Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже


байлансын!» деп отырады екен баяғыда үлкендер. Мұның мәнісі түсінікті ғой



Pdf көрінісі
бет56/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

байлансын!» деп отырады екен баяғыда үлкендер. Мұның мәнісі түсінікті ғой.
Әр перзент өзінің туған жерін, өлкесін біліп өссін, қадірлесін, қастерлесін деген
сөз бұл. Қазіргі тілмен айтқанда, балаға, жастарға патриоттық тәрбие беру
дегеніміз де — осы. Балалық шағында көргендері адамның жадында ұзақ сақталады
екен,
жыл санап мектеп туризмін дамыту заманның көкейтесті мәселесі болып келеді.
Туристік-өлкетану жұмыстары оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбектер жасауға,
табиғатты сүюге, жергілікті жердің табиғатын қорғауға тәрбиелейді, денсаулығын
шынықтыруға көмектеседі.
Мектепте ұйымдастырылатын туристік-өлкетану жұмыстары түрлі пәндер
бойынша экспедицияға қатысып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен де шұғылдануға
үйретеді. Туристік-өлкетану жұмыстарына балалардың ерте кезден араласуы
олардың ой-өрісін дамытады, қоғамға қажетті білімге құштарлық, байқағыштық,
тапқырлық, ізденімпаздық қасиетке өз бетімен шығармашылық іске ұмтылуына,
болашақ мамандық таңдауына да игі әсер етері сөзсіз. Жаңашыл маман қазіргі
ақпарат ағымының көшінде үнемі өзі ізденіп, кәсіби және рухани өсу үстінде болуы
қажет. Қазіргі таңдағы бірнеше саяхаттарымды атап көрсетемін.
Атап айтсақ мектебіміздің «Сейсмо-8» жас геолог командасы Сайөтес→
Үстірттің батыс кемері→ Тұзбайыр→Үстірттің батыс кемері → Өрмелі → Сайөтес
бағытындағы жартылай жаяу және автомобилді туристік- геологиялық жорыққа
шықты. Геологиялық жорық Сайөтес ауылынан оңтүстік-батысқа Сынды құлау
жолы арқылы басталды. Үстірттің батыс кемерінен тау жыныстарының үлгісін
алды. Үстірттің ернектерін алғаш көрген оқушылар еріксіз таңғала қарап, тамсанып
қарады. Өйткені, табиғаттың қолмен жасап қойғандай керемет көріністері әрбір
адамға ерекше әсер, ғажап сезім сыйлап тұрды. Туристік жорық барысында балалар
геологиялық кесік, полентологиялық, минералогия және петрографиялық бағыттағы
кіріспе жұмыстарды байқап көрді. Үстірттің батыс кемеріне туристік дағды
бойынша- техника қауіпсіздігі негіздерін сақтап , құз жартаспен көтерілді. Одан әрі
жорық жылжи отырып Тұзбайырға барды. Тұзбайыр – туристердің де, ғалымдардың
да қызығушылығын туғызатын аймақ. Алғаш барған балалар таңғажайып мекеннің
көзді тамсандырар табиғатын көріп қызықты. Үлкен аумақты алып жатқан сорға
қараудың өзі бір ғанибет. Ортада теп-тегіс болып жылтырап жатқан тұз – тұз емес,
коньки тебетін мұз сияқты. Ал, әк тастан тұратын шатқалдар алыстан қарағанда
алып қамалдарды еске салады. Балалар бақылау, барлау жұмыстарын жүргізіп
ізденгенде балықтардың сүйектерін (кейін анықтатқанда акулалардың тісін) тапты.
Тапқан заттарының тану мүмкіндігіне ие болды. Бұл жер, расында, ежелде жойылып
кеткен балықтар мен жәндіктердің қалдығына бай. Оның себебі, осыдан 14-10 млн.
жыл бұрын, яғни неоген дәуірінде, бұл жер "Сармат теңізі" деген қазіргі Венадан
Тянь-Шаньға дейін созылған үлкен теңіздің түбі болған.. Әсіресе, балалар бір
орында тұрмай "Тағы бірнәрсе тауып алармын. Тағы бір нәрсе көріп қалармын"
деген оймен, жотадан-жотаға шығып, айналадағы тіршілік иесінің назарын өздеріне
аудартып,
мәз-мейрамболды.


Оқушылар туған жері туралы көптеген мәліметтер алып, күнделік жүргізді.
Күнделікке жорық барысында байқағандарын белгіледі. Қарапайым тәжірибе жасап,
коллекция жинақтап, ауа-райын мен айды бақылап және болжам жасап, арқандар
арқылы жоғары шығуды, шатыр құруды, алау жағуды үйреніп, табиғаттан асқан
суретші жоқ екенін түсінді.
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.
Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. "Егер
жер шарының геологиялық тарихын білгіңіз келсе, Маңғыстауды барып көруіңіз
керек" деп айтқан Н.Андрусов 
«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт
пен сезім ұялайтыны анық. Себебі, адам өзінің туған жерінің перзенті, сол даланың,
сол жердің, сол мекеннің бір бөлшегі.
Осы үйірме жұмыстарының басты мақсаты: оқушыларды өздігінен білім алуға
ынталандыру, ізденіске баулу болып табылады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде
оқушылардың
білім
мен
біліктері
артады.
Үйірме жұмыстарын ұйымдастыруда балаға сырттай нұсқау беру емес, оның
қызығушылығын іштен оятатындай жүйелі әдіс-тәсілдер қолдану керектігін
түсіндім. Осы үйірме жұмыстары арқылы оқушы мен мұғалім ғылымға келіп түседі.
Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра
отырып, зерттеу талабын қалыптастыру керек. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге,
оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ең алдымен оқушыны өздігінен
шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету қажет.
Оқушыға ойда-жоқта келіп «сен мына ғылыми жұмыспен айналыс» десек,
оқушының оған деген қызығушылығы да, талпынысы да төмен немесе мүлдем жоқ
болады. Баланың қызығушылығы үйірме жұмыстары арқылы келеді. Сондықтан да
тақырыпты өздері таңдауға жұмылдыру қажет. Тақырыпты таңдағанда «Мені не
қызықтырады?»- деген сұраққа жауап беру керек. Тек мұғалім оқушыға жоба жаза
алатынын және жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп,
оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса сонда бала зерттеу жұмысын
жазуға талпынады.
оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуы, болашақта өз ойын барлық жерде
еркін айтып, жаңа жетістіктерден көрінетін оқушыларға айналары сөзсіз. 
Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың
жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің
қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды
ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосайық!
Жұмысты жүрекпен жасасаңыз жүрекке жетеді. Осы үйірмемнің оқушыларым
мектеп бітіріп жоғары оқу орнына түскен соң да ғылыммен айналысуда.
Заманымыздың заңғар жазушысы Ә.Кекілбаев арманға толы құштарлық
сезіммен:«Зер сала қараған сайын қара жердің жұмбағы көбейе түседі. Сол
жұмбақты шешуге бола ма екен сірә?» деп айтқан екен. Сол жұмбақты шешуге
балаларымызбен үлес қоса берейік. Туған жердің жұмбағын шешуде
оқушыларыммен бірге саяхаттай беремін. 


Қостанай облысы, «Қарасу ауданы білім
бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы мемлекеттік
тілде оқытатын ЖББМ» директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет