«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет130/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Джаксалыкова А.К., Дархан Д., Сакуанов Д.М. «Мамандырылған 
робототехника кабинеттеріне талдау жасау» // «ГЛОБАЛЬНАЯ НАУКА И 


385 
ИННОВАЦИЯ 2022: ЦЕНТРАЛЬНАЯ АЗИЯ». ISSN 2664-2271. № 2(16). АПРЕЛЬ 
2022. С. 3-6. 
2. Жантасова Ж.З., Садакбаева А.К. «Современное состояние и роль 
робототехники в совершенствовании образовательных технологий». // Материалы 
международной научной конференции «Актуальные проблемы прикладной 
информатики в образовании, экономике, государственном и муниципальном 
управлении». – Барнаул: изд.-во Алтайского гос. университета. 2017. – С. 135-142. 
3. Жантасова Ж.З., Кадырова А.С., Садакбаева А.К., Икенова А.Е. «LEGO 
Mindstorms EV3 үлгі негізінде роботтарды құрастыру және бағдарламалық басқару» 
(оқу құралы). Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2016. – 
211 б. 
4. Жантасова Ж.З., Садакбаева А.К. «Имитация работы робота-погрузчика на 
базе конструктора LEGO Mindstorms EV3» // Материали за 11-а международна 
научна конференция, «Ключови въпроси в съвременната наука». г. София «Бял 
ГРАД-БГ». 2015. 
5. Жантасова Ж.З., Садакбаева А.К. «Проблемы и перспективы исследований 
в области образовательной робототехники в Казахстане» // Материалы 
Международной научно-практической конференции «Современная система 
образования: проблемы и перспективы». г.Усть-Каменогорск. 2015. 
ӘОЖ:8/1751 
 ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУДА МҰҒАЛІМНІҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Токтажанова А.К. 
Ғылыми жетекші: Келгембаева Б.Б., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Аманжолов университеті, Өскемен қ., Қазақстан 
e-mail: toktazhanova75@mail.ru 
 
Бүгiнгi тaңдa Қaзaқcтaн Pеcпубликacындaғы бiлiм беpу жүйеciнiң 
жaңғыpтылуындa жac ұpпaқтың рухани адамгершілік құндылығын қaлыптacтыpу 
өзектi мәcелеге aйнaлып oтыp. Тaбaлдыpығын ендi aттaғaлы oтыpғaн жac ұpпaққa 
тәлiм-тәpбие мен бiлiм беpудi жетiлдipудiң бacым бaғыттapын aйқындaп, 
педaгoгикa ғылымындa ұлттық caнaны Ғасыр қaлыптacтыpу қaжеттiлiгi туындaудa.
Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті 
өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу 
қабілеттілігі. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі 
оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге 
асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек 
«құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын педагогикалық тәрбиеге енгізу білім 
берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап 
етеді.Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға білімгердің хабардарлығын емес, нақты 
құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен 
технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби 


386 
білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; 
өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға 
байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар 
мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Б.Тұрғанбаева: «Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік 
жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы 
екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады» деп жазады . 
К.Құдайбергенова: Тұлға құзырлылығын қалы птастыру жолдары: 
білім беру жүйесіндегі жүйеге кіретін бала жүйеден шыққанда түлек болады; 
тұлғаның ұжымға енуі арқылы әлеуметік-психологиялық сипаты көрінеді,- деп 
тұжырымдайды. 
Алғaшқы тәpбиенiң негiзгi тұғыpын рухани caнa, рухани cезiм, рухани 
мәдениеттi ұpпaқ бoйынa ciңipуден бacтaп, тoлық дaмығaн тұлғaны 
қaлыптacтыpудa aлдымен өз мәдениетiмiздi, өз тapихымызды бoйымыздa 
қaлыптacтыpып, coдaн кейiн өзге дүниенi игеpуге ұмтылғaнымыз жөн деп бiлемiз. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім жүйесінің ең маңызды 
міндеттерінің бірі – «Жеке тұлғаны ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардың, 
ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде қалыптастыру, дамыту және кәсіби 
тұрғыдан жетілдіру» болып табылатындығы көрсетілген.
Демек, болашақты жасайтын жастардың тұлға болып қалыптасуы ұстаздар 
қолында. Ал, ұстаздардың кәсіби шыңдалуы университет қабырғасынан бастау 
алады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды өскелең ұрпақтың ақыл-парасатына азық 
ете білу үшін әрбір педагог халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан 
салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты жан-жақты тереңірек зерттеп, тебірене іс-қимыл 
жасауға құлшынып тұруы керек.
Сонымен қатар олар өркениетті өмірмен байланыстырып, тәлім-тәрбиеге 
пайдалана білуге халық алдында борышты. Жаңғыру жағдайында жаһандық 
әлеммен қабысатын жат әдеттерден өскелең ұрпақты аулақ сақтауды, қоршаған 
ортаның соққысына төтеп бере алатын тұлғаны тәрбиелеу мақсатында жүйелі түрде 
жұмыс істеп, нақты нәтижеге қол жеткізуге талпынуы шарт.
Шығармашылық, шығармашылық жұмыс төңірегінде талқылаулар мен 
зерттеу еңбектері аз емес. Оның тамыры сонау ежелгі заманнан бері келе жатыр. 
Түрлі ғылыми еңбектер мен зерттеулерді салыстыра келе шығармашылықтың өте 
күрделі психологиялық үрдіс екенін айта аламыз. Бұл үрдіс тек адамға ғана тән. 
Бүгінгі білім беру жүйесіндегі басты қағида – жан-жақты, білімді, ар-ожданы берік, 
адамгершілігі жоғары, кемел адам қалыптастыру. 
Ұлттық тәрбиеден нәр алған адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпы 
адамзаттық тұрғыда мәдени және рухани құндылықтарды бойына сіңіреді. Сөйтіп, 
толық әрі кемел адам дәрежесіне тезірек жетеді. Ұлттық менталитет – тұнып тұрған 
рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-
сенімі болсын – мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани 
дүниелер.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан 
қазақтың көптеген зиялы оқымыстылары ұлттық қасиеттерімізді ұрпақ бойында 
шығармалары арқылы жеткізуге тырысты. Соның бірі Абай Құнанбаев – кемеңгер 


