●
Креативтілік – адамзат өмірінің барлық салаларының: ғылым,
технология, философия, өнер, гуманитарлық ғылымдардың даму негізі.
●
Жаңа білім мен жаңашыл
технологияларды ұсыну арқылы
инновациялық идеялардың туындауына ықпал етеді.
Қазіргі уақытта көптеген елдерде мектеп оқушыларының шығармашылық
қабілеттерін дамыту мәселесіне көңіл бөлінуде. Оқушылар мектеп
бағдарламаларының материалын меңгеріп қана қоймай, оны шығармашылықпен
қолдана білуі керек.
Сондықтан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі
өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Баланың қоғамға тиімді араласуын қамтамасыз
ететін заманауи білім
берудің негізгі мақсаттарының бірі – шығармашылық әрекетке деген көзқарасын
қалыптастыру. Тиісінше, білім мен дағды оқытудың түпкі мақсаты емес,
шығармашылық
әрекеттің құралы, өрісі болып табылады.
Қазіргі таңда оқыту тәсілін түрлендіріп отыратын ұстаздарға оқушылар
жағымды көзқарас танытады.
Әдетте оқушылар жаңа материалды жаңа тәсілмен түсіндіретін күтпеген
тосын шығармашылық тапсырмалар ұсынатын,
қызықты мәліметтер келтіріп,
сабақты жақсы түсіндіре алатын ұстаздарды бағалайды.
Сол себепті Креативті ұстаз болуды күнделікті іске, мақсатқа
айналдыруымыз керек.
Креативтілік күнделікті біз атқаратын жұмыстарда көрініс табады
Сіздер
оны байқасаңыздар, күнделікті сабақ жоспарлаудан бастап, әрбір
тәсілдер оқушыларды қолдау, бағалау, кейбір оқушыларға саралау
жұмыстарын
жүргізу- мұның барлығы мұғалімнің креативті ойларының әрекеттерінің
арқасында жүзеге асырылып отырады.
Сабақта шығармашылық ойлауды дамытуға арналған тапсырмалар түрлері:
Тапсырмалары дайындау үшін үлгі ретінде келесі сілтемені
http://skiv.instrao.ru/bank-zadaniy/
қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: