жазу арқылы сізде зерттеу мақаласын жинақтайсыз. Қорытындыда сіздің осы
зерттеуіңіз оқушыларға не берді? Әріптестеріңізге қалай әсер етті, нені өзгертті?
Осы әрекет барысында қандай тәжірибе алдыңыз? Болашаққа нені жоспалар едіңіз?
Осы сұрақтарға жауап жазу арқылы сіз зерттеу тақырыбыңызды толық қамтыған
рефлексия жазып зерттеу мақалаңыз дайын болады.
Есіңізде болсын, зерттеу
мақалада кездескен кедергілер мен оны жеңу жолдарына да ашып тоқталып кетіңіз,
қателік пен кедергісіз зерттеу болмайды. Қателесу сіздің кәсіби дамуыңызға басқа ой
салуы да ықтимал.
Қазіргі таңда оқу сапасын арттыруда кез келген мұғалім уақытын тиімді
пайдаланып, туындаған проблеманы шешудің оңтайлы жолы – іс-әрекетті зерттеуі
керек. Іс-әрекетті зерттеу мұғалімнің кәсіби дамуын дамытып, зерттеу мәдениетін
қалыптастырады. Үнемі зерттеу жүргізу мұғалімді шын зерттеушіге, бақылаушыға,
сарапшыға бейімдейді. Сыни дос болу да тәжірибе алмасып,
кәсіби өсуге
бағыттайды. Іс-әрекетті зерттеу арқылы жазылған зерттеу мақалаңызды сіз
облыстық қана емес, республикалық, халықаралық
деңгейдегі конференцияларда,
семинарларда бөлісіп, тәжірибе аламаса аласыз. Ал іс-әрекетті зерттеу оқу сапасын
арттырып, мұғалімді қолжетімді нәтижеде сабақ процесін басқара алуына үйрететін
бірден бір амал әрекет.
Маңғыстау кәсіби даму
институтының аға оқытушысы
Достарыңызбен бөлісу: