Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже


-қадам. Зерттеу тақырыбын анықтау. Зерттеу сұрағын қою



Pdf көрінісі
бет45/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

2-қадам. Зерттеу тақырыбын анықтау. Зерттеу сұрағын қою. Жоғарыдағы
мәселелеріңізге қарап, тақырып анықтап, жүйелейсіз. Сіз күтілетін нәтижеңізді
ойлап, оның мақсатын анықтап алыңыз, сол арқылы зерттеу тақырыбыңызды
құрасыз. Күтілетін нәтиже-?..соңында қандай нәтиже көргім келеді? Зерттеу
мақсатым қандай? Нені түзегім, нені өзгерткім келеді? Осы сұрақтарға жауап
жазыңыз. Одан соң сізде зерттеу тақырыбыңыз шығады. Енді зерттеу тақырыбыңыз
«Неліктен? Не? Неге?» деген сұрақтар төңірегінде болмауы керектігіне мән беріңіз.
Онда зерттеуіңізде шектеу болуы әбден мүмкін, ал зерттеу шексіз ойдан дамиды.
Зерттеу тақырыптар әдетте « Қалай? Қандай? Қаншалықты?» деген сұраулы
сөйлемдерге құрылса, әрекетіңіздің сәтті шығатынын ескерерсіз. Сондықтан зерттеу
тақырыбыңызды тағы да бір қарап, нақтылаңыз. Зерттеу сұрағы дегеніміз сол
тақырыбыңызды ары қарай дамытатын негізгі ойды қозғаушы, әрекетке итермелеуші
сауал. Зерттеу сұрағы «иә» , «жоқ» деген жауап болмауына мән беріңіз. Ол
маңызды. Зерттеу сұрағы сіздің зерттеу жасайтын алғашқы жоспарыңыз. Егер
қандайда бір сұрағыңызға «жоқ», «иә» деген жауап болатын болса, онда ол сұрақты
қайта құрастыруыңыз қажет.
3- қадам. Бақылау жүргізу. Рефлексия жазу. Әрекеттердің іске асуын қадағалау.
Сабақты әріптестеріңізбен бірге құрған дұрыс. Сабақ жоспарлауда нені ескеру
керектігіңізді бірге анықтаңыз. Сабақты бақылауға арнайы кесте уақытымен қойып
белгілеп алыңыз. Міндетті түрде сабақты бақылауды уақытында талдап, түртіп
отырасыз. Ол сіздің зерттеуіңіздің негізгі бір бөлігі. Зерттеу әдісіңізді таңдап алып,
оны сабаққа қалай еңгізуді ойланыңыз. Ол үшін сізге келесі сұрақтарға жауап беру
керек болады: Зерттеу әдісіңіз сізге проблеманы шешуге қаншалықты әсер етті?
Таңдаған әдісіңіздің сіздің мақсатыңызға жетуге ықпалы қандай болды? Тиімді,


тиімсіз тұсын ашып жазып отырыңыз. Сабақты талқылап, келесі сабақты сыни
досыңызбен бірге қайта жоспарлайсыз. Енді осы тұста сіз алғашқы сабақтардағы
қателіктер мен жетістіктерді де саралайсыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет