Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет34/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

1.Нормативтік құжаттарды зерделеу. Бірінші кезеңде «Қазақ тілі» пәнінің
жаңартылған оқу бағдарламасын, ұзақ мерзімді жоспарын қайтадан зерделедім.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу жоспарындағы: «Мәнмәтінде грамматиканы оқыту
нәтижесінде оқушылар тілдік бірліктердің мәтін құраудағы қызметін танып,
коммуникативтік әрекетте орынды қолданады» 
деген тұжырымды
педагогикалық идеямның қазығы етіп алдым [2,3]. Демек, грамматикалық
тақырыптарды жалаң үйретумен шектелмей, оқушы дыбыс, сөз, сөз тіркесі,
сөйлем, грамматикалық амал-тәсілдердің мәтін құраудағы қызметін түсінгенде
ғана оларды сәтті қолданады, жадында сақтайды. 
Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында
грамматикалық тақырыптар «Әдеби тіл нормалары» бөлімінің төмендегідей
бөлімшелерінде қамтылған:
1) орфографиялық норма;
2) орфоэпиялық норма;
3) лексикалық норма;
4) грамматикалық норма;
5) пунктуациялық норма. Мысалы: 8.4.4.3 сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен
айқындауыш мүшелерді қолдана білу оқу мақсатын түсіндірейік. Мұндағы «8» ‒
сынып, «4» ‒ әдеби тіл нормалары бөлімі, «4» ‒ грамматикалық норма, «3» ‒ оқу
мақсатының реттілігі. 
2.Грамматикалық тақырыптарға алдын ала шолу жасау. Екінші кезеңде оқу
тоқсаны басында «Әдеби тіл нормалары» бөлімінде белгіленген оқу мақсаттарын
алдын ала зерделеп, нені оқытатыныма мән бердім. Мысалы: 8-сыныптың «Қазақ
тілі» пәнінің ұзақ мерзімді жоспарындағы әдеби тіл нормалары бойынша базалық
білім мазмұнына назар аударайық [3].
Сынып
8
Пән
Қазақ тілі
Бөлім
Әдеби тіл нормалары
Орфографиялық
норма
Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды
орфографиялық нормаға сай жазу.
Орфоэпиялық норма Әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне
сай қолдану.


Лексикалық норма
Сөздік қор мен сөздік құрам.
Грамматикалық
норма
Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері мен түрлері,
есімді және етістікті сөз тіркестері, тұрлаулы және
тұрлаусыз сөйлем мүшелері, сөйлемнің бірыңғай
мүшелері мен айқындауыш мүшелері, жай сөйлем,
жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі.
Пунктуациялық
норма
Қабаттаса қойылатын тыныс белгілері.
Аталған базалық білім мазмұны «Қазақ тілі» пәнінен 8-сыныптың оқу
жоспарының 9 бөлімінде бірізділікпен қамтылған. Оқу жоспары оқыту дизайнын
құруға оң ықпал етті. Элен Битэм мен Рона Шарптың «Педагогиканы цифрлық
дәуірде қайта зерделеу. ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны» оқулығына сүйенсек,
оқыту дизайны – оқу әрекеттерінің құрылымы [4, 82]. Оқыту процесін дизайндау –
оқу қызметінің реттілігін құрылымдау болып табылады. Мысалы: 8-сыныптың
«Қазақ тілі» пәнінен ІІІ оқу тоқсанында «Қоршаған орта және энергия
ресурстары. Синтаксис» деп аталатын 6-бөлімінде «Әдеби тіл нормалары» бөлімі
бойынша 1 оқу мақсаты берілген. Ол – сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен
айқындауыш мүшелерді қолдана білу. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарда 6-
бөлімге 
6 сағат берілгендіктен, сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен айқындауыш мүшелерін
жеке-жеке теориялық, практикалық тұрғыда тізбектелген сабақтар топтамасында
меңгертудің тиімді екеніне тәжірибеде көзім жетті. Ол үшін оқу мақсатында
меңгерілетін грамматикалық тақырыптың астын сызып көрсетемін. Сөзіміз
дәлелді болу үшін кестеге назар аударайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет