Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет29/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Сабанбаева Жанар Мухаметбайқызы
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН САБАҚ: ЖОСПАРЛАУ МЕН САРАЛАУ
ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ
Қазіргі таңда оқушы нақты білімді тиісті деңгейде қолдана алмаса, ақпарат
қажеттілігін жойып, бірте-бірте ұмытылуы мүмкін. Қазіргі жаңа технологияның
орнын кейін басқа да тәсілдер алмастыруы мүмкін. Оқыту жүйесіндегі басты
бағыт - жеке тұлғалық қасиетке бағытталған білім беру жүйесі. Сондықтан оқыту
процесі мазмұнды және іс-әрекетке бағытталуы тиіс, оған қоса қолжетімді және
қызықты болуы шарт. 
Мектепте гуманитарлық пәндерде әртүрлі қабілетпен, дайындық деңгейімен
келіп отырған оқушыларға сабақ бере отырып, «өз шәкірттеріме не үйретемін?»
сұрағын жиі қоямыз. Өз алдымызға келген оқушыларға жаңа ақпаратты меңгертіп
қана қоймай, оған қоса сол ақпаратты басқа, тиімді жолмен ұсына отырып,
өмірмен байланыстыруға да болады. Әрбір оқушыға кез-келген ақпараттарды
тиімді түсіндіруге болады. 
Баяндама мақсаты: мектеп мұғалімдері оқыту мен оқудағы жаңа
тәсілдерді өз тәжірибесіне ықпалдастыру арқылы өзгеріс енгізу барысында
нәтижелерге қол жеткізу
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар сабақта қолданған тиімді әдістер арқылы білімдерін өздігінен
қолдана алады
Оқушы зейінін табудың ең тиімді жолы – бұл дәстүрлі әдіс-тәсілдермен
қатар, жаңа тиімді әдістерді кең қолдану.
Әр
баланың
ерекшелігін
ескере
отыра,
оның
қажеттілігін
қанағаттандыратындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқыту қажет. Осындай
қажеттілікті өтеуде саралап оқыту әдісі өте тиімді.
Саралап
оқытудың
мақсаты:
Әртүрлі
оқушының
бейімділіктерін
айқындауға, қабілетін дамытуға қолайлы жағдайлар жасау.
Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық оқушыларға
әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және
мұғалімнен әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық
деңгейі бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді.
Осыған орай саралап оқытудың тереңдетілген ұстанымы бойынша сабақты


қалай жоспарлауға болады, оқытудың қандай стратегияларын қолданған жөн,
қалыптастырушы бағалауды қалай тиімді жүзеге асыруға болады деген сұрақтар
туындады. Саралау тапсырмалары міндетті үш деңгей және шығармашылық
деңгейден тұрады. Тапсырмаларды деңгейлеп алудағы мақсат – білім
алушылардың барлығын жұмыла жұмыс жасайтындай жағдайға жеткізу. 
Бірінші деңгейдегі тапсырманы сынып жаппай орындайды, бұл
тапсырманы орындауға барлық оқушы міндетті. Бірінші деңгейлік тапсырма
оқушының есінде қалуға ыңғайлы, өмірмен байланысты болуы керек.
Екінші деңгейдің тапсырмалары күрделене түседі. Мазмұны өткен
тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен
жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар дайындалады.
Үшінші деңгейдегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушы өзі тұжырым
жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады.
Оқушының өзі қосымша материалдарды пайдаланып, деректермен жұмыс
жасайды. Берілген мәтіндерге сұрақ ойлап жазады. Өзіне керек материалдарды
іздеп, тауып оқиды.
Төртінші деңгейлік тапсырма дарынды, қабілеті жоғары балаға арналады,
тақырып беріп, ізденуге өзі мақсат қояды. Мұғалімнің көмегінсіз барлығын
өзі орындай біледі.
Егер
оқушылар
І
деңгейдегі
міндетті
тапсырманы
орындап,
қалған деңгейлердің 
тапсырмаларын
орындау қиын болып жатса, үйде орындауға беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет