Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет44/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Айтан Айгүл Лесқызы
МҰҒАЛІМНІҢ ІС-ӘРЕКЕТТІ ЗЕРТТЕУДЕ ЕСКЕРЕТІН НЕГІЗГІ
ҚАҒИДАЛАРЫ ҚАНДАЙ?
Жалпы мұғалімнің үздіксіз оқып, зерттеп, зерделеп отыруы оқу мен оқытудағы
мәселелерді шешудің алғашқы сатысы десек те болады. Қазіргі таңда оқу
үдерісіндегі өзекті әрекет- мұғалімнің өзін өзі бақылауы, өзіне өзі кері байланыс
жасауы, өзгенің сыни көзқарасы, оқушымен ашық кері байланыс. Сондықтан
мұғалім мәселені шешуді білім сапасын арттырудан бастайтыны Һәм іс -әрекетіне
зерттеу жасайтыны анық. Ол арқылы мұғалімнің зерттеу мәдениеті, саралау санасы,
анализ жасау қабілеті, қайта түзетуге деген тәжірибесі арта түсіп, күтілетін нәтижеге
қарай мақсатына оңай жетеді. Яғни іс-әрекетті зерттеуде нақты мақсат болса, оң
нәтиже бар деген сөз. 
Кез келген мұғалімнің ой түбінде түртсең, жауап іздеп шығатын оқу мен
оқытудағы проблемасы бар. Ойындағы сол сұрақты өз әріптестері мен өз
бірлестігінде, бір сыныпқа сабақ берер пән мұғалімдері арасында, оқу ісі
меңгерушісі мен мектеп әдіскері арасында диалогқа түсіп күніге талдап, ауызша
форматта талқылап жүр. Ал сол проблеманы шешудің жолын арнайы мақсат қойып,
жоспарын жасап, өткен сабағының жақсы жаман тұсына, оның себеп салдарына
талдау жасап түртіп алып жүр ме? Ол жағына әрине мән бермейміз. Өз ісімізді ,өз
еңбегімізді өзіміз бағаламаймыз. Мүмкін араларымызда іс-әрекетті зерттеуді қалай
жасап, оны қалай зерттеу мақаласына айналдырып жазатынымызды білмей жүрген
жас буын әріптестеріміз де бар шығар. Мен соларға арнап өз тәжірибемдегі іс-
әрекетті зерттеудегі негізгі қағидаларды ескеруде 5 қадамды ұсынамын. 
Іс -әрекетті зерттеудің негізгі қағидалары қандай? Төмендегідей 5 қадамын білсеңіз.
1-қадам. Проблеманы анықтау. Сенің сабағыңда қандай проблема бар? Сені үнемі
қандай проблема мазалап жүр? Сен нені жақсартқың келеді? деген сұрақтарға жауап
іздейсіз. Жауапты түртіп алатын «мұғалімнің қойын дәптеріне» жазасыз. Бұл
сұрақтарға да жауап таппасаңыз, сізге «сабақты бақылауды» ұсынамын. Бір сабақ
өтіңіз де, бейнежазбаға түсіріп, кейін өзіңіз қарап шығыңыз. Не ұнады? Не ұнамады?
Неге ұнамады? Мақсатқа жүз пайыз жетіп, ҚМЖ құрғандағы жоспар орындалды ма?
Орындаллса, қандай дәрежеде орындалды, орындалмаса, қате қай жерден кетті,
көңілім тола ма? Сабақтағы сәтсіз тұстар неліктен орын алып тұр? Соған мән
беріңіз. Сабақты бақылау арқылы өз сабағыңыздағы кемшіліктер мен әлі де


толықтыру, дамыту керек дағдыларды анықтау тиімді. Ал оған да шамаңыз жетпесе,
сабағыңызға сыни дос тауып, келісіп, кейін бірге командалық талдаңыз. Ол сыни дос
сізге тәлімгер ретінде қарауы керек. Яғни оның кәсіби тәжірибесі бар болғаны жөн.
Осындай әрекеттермен сіз әйтеуір бір проблемаңызды анықтайтыныңызға сенемін.
Проблеманы анықтаудың тағы бір әрекеті- сауалнама алу мен сұқбат жүргізу.
Зерттеу әрекеттеріне сол маселе төңірегінде талқылау үшін сұқбат жүргізу жатады.
Оқушымен оңаша сұқбаттасуға болады. Сабақта қандай қиындықтар кездеседі? Нені
орындау саған қиын? Нені қайта орындағанда түзетер едің? Неге? Сабақта ерекше
ұнаған ақпарат немесе қай тапсырма? Сұқбатыңызды аудиожазбаға жазып, не түртіп
алсаңыз, кейін сізге зерттеу жазуда үлкен көмек болатынын ескеріңіз. Тағы бір есте
ұстау керек нәрсе, ол сіздің сұқбат сұрақтарыңыздың дұрыс бағытталуы. Яғни
сұрағыңызда өзіңіз қалаған жауапқа бағыттамаңыз, ол үлкен қате. Сіз барынша
обьективті болыңыз, сұқбат берушінің сіздің ойыңызбен келісуіне итермелемеңіз. Ал
сұқбат сұрағы да 5-тен аспағаны жөн. Сұрағыңызды әріптестеріңізбен, сыни дос
пікірінен сүзгіден бір өткізіңіз, талдаған сұрақ жақсы нәтижет берері һақ. 
Сауалнама алу. Негізі сіз байқаған мәселені анықтау үшін, алдын ала оқушылардан
сауалнама алып, мәселені анықтауға болады. Сауалнама нәтижесін сіз диаграммаған
кестеге айналдырып қойыңыз, зерттеу соңында бастапқы сауалнама мен соңғы
сауалнама нәтижесін салыстырып дәлел беруге ыңғайлы. Сандық мәлімет те сіздің
зерттеуіңіздің шынайылығының дәлелі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет