2010 жылғы жұртшылықтың STEM-ге
көзқарасын зерттеу STEM-мен
байланысты саладағы мамандардың көпшілігі «STEM» аббревиатурасын
түсінбейтіндігін анықтады. Респонденттердің көпшілігі бұл аббревиатураны
бағаналы жасушаларды немесе өсімдіктерді зерттеумен байланыстырады екен
(Keefe 2010). Бұл Білім беру қауымдастығының тағы
бір жаңа терминді әлемдік
қауымдастыққа жалпы мағынасынан бөлек негізгі дәл мағынасын түсіндірмей
жатып қабылдап жібергенін көрсетті. Осының салдарынан көптеген адамдар
«STEM» терминіне тап болған кезде, оны ескірген мағынасы бойынша түсінеді.
Осылайша, «STEM» көбінесе ғылым немесе математика ретінде қабылданады да,
технология мен инженерия қалыс қалып қояды. Егер біз STEM білімінің отандық
білімге оң әсерін тигізгенін қаласақ, онда осы аталған мәселені шешуіміз қажет.
«STEM» білім беру саласындағы
ең жаңа терминдердің біріне
айналғандықтан, кейбір сыншылар бұл танымал терминнің көпмағыналылығын,
соның салдарынан түсініксіздігін тілдеріне тиек етеді (мысалы, Angier 2010). Натали
Энджердің (Natalie Angier) редакциялық мақаласында осы терминге қатысты
бірқатар мәселелер қозғалғанымен, мен «STEM»
терминінің мағынасы мен
анықтамасын, сондай-ақ мақсаттарын әбден анықтап алғанға дейін, әлдеқашан
«станциядан» өтіп кеткен «STEM пойызын» әуелгі станциясына қайтарып алып,
тоқтатып қоюымыз керек деп есептеймін. Себебі
мағынасы анықталғанға дейін
STEM саясатын қолдану бойынша нұсқауларды әзірлеудің еш мәні жоқ, яғни
алдымен терминнің мағынасын толық біліп алуымыз қажет. Осы еңбегімізді
ұсынудағы мақсатымыз да – орындалатын жұмыстар контексінде адамдарға STEM
білімінің мағынасын түсінуге көмектесу және терминді түсіну арқылы олардың
білім беру жүйесіндегі конструктивті инновацияларға өтуіне ықпал ету.
Мәселелер.
Ұлттық Ғылым қоры алғаш енгізгелі бері «STEM» термині интегративті ұғым
емес, көпсалалы термин ретінде қолданылып келеді.
STEM жалпы саясатты, ең
алдымен ұлттық және мемлекеттік деңгейде сипаттайды. Өзекті әлеуметтік және
жаһандық мәселелер аясында осы уақытқа дейін не нақты түпкілікті білім беру
мақсаты, не мектеп бағдарламаларына тигізген салдары жүйелі түрде дамымай
келеді.
Кейбір тармақтары түсінікті
болғанымен, кең таралған STEM білімінің
анықтамалары іс жүзінде әлі түпкілікті келісілмеген, сонымен қатар
аббревиатураның
мағынасы да келісілмеген, тек бірнеше пәндерге байланысты
түсініксіз сілтемелер ғана берілген. Дегенмен, мағынасы түсініксіз болса да, ұлттық
саясат пен мемлекеттік саясат үшін «STEM» аббревиатурасы үлкен саяси маңызға
ие. Керісінше оқу практикасына мектеп бағдарламалары мен ұсынымдар әзірлеуде
оның маңыздылығы төмен болып тұр. Бағалай білсек, STEM - бұл білім беру
жүйесін қазіргі заманауи білім беру стандарттарымен және білім беру саласындағы
маңызды реформа бағыттарымен қамтамасыз
етуге көмектесетін маңызды
инновацияларды енгізудің негізгі элементі.
Дегенмен, көріп отырғандарыңыздай, STEM білімінде бірнеше маңызды
мәселелер бар. Аббревиатураны қолдану және онымен байланысты түсініксіз
жайттар саясаткерлер мен кейбір оқытушылар үшін бірлескен жұмыс алаңы болды.
STEM білім беру принциптерінің тиімділігі оларды ұлттық деңгейде қолданудан
алыстап, тек жергілікті білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданған кезде
айтарлықтай төмендейтінін түсінгеніміз жөн.
Достарыңызбен бөлісу: