Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет27/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

8%
16%
55%
21%
Қазақшаңыз қалай?
Қазақша еркін сөйлей аласыз ба?
Жазылым барысында өз ойыңызды жеткізе 
аласыз ба?
Отандық фильмдерді тамашалайсыз ба?
Қазақша фильмдерді білесіз бе?
«Қазақша еркін сөйлей аласыз ба?» сауалына «Жоқ» деген жауап көрсеткіші
8%, «Отандық фильдерді тамашалайсыз ба?» деген сауалға «Жоқ» деген жауап
көрсеткіші 55% болды. Жауап нәтижелерінен басым көпшілігінің қазақ
фильмдерімен таныс еместігі, атауларын да білмейтіндігі анықталды. 
Сауалнама қорытындысы негізінде зерттеу жұмысымыздың тақырыбы
ретінде «Қазақ фильмдері арқылы орыс тілді оқушылардың айтылым дағдысын
қалай қалыптастыруға болады?» деген зерттеу сұрағы алынды. Зерттеудің
бастапқы кезеңдерінде «оқушыларға қазақ тілін қалай үйретеміз?», «сөздік қорын
қалай байытамыз?», «фильмдерге қалай қызықтырамыз?» деген сұрақтар
мазалады. Сондықтан төмендегі іс-әрекеттер жоспарланды:
– Оқушылардың қызығушылығын арттыратын отандық фильмдерді іріктеу;
– Ол фильмдердің мазмұнын ашатын аннотация жазу;
– Фильмнің қызықты фрагменттері арқылы сөздікпен жұмыстандыру;
– Кейіпкерлер әрекетіне талдау жасату;
– Дереккөздер жинақтау.
Видеоматериалдарды таңдау белгілі ұстаныммен жүргізілді. Сабақта
фильмді пайдалануда мынадай жағдайлар ескерілді: 
– тіл үйренушілердің қызығушылықтары;
– лингвоелтанымдық мәліметтердің құндылығы;


– материалдың заманауилығы мен көкейтестілігі;
– фильмнің елтанымдық және тәрбиелік маңыздылығы;
– оқушының көңіл-күйіне әсер ету деңгейі;
– бағдарламаға сай әдістемелік бірізділігі мен жүйелілігі.
Сабақта қолданылатын видео өнімдердің ішіндегі ең тиімдісі және
тартымдысы аутентті көркем фильмдер болып табылады. Мұнда оқушының
білімін тереңдету, оның елтанымдық білімі мен тілдік дағдыларын жетілдіруге
мән беріледі. Осы мақсатқа жауап беретін, тілдік талаптарға және қазіргі оқушы
жастардың сұранысы мен тілегіне сай келетін көркем фильмдерді таңдау
мұғалімнің оң нәтижеге жететін әдістемелік шешімі болып табылады. 
Көркем фильмді таңдағанда оның аутенттігі де ескерілді. Онда кино
кейіпкерлерінің сөйлеу тілі стандартты тіл болып, фильмнің тақырыбы
оқушыларға қызықты болды. Фильммен жұмыс барысында алдын-ала жаңа
сөздермен жұмыс жүргізілді. Бұл оқушылардың фильм мазмұнын түсінуіне
септігін тигізді. 
Сабақты жоспарлау барысында фильмнің ең қызық деген тұстары таңдалып
алынды. Сабақ мақсатына сай жаттығулар жүйесі бірнеше кезең бойынша жүзеге
асырылды. 
 Фильмді көрер алдындағы тапсырмалар:
– фильм тақырыбы бойынша алдын-ала түсіндіріп, мағлұмат беру;
– кезеңдердің маңыздылығын түсіндіру;
– жаңа сөздердің аудармасы мен мағынасын түсіндіру, мысалдар келтіру.
 Фильмді көріп отырған кезде орындалатын тапсырмалар:
– тілдік мәліметті іздестіру, фильмнен үзінді көрсетіп, керекті сөздер, сөз тіркесі
не фразалардың баламасын табу;
– сөйлемдегі бос орынды көріп отырған фильмнен алып жаңа сөздермен толтыру;
– етістіктерді дұрыс грамматикалық формасында беру;
– оқушының дұрыс сөйлеу қабілетін қалыптастыру үшін монологтық, диалогтық
сөйлеуге арналған фильмнен үзінділермен жұмыс жасау.

Фильмд
і көріп болғаннан кейін оқушының орындайтын тапсырмалары оқушының фильм-
нен туған танымдық ойын дамытуға, шығармашылықпен жұмыс істеуіне әсер
етеді. Бұл кезеңде мынадай тапсырмалар орындалды:
– жобалық жұмыс, оқушы көрген фильміне ұқсас бейнефильмдер даярлайды,
мысалы, қаланы аралау, концертке, театрға саяхат, өз үйі туралы әңгімелеу;
– фильм мазмұны бойынша жағдаяттық тапсырмаларға сахналық қойылым
қою;
– фильмнің кез келген фрагментін дыбыссыз көру арқылы кейіпкерлердің сөзіне
дубляж жасау;
– «Фанфикшен» әдісі негізінде шығармашылық жұмыс жүргізу.
Сонымен, сабақта аутентті фильмді пайдаланудың барлық іс-әрекеттерді
жүзеге асыруға септігі мол, қазақ тілін меңгертуде тиімді әдіс ретінде танылады.
Көркем фильмдерге қызықтыру, жаңа сөздерді үйрету мақсатында оқу
жоспарына сәйкес тақырыптар бойынша фильмдерге аннотация жазылды.
Мысалы, «Саяхат. Көрікті жерлер» тарауы: «Тағы бір күн» фильмі, «Спорт және
демалыс» тарауы: «Жол» фильмі, «Қазіргі заман құндылықтары: кім боламын?»


тарауы: «Балалық шағымның аспаны» фильмі, «Адамның сырт келбеті мен
мінезі» тарауы: «Менің атым – Қожа» фильмі, «Өнер және әдебиет» тарауы: «Ән-
аға» фильмі, т.б.
Оқушылардың фильм желісін қаншалықты түсінгендігі, жаңа сөздерді
қолданып, өз ойларын жеткізу қабілеті диктофонға жазу арқылы тексерілді. Әр
оқушы диктофон арқылы тамашалаған фильм туралы қысқаша түсінік беріп өтті.
Фильмдерден оқушының жас ерекшелігіне сай, тілі түсінікті, қызықтыра алатын
фрагменттер таңдап алынып, тапсырмалар берілді. Оқушыларды жалықтырудан
сақтану үшін ұсынылатын тапсырмалардың қызықты, өлшемді, сенімді болуы
көзделді. 
Фильмдерді көрсету арқылы оқушылар төмендегі нәтижелерге қол жеткізді:
- тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысты, сөздікпен жұмыс жасады,
өзара талқылады, түсінуге талпыныс жасады;
- фильмнің не мақсатпен түсірілгені туралы, әйгілі тұлғалардың өмірі мен ең
қызықты оқиғалары жайында білді;
- жаңа сөздерді жаттау арқылы сөздік қоры молайды;
- фильмдерді толық қарап шығу туралы шешім қабылдады.
Зерттеу жұмысы 2022-2023 оқу жылының қазан-мамыр айлары аралығында
жүргізіліп, оқушылардан жақсы нәтиже, алға жылжу байқалды, сыныптың
жылдық білім сапасы 85%-ға жетті. Соның дәлелі ретінде айтылым дағдысының
дұрыс қалыптасқанын анықтау мақсатында берілген тапсырмалардың
қорытындысы, диктофонға жазылған жауаптарын алуға болады.
Осыған дейінгі зерттеулерде айтылым дағдысы кітап оқу, дәптерге тапсырма
орындау арқылы жүзеге асса, енді оқушылардың тілдік дағдысын дамытуда
фильмдерді көрсету, өз ойларын диктофон арқылы жеткізу әдісінің тиімділігі
анықталды. Сабақ барысында қойылған сұрақтарға жауап беруге қиналған
оқушылардың сыныптан тыс жерде оңаша отырып, өз ойын диктофон арқылы
білдіруі бізді қуантты. 
Әр сабақта көрсетілген фильмдердің нәтижесінде олардың бойында
адамгершілік, Отансүйгіштік, сыйластық, адалдық, өнерге деген сүйіспеншілік,
т.б. қасиеттердің қалыптасқаны байқалды. 
Түпқараған ауданы,
Ақшұқыр мектеп-лицейінің


математика пәні мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет