Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже


Педагогикалық идея бойынша өткізілген шеберлік сыныптар



Pdf көрінісі
бет38/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Педагогикалық идея бойынша өткізілген шеберлік сыныптар
Педагогикалық идеям оң нәтижесін бере бастаған соң тәжірибемді бөлісуді
жоспарладым. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне және Қызылорда
қаласындағы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары
колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының, Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика
кафедрасының, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университетінің академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен


әдебиеті кафедрасының 4-курс студенттеріне шеберлік сыныптар өткіздік.
Профессор-оқытушылардың, әріптестердің, студенттердің шынайы жылы
лебізінен бағытымның дұрыс екеніне тағы бір көзім жетті!
Сөзіміз дәлелді болу үшін, грамматикалық тақырыптарды меңгертуде
оқушыларымның сабақта оқу мақсатына жетуіне оң ықпал еткен сабақ
үлгілерімен таныстырайын.
Тізбектелген сабақтар топтамасында грамматикалық тақырыпты меңгертудің 1-
кезеңі:
Сабақ тақырыбы: Отан! Табиғат! Жер-ана!
Оқу мақсаттары: 8.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік)
талдай отырып, негізгі ойды анықтау; 
8.4.4.3 - сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер және айқындауыш мүшелерді қолдана
білу.
Тыңдалымалды тапсырмада «Кластер» әдісімен Отан, табиғат, жер сөздерінің
мағынасын ашады. 
Тыңдалым тапсырмасында мәтінді мұқият тыңдап, «Түртіп алу» әдісімен
қажетті ақпаратты жазып алады. 
Бұдан кейін екінші оқу мақсатындағы сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы жаңа
білім, дағды қалыптастыру жұмыстарын жүргіземін. Менің педагогикалық
идеямның практикалық қажеттілігі осы тұста көрінеді. Тілші-ғалым, әдіскер
Ф.Оразбаеваның: «Тілдік қатынас негіздері» еңбегінде: «Сөйлей білу үшін
сөйлемді айта білу керек; сөйлемді айту үшін оның құрамындағы сөздерді дұрыс
құрастыра, қиюластыра білу керек; сөздерді дұрыс құрастыру үшін, оның
заңдылығын білу керек» деген пікірінен тілдік бірліктерді қатысымдық тұрғыда
қолдануда теориялық білімнің қажеттігін ұғамыз [6, 14].
Ол үшін іс-әрекетке бағдарланған тәсіл бойынша «Сөзтізбек» әдісімен берілген
сөздерді қатыстырып, бірде суреттер бойынша сөйлем құрауды ұсынамын.
Мысалы: Табиғи ресурстарға күн, ауа, жел, су, пайдалы қазбалар жатады.
Содан соң сөйлем мүшесіне талдатамын. Эвристикалық ізденіс әдісімен
оқушыларға мәселелік сұрақтар қойылады:
1.Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарып
тұрған бірдей тұлғада сөздерді табыңдар. 
2.Анықтаған сөздерің қандай сұраққа жауап, қай сөйлем мүшесінің қызметін
атқарып тұр? Жауап: Сұрағы: Не? 
3.Бірыңғай мүшелер бір-бірімен қалай байланысып тұр? 
4.Ендеше сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы қандай тұжырым жасауға болады?
Міне, осындай сұрақтар қою арқылы оқушылардың өздеріне сөйлемнің бірыңғай
мүшелері туралы тұжырым жасатамын. Осы орайда әдіскер ғалым
А.Байтұрсынұлының әр ережені оқытқаннан кейін, балалар әбден түсіну үшін
сөйлем сөздерді, мақалдарды үлгіге алып, олардың ішінен қағида я ережеге
келетін жерлерін балаларға таптыртып, басқалардан айырып үйрету нәтижелі


болатыны туралы пікірі сөзімізді, тәжірибеміздің ғылыми негізін білдіреді [7,
143]. 
Оқушылар бірыңғай мүшелер туралы ізденіс нәтижесінде түсінік
қалыптастырғаннан кейін, «Анықтама бұрышы» әдісімен сөйлемнің бірыңғай
мүшелері (бірыңғай бастауыштар, бірыңғай баяндауыштар, бірыңғай
анықтауыштар, бірыңғай толықтауыштар, бірыңғай пысықтауыштар),
олардың тыныс белгілері туралы ережені интербелсенді тақтамен түсіндіремін.
Алған білімді бекіту үшін «қарапайымнан күрделіге» ұстанымымен жұптық
формада тапсырма беріледі: Тірек сөздерді қатыстырып, бірыңғай мүшелерді
қолданып, сөйлем құраңдар. Тірек сөздер: орман, табиғат, су.
Мұнда оқушылар дайын ақпаратты алмай, грамматикалық тақырып туралы өздері
ізденіп меңгеруге дербестік алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет