Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет26/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Әдістері: сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, салыстырмалы талдау жасау. 
Қазіргі таңда шетел тілдерін оқыту әдістемесінің жетілдірілуге тиісті
теориялық және тәжірибелік мәселелерінің қатарында коммуникативтік
құзыреттілік және оған қол жеткізу тәсілдері үнемі көкейтестілігін жоймайтын
мәселе болып отыр. Бұл құзыреттілік тілдік, сөйлеу, әлеуметтік-мәдени және оқу-
танымдық сияқты ішкі біртұтас құрылымдық бірліктерінен тұрады. Сондықтан да
мұғалім алдында шетел тілі сабағында әртүрлі әдіс-тәсілдерді (рөлдік ойындар,
пікірталас сайысы, жобалап оқыту, фильм) қолдана отырып, шетел тілінде сөйлеу-
ге үйрету міндеті тұр. Бұл аталған істе нәтижелерге қол жеткізуде сабақта
видеофильмдерді көрсету өз нәтижесін берері анық.
Көп тәжірибелерден оқып, талдағаннан байқағанымыз, фильмдерді сабақта
пайдалану оқушылардың ойлау қабілеттерін ғана дамытып қоймайды, сонымен
қатар, мұғалімге оқытудың бірнеше мақсатын іске асыруға көмектеседі.
Оқушылар шетелдің өмірі, салты, дәстүрі туралы мағлұмат алады және осы
арқылы олардың сол елдің тілін түсініп, үйренуге деген талпыныс құштарлықтары
арта түседі. Видеофильмдер, киноүзінділер, киноклиптер оқу үдерісін жетілдіріп,
оған барынша коммуникативті бағыт береді. Олар сабақта қосымша тілдік орта
құрып, тілдік сөйлеу жағдаяттарын дыбыстық және көру арқылы іске асыратын
көрнекілігі жоғары материалдар болып табылады. 
Оқу жылының басында тілдік пәндер бойынша жүргізілген мониторинг
нәтижесінде қазақ тілін екінші тіл ретінде оқитын 7 «Е» сыныбының білім сапасы
– 57% болды. Сабақ барысында да төмендегідей кедергілер кездесті:
- оқушылардың айтылым дағдысының өте төменгі деңгейде болуы
- ұлты қазақ бола тұра, өз ойларын жеткізуде қиналуы;
- диалог барысында қарапайым сөздермен ғана сөйлеуі;
- кейбір оқушылардың ойларын жеткізуде қиналғандықтан, орысша сөздерді
көбірек қолдануы;


- орыс тілінде оқытылатын сыныптың көптеген сөздерді түсіне алмауы;
- оқушылардың фильмнің идеясын толық түсінбеуі.
Аталған кедергілерді жою үшін, оқушылардың мемлекеттік тілге деген
құрметін арттыру үшін ортақ мәселені анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Сауалнамаға қатысушы респондент саны: 25 оқушы. 
Сауалнама нәтижесін сараптай келе, 7 «Е» сынып оқушыларының жауабы
төмендегідей болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет