«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет121/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1 Белкина В.Л. Ерте және мектепке дейінгі балалық шақ психологиясы. – М.: 
Академиялық жоба: Гаудеамус, 2005 ж. 
2 Венгер Л.А., Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық 
тәрбиесі // Мектепке дейінгі тәрбие, 2004, No13. - Б.424. 
3 Венгер Л.А. Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық тәрбиесіне 
арналған дидактикалық ойындар мен жаттығулар.- М .: Білім, 2008. 
4 Веракса Н.Е. Туғаннан мектепке дейін. Мектепке дейінгі білім берудің 
негізгі жалпы білім беру бағдарламасы / Веракса Н.Е., Комарова Т.С., Васильева 
М.А. - М.: Мозаика-Синтез, 2011 ж. 
5 Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық тәрбиесіне арналған 
дидактикалық ойындар мен жаттығулар / Ред. Л.А.Венгер. - М .: Білім, 2008. - 
С. 315. 
ӘОЖ 821.512.122.09:37.09 
ЖОО-ДА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
Орманбек Э. 
Ғылыми жетекші: Картаева А.М.
Аманжолов универсиеті, Өскемен қ., Қазақстан 
e-mail: kartaeva2011@mail.ru 
«Абай жолы» роман-эпопеясы, қазақ халқының ең құнды, салт-санасы мен, 
әдет-ғұрпынан сыр шертетін бірден-бір үлкен томды шығармалар желісі. Мұхтар 
Әуезовтің, қазақ халқының Абайды танитын, Абайдың көзін көрген, тума-туыс
жақын-жаран, тіпті Абай Құнанбайұлының ізі тиген әрбір бөлшектерінен тірнектеп 
жиған мәліметтерінен жасалған құнды еңбек... 
«Абай жолы» роман-эпопеясын оқыған әр адам, күллі қазақ шежіресін жатқа 
білген адаммен тең. Тамыры сонау, Абайдың туғаннан бастап, дүние салғанға 
дейінгі жылдарындай терең. Үлкен көлемді аталмыш шығарманы оқығанда, бір 
қайырғанда басқаша түсінік, екі қайырып оқығанда тіптен басқа кітап оқығандай, 
ал, жалпы романды қайта-қайтара үш-төрт мәрте оқыған адамдар ғана өте жақсы 
түсінеді, - деген түсінік қалыптасқан. Өйткені, шығарманың тілі өте күрделі, ондағы 
кейіпкерлер саны толассыз, есте сақтау қиынның-қиыны. Одан бөлек әр сөзі таза 
көркемдік стильмен жазылған. Осы тұста Мұхтар Омарханұлының қазақ тіл 
білімінің нағыз майталманы болғанын аса қатты бағалап кетуге болады. 
Мектеп қабырғасында жүргенде, мұғалім және кітап тарапынан роман туралы 
қысқаша ғана мәлімет келтіріледі, жәнеде жазылу мақсаты мен ондағы мазмұн ғана 


363 
түсінік береді. Ал, романды толықтай бастан-аяқ түсіндіріп, талдап, гипотеза 
жасайтын нағыз кезең ол - жоғары оқу орнында. Студенттерге жалпы романды 
оқытуда, талдатуда, түсінік беруде, мұғалімдердің терең білімі мен түсіндіру 
қабілеті аса маңызды. Әр балада роман туралы түрлі түсінік қалыптасады, бірі 
шынымен ақиқатын айтса, енді бірі ауыздан-ауызға таралған кем-тұс мазмұнды 
біліп, мен романды толық білемінге салады. Сондай, сан түрлі түсінікті, шынайы 
бір жүйеге келтіртіп, дұрысын ұғындыра білу тағы да мұғалімге артылған жүк... 
«Абай жолы» роман эпопеясын оқытудың педагогикалық-психологиялық 
негіздері сол үшін де қажет. Мұғалім күллі төрт томдық романды бір сабақта, 
немесе бір аптада үйрете алмайды. Тілі күрделі, томы үлкен, кейіпкері көп, бөлім 
мен тармақтарға бөлінген, әр бөлімі талдау мен саралауды қажет ететін шығарма 
болғандықтан, педагогтер түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, романды 
оқытудың тиімді стратегияларын ұсынады [1, 200 б.]. 
"Абай жолы" орасан зор шығармасын оқытуды М.Әуезовтің тұсаукесері, 
ғылымға енген қызықты ізденісі деп айтуға болады. Ең алдымен, мұғалім оны 
игерудің қарапайым, оңтайлы тәсілдерін анықтап, "Абай жолын" тереңдетіп 
зерделеудің негізгі қағидатына айналдырады. Мәселен, әр кітаптың әр тарауында 
жасалған дидактикалық материалдар өте тиімді салынған. Мысалы: ең алдымен 
кітап бөлімдерін, түрлі қазіргі тілмен айтқанда, оңтайлы әдістермен меңгерткен 
тиімді. Бірінші кітап не туралы? осы сұраққа толық, сүбелі жауап алып, бұл 
бөлімдегі психологиялық-педагогкалық оқыту негіздерін айқындап алу қажет. Одан 
кейінгі қадам, тараулар мен бөлімдер атауларын оңай есте сақтауға бағытталуы 
қажет. Бұл көмек-нұсқаулар студенттерді көлемді еңбекке батырмайды, бірақ ең 
негізгі мәселелерді шешуге серпін береді, олардың алдындағы мәселелерді шешуді 
жеңілдетеді. Студенттер, шығарманы талдау кезінде проблемалық мәселелерді, 
көмекке келетін дидактикалық материалдарды топтастыру және жалпылау, 
суреттердің негізінде жатқан жазушының проблемасын ашу мақсатында өте тиімді 
қолданады. Романды жалпы меңгертуде басты кейіпкерлер образдарын ашып-
оқыту да аса қажет. Абай, Құнанбай образдыры, Зере, Ұлжан, Айкерім образдарын 
тәлім алушыға, психологиялық тұрғыда, әсерлі жеткізе білсе, әрмен қарай өзге 
кейіпкерлерді де студент өзі дұрыс кейіптей алады.Онымен қоса романды оқытуда; 
реплика-диалог, сұхбат, монологиялық баяндама, жазбаша жұмыс түрлері, әртүрлі 
салыстырмалы жұмыстар, мәтінмен жұмыс жасаудың әртүрлілігі, әдеби 
пікірталастар мен пікірлерді қорғау мұғалімнің терең білімі мен ізашарлық 
ізденістерін көрсетеді. Мұғалім білім беру мазмұнына байланысты беруге ерекше 
көңіл бөледі.
Образдар жүйесі бойынша сұрыпталған «Абай жолы» роман-эпопеясын 
оқытуда мұғалім бүкіл шығарманың кейіпкерлерін топтарға бөліп талдауға мысал 
келтіреді. Оқытудың тиімді жағы ретінде жұптық жұмысты ұсынады. "Абай жолы" 
роман-эпопеясын зерттей отырып, біз «627» ірі және ұсақ кейіпкерлерді 
кездестіреміз. Бұл кейіпкерлердің барлығын жеке-жеке оқу, суреттеу, және талдау 
мүмкін емес. Сондықтан, біз көп кейіпкерлерді топтастырып, әр топқа жеке атау 
бере аламыз. Мысалы, біз эпостағы әйелдің бейнесін бірнеше топқа бөлеміз: 
- "Оқушым, қоңыр Қозы, Абай жаным" - ана бейнесі; 
- "Көзімнің қарасы" - Әйгерім, Тоғжан, яғни Абайдың ғашықтары; 


364 
- "Күннің аты" - Айғыз, Күңкелер т.б. 
- "Ержүрек ерлер" - Салтанат, Нұрғаным, Еркежандар; 
- "Сенсіз менің өмірім жоқ" - Мәкен, Мағрипалар, әйелдер галереясын 
ыңғайлы деп атауға болады. Романға, сурет жүйесін талдауға үйрету кезінде біз бұл 
әдісті студенттер үшін қолданамыз. Бұл классификация романдағы бейнелерді 
талдау кезінде жүйелілік пен нақтылықпен дараланады. Бұл тұрғыда бұл әдіс үлкен 
ғылыми мәнге ие [2, 20 б.]. 
Эпосты оқытудың келесі әдісі - проблемалық оқыту. Оқытушыға 
проблемалық сұрақ қою арқылы оқушылардың ойлау тәсілі әр оқушыға үлгі 
болады. Әр жасөспірімге өз көзқарасын нығайту және жеке тұлғаны 
қалыптастыруда өз пікірін жетілдіру өте пайдалы болатыны сөзсіз. Мұнда мен 
"Абай жолы" эпопеясын тиімді оқыту үшін мәтінмен жұмыс, диалогтік әңгіме, 
әдеби пікірталас сияқты әдістерді қолдану маңызды. Жазушының шеберлігіне, 
оның көркем тіліне, тақырыбы мен идеясына, сюжеті мен композициясына, 
портреттері мен кейіпкерлеріне әдеби-теориялық талдау жүргізеді [3, 12 б.]. Білім 
алушылар мәтіннің мазмұнын білдіріп қана қоймай, әдеби-теориялық ұғымдар 
туралы жан-жақты білім алады деп болжайды. 
Қорыта келгенде, жоғарғы оқу орындарында «Абай жолы» романын 
педагогикалық-психологиялық тұрғыда қарастыру, мұғалім тарапынан ең алдымен 
студенттердің романға деген қызығушылығын арттыруы тиіс, кейіннен, ол 
шығарманы дұрыс түсініп, жақсы меңгерту арқылы, жас тәлімгердің бойына барша 
адами, рухани құндылықты дарыта алуы қажет. Сонда ғана, шығарманың оқытылу 
және қабылдану деңгейі дұрыс қалыптасады. Мұғалім - бағыт-бағдар беруші, ал 
студент спикер бола отырып, романды толық мазмұнда алып шықса, бұл тақырып 
ойдағыдай меңгертілді, - деген сөз. 
Осылайша, мұғалімнің әдебиетті оқыту философиясы ойлау мәселелерінен 
тұрады. Әр сабақ - бұл мұғалімнің ойлау, білім алушыға ой жүгірту әдістемесінің 
жоғары жемісі. Ол әдебиетті ғылымның, өнердің пәні ретінде қарастырады. 
Байырғы әдістеме бойынша әдебиеттерді зерттеуге жаңа бетбұрыс әкелді және 
инновациялық технологиялар арқылы оқыту мәселесін қазіргі педагогика 
ғылымының күн тәртібіне қойды. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мүлдем жаңа 
бағытқа бұрылды деп айтуға болады. «Абай жолы» - қазақ халқының да жүріп өткен 
кішігірім тарихи жолы, оны сапалы меңгерту, саналы қабылдау, психологиялық-
педагогиалық негіздерге жүктеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет