Сабақ жоспарының шаблоны: Сабақтың қысқа мерзімді жоспарының ішінде осы сабақ мақсаттарын
ашатын тапсырмалар берілуі керек. Бұл саралау сабақтың мақсатынан басталып
тұр. Материалды игеру деңгейін, оны оқу жылдамдығын және бақылау тәсілдерін
таңдауға оқушыларға ерік бере отырып, нәтижеге жете аламыз. Оқушыларды
өзгермелі өмірге дайындаудан күтілетін нәтиже үдерісін оқу бағдарламасы
шеңберінде шектеліп қалмауға мүмкіндік беретін жаңа дайындық түрі қажет. Пән
мұғалімі әртүрлі оқушылар үшін тиімді оқу тәжірибесін ұсынып, әр баланы жеке
тұлға есебіне де, ұжым мүшесі ретінде де табысқа жетуіне, өз білімі мен
дағдыларын дамытуды жалғастыруына көмектесу үшін жұмыс жүргізе алуы
қажет. Тарих сабғын оқытуда деңгейлі саралаудың негізгі мақсаттары қайталау
деңгейіндегі тапсырмалар білім берудің міндетті деңгейінен тұрады. Бұл жерде ең
бастысы анықтаушы ретінде міндетті дайындық деңгейін атауға болады.
Оқушыларға мұндай тапсырмаларды орындау үшін дайын алгогритм беріледі,
олар алгоритмге сүйене отырып, тапсырманы біртіндеп орындайды. Осы жерде
тиімді оқыту және оқудың сегіз тәсілінің модельдеуін көруге болады. Модельдеу
барысында іске асып жатқан ойлау үдерістерін түсіндіре отырып мысал ұсыну
барысында оқушыларды бір мезгілде пән мазмұны туралы ойлануға және
сарапшы ретінде әрекет етуге жетелейді. Оқушылардың өз бетінше жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріп, тапсырманы кезеңдерге бөледі, рефлексия жасауға
ынталандырады.
Орта деңгейдегі тапсырмалар жаңа материалды жалпылау қажет,
қорытындылар жасауға, жаңадан туындаған жағдайларда тапсырмалар жаңа
материалды жалпылауды қажет етеді, жаңадан туындаған жағдайларда өз білімін
қолдана білуге итермелейді.
Жоғары деңгей, шығармашылық элементтерден құралған тапсырмаларды
орындаудан тұрады. Блум таксономиясының талдау, жинақтау, бағалау сатылары
кіреді. жауап бере отырып өзіне деген сенімділігі арта түседі. Бірақ оқушы
сұрақтың, тапсырманың сол деңгейінде қалып қалмай алға ілгерілеуі керек.
Қабілеттері ұқсас оқушыларды топқа біріктіріп, оларға өз қажеттілігіне қарай
тобын ауыстыруға мүмкіндік беру де нәтижеге жетелейді. Саралау тәсілдеріне
тапсырма, дереккөз, баланың қабілеті мен қарқыны жатады.Кейбір оқушылар
басқа достарына қарағанда жылдам жұмыс жасайды.Қосымша тапсырмаларды
көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі
тапсырмаларды түсіндіргенде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт
беріледі.