Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет33/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Тірек сөздер: грамматикалық тақырып, мәнмәтін, стратегиялық жоспарлау,
әдіс-тәсілдер.
Педагогикалық идеяның өзектілігі«Қазақ тілі» сабағында тілдің құрылымдық
жүйесін қатысымдық тұрғыда қалай оқытып жүрміз? Оқушыларымыз «Әдеби
тіл нормалары» бөлімі бойынша оқу мақсаттарына қаншалықты қол жеткізеді?
Бұл – қазіргі таңда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін толғандыратын ең
өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе мені де оқыту үдерісінде үздіксіз ізденіске
жетеледі. Осы орайда белгілі әдіскер ғалым Ж.Дәулетбекованың: «Мектепте әдеби
тіл нормаларын меңгерту – тілдік сауаттылықты қалыптастырудың басты шарты»
деген пікірі мұғалімге артылар жауапкершіліктің салмағы ауыр екенін білдіреді.
[1].
Мен педагогикалық қызметімде үнемі ізденісте жүретін, оқыту мен оқуда
туындаған мәселелердің себебіне үңіліп, шешімін табуға ұмтылатын педагогпін.
Маған әр оқушымның сабақта оқу мақсаттарына қол жеткізгені, өз ойын ауызша,
жазбаша еркін, жүйелі, сауатты жеткізе білгені маңызды! 
Жаңартылған оқу бағдарламасы енген алғашқы сәтте тәжірибемде тыңдалым,
оқылым, жазылымға арналған оқу мақсаттары мен әдеби тіл нормаларының оқу
мақсаттарын үйлестіруде сәтсіздіктер орын алды. Бұны оқушыларымның мәтін
талдауынан, тілдік бірліктерді орынды қолдануды жете түсінбеуінен,
тапсырмаларды орындауда емлелік, пунктуациялық, стилистикалық қателер
жіберетінінен, оқу мақсатына жетудегі кедергілерден байқадым. Тіпті
оқушыларымның жазу каллиграфиясына мән бермеуі мені қатты толғандырды!
Грамматикалық тақырыптар бойынша тілдік бірліктердің мәнін түсініп, ауызша,
жазбаша сөйлеуде орынды қолдануға үйрету, сауаттылық деңгейін көтеру туралы
педагогикалық идея осылай туындаған еді. 
Педагогикалық идеямның мақсаты 
оқушыларға грамматикалық
тақырыптарды мәнмәтінде меңгертудің тиімді тәжірибесін қалыптастырып, тілдік
бірліктерді коммуникативтік әрекетте орынды қолдануға дағдыландыру.
Мақсатымды жүзеге асыру үшін негізгі міндеттерді айқындадым.
- грамматикалық тақырыптарды мәнмәтінде оқытудың стратегиялық
жоспарын құру;
- сабақта грамматикалық тақырыптарды меңгертуде қолданылған әдіс-
тәсілдердің тиімділігін анықтау;
- тілдік бірліктерді мәнмәтінде қолданудың практикалық қажеттілігін
ұғындыру;


- оқушылардың білім деңгейін арттыру;
- педагогикалық тәжірибенің нәтижелерін талдап, тиімділікті айқындау.
Сонымен пәнді оқытудағы өзекті идеяны жүзеге асыру үшін стратегиялық
жоспар жасадым:
1.Нормативтік құжаттарды зерделеу.
2.Грамматикалық тақырыптарға алдын ала шолу жасау.
3.Сабақты жоспарлау.
4.Оқу мақсатына жетуге оңтайлы әдістерді таңдау.
5.Тапсырмаларды дескрипторлармен ұсынып, кері байланыс жүргізу.
6.Сабақ соңындағы рефлексия.
7.Тиімділікті анықтау.
Стратегиялық жоспарлау педагогикалық идеямның өзегін құрап, озық
тәжірибемді қалыптастыруымның кілті болды! 
Ендеше стратегиялық жоспарымды тарқатып айтайын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет