардың эргонимдері
зерттелді. Бұл мәселе Қазақстанда 2000-шы жылдардың басында қолға алына
бастады, Солтүстік Қазақстан облысы эргонимдерін М.
Какимова, ал Алматы
тағамханаларының тарихы мен тілдік құрамын С. Иманбердиева [8, 85 б.] өз
диссертациялық зерттеулерінде қарастырған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар
тоқтап барып, соңғы жылдары қайта қолға алына бастады. Әсіресе, қазақстандық
тілші ғалымдар Ш. Жарқынбекова мен Г. Мадиева қала ономастикасын зерттеуді
қолға алып, шәкірттері жалғастыруда.
Жалпы эргонимдердің жасалу ерекшеліктеріне қарай кейбір мынадай бас-
ты функцияларын атап көрсетуге болады: 1. атауыштық қызметі; 2. ақпараттық
қызметі; 3. қызмет, тауар түріне қатысты; 4. қызмет ұсынушы субъектіні
көрсететін; 5. коммерциялық нысан иесі мен
оның туыстарының атымен ата-
латын; 6. жарнамалық-эмоционалды эргонимдер; 7. оң ассоциация тудыратын
экспрессивті атаулар т.б.
Сондай ақ коммерциялық атаулар номинациясына
қойылатын бірқатар
талаптардың болуы заңды: 1. ақпараттық жүктемесі болуы (мекеменің көрсететін
қызмет түрін баяндайтын); 2. эстетикалық тұрғыдан жағымды болуы; 3. есте
сақтауға жеңіл, тартымды болуы; 4. мәдени-ұлттық
әлеуеті жоғары болуы;
5. көптілді тұтынушы ортаның сұранысына жауап беретін, қызығушылығын
тудыра алатын болуы керек және 6. бейәдеп мазмұндағы, вульгаризм эргоним-
дер болмағаны жөн, мәселен,
СытоПьяно кафесінің атының прагматикасында
алкоголь
ішімдігін жарнамалап тұрғандай, ауызекі стильдегі семантикасында
антиқұндылықты дәріптейтін интенция байқалады.
Алматы қаласындағы эргонимдердің басым бөлігі латын графикасында әрі
ағылшын тілінде берілген. Мәселен, қала аумағында үлкенді-кішілі 250-ден
астам сауда орталықтары мен кешендері бар болса, олардың 36 пайызы қазақ
тіліндегі кирилл не латын графикасында
Alatau
, Bereket, Алтын Тараз, 33 пайызы