387 
ойшыл, халқымыздың ұлы ақыны, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және 
әдеби тілінің негізін салушы.
Абай өлеңдері мен қара сөздеріндегі педагогикалық, терең психологиялық 
ой-пікірлері адамдардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіруді көздейді. Ерінбей 
оқып көруге, жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды. Aбайда aдам 
жарaтылысының жaн сыры турaлы жүйeлі де, жeмісті тaным бaр. Ол өзінe дeйінгі 
Әл-Фaраби, Жүсіп Бaласағұн, Мaхмұт Қaшқари, Қ. Яссaуи және Ж. Рyмидің кeмел 
aдам жaйлы oй-пікірлерін әділeт пен aқылдың сын тaразысына сaлып, тұжырымдaр 
жaсады . 
Осы тұрғыда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің ұстаздары үлкен рөлге ие 
болмақ. Олардың мойынына өзгелерден артық жүк артылады. Заман ағымына ілесе 
отырып, білімі мен білігін озық түрде пайдалана алса – сол ғанибет. Ал, ол үшін сол 
мамандарды даярлау кезінде шығармашылық қабілеттерін арттыруға баса назар 
аудару қажет.
Студенттердің шығармашылық ой-өрісін қалыптастыру – оқытудың ең 
маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Өз бетінше шығармашылық ойлауға 
қабілетті маман даярлау – қазіргі жоғары оқу орындарының басты міндеті. 
Шығармашылық ойлау деңгейі шыңдалған маман ғана үздіксіз білімін жетілдіріп, 
әдет-дағдыларын сүзгілеп, жаңа технологияларды тез игеруге және өздігінен 
зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілетті болады.
Ойлау – адам алдында кезігетін мәселелер мен тапсырмаларды шешуге 
бағытталған таным. Оқу үдерісінде студенттердің алдына күрмеуі қиын, жаңаша 
ізденісті талап ететін, жауабын табуға ынтық қылатын тапсырмаларды бере отырып 
ойлауды белсенді түрде дамытып, жаңа білімді тез игеруіне қол жеткізуге болады. 
Сонда ғана студенттер жан-жақты ізденіп, кәсібилігін арттыра алады.
Философиялық сөздікте шығармашылық сөзінің түпкі мағынасы ойлап табу, 
қайталанбайтын, тарихи мәні бар, жаңалық ашу дегенді білдіреді екен. Сол себепті 
шығармашылықты жаңа дүниені ойлап табу, ешкімді қайталамау, сол арқылы өсу 
деп пайымдаған жөн. Өмір талабына, өзгермелі еңбек шартына тез бейімделгісі 
келетін, өзін-өзі басқарып, өзін-өзі тәрбиелеуге қауқарлы болуды көздейтін әрбір 
ұстаз шығармашылықпен тұрақты әрі саналы түрде айналысуы керек.
Қазіргі білім берудің негізгі мәселелерінің бірі – білім алушылардың 
шығармашылық рефлексиясының төмендігі. Көбіне студенттер белгілі бір ережеге 
сүйене отырып жасалатын тапсырмаларды, стандартты шешу алгоритмі бар 
жаттығуларды жетік орындайды.
Ал, өз ойын қосу арқылы яки нақты шешімі жоқ тапсырмаларға келгенде 
мүлде қабілетсіз боп шығады. Осы тұста ақпараттық және коммуникациялық 
технологиялардың көмегі орасан зор. Өйткені, белгілі бір материалды жаңа 
қырынан пайымдауға, жаңа бағытта қарастыруға барлық мүмкіндік жасалған.
Студенттердің қызығушылығы шығармашылық жұмыс барысында оянады. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының білім алуышылары үшін болашақта 
өткізетін сабақтарына өзгеше жоспар құру, видеороликтер жасау, ойындар ойлап 
табу – тәжірибе мен қосымша білім жинақтауға мүмкіндік береді. Іздену – тек 
дәрісханада ғана емес, қашықтықтан оқыту сәттерінде, өзіндік жұмыс кезінде 
қажетті кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыруда аса маңызды.


388 
Шығармашылық ойлауды дамыту өз алдына мақсат емес, кәсіби 
құзыреттіліктерді қалыптастырудың құралы ғана. Жоғарыда атап өткендей, ойдың 
даму процесі тек жаңа кедергілерді еңсергенде, жаңа тапсырмаларды шешу кезінде 
ғана жүзеге асады. Студенттерге стандарттан тыс идеяларды қажет ететін, қазақ тілі 
мен әдебиеті пәні бойынша бағдарланған проблемаларды шешуге, сол төңіректегі 
мәселелерді талқылауға тарту керек. 
Белгілі орыс психологы А. В. Брушлинскийдің еңбектерінде шығармашылық 
ойлау үрдісін объективті жаңалықты ашу мен жасау ретінде емес, субъективті 
жаңалықты меңгеру деп тану идеясы қозғалады [4]. Бұл идеяның жалғасын А. М. 
Матюшкин мен М. И. Махмудовтардың еңбегінен аңғаруға болады. Олар 
шығармашылық ойлауды дамыту оқытудың негізгі идеясы екенін алға тартады. А. 
М. Матюшкин өзінің соңғы жазбаларында шығармашылық әрекет арқылы адам 
өзін-өзі өзгертіп, өзінің ішкі мүмкіндіктерін аша алатынын айтады.
Оқу процсінде интерактивті ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, 
мультимедиялық презентациялар арқылы күрделі проблемалық дәрістер өткізу 
керек. Ірі өндірістік компаниялар мен мемлекеттік органдардан мамандарды тарта 
отырып, 
түрлі 
дөңгелек 
үстелдер 
ұйымдастыру 
(телеконференциялар, 
бейнеконференциялар), іскерлік және рөлдік ойындар, «миға шабуыл» және басқа 
да элементтерді қоса отырып дәрістер жүргізу үлкен нәтижеге әкелері сөзсіз.
Бұл тұста Интернеттің рөлі мен көмегі көп. Оның коммуникациялық және 
ізденімпаздық әлеуетін пайдалану студенттер мен мұғалімдерге қазақ тілі мен 
әдебиеті пәнінен ғана емес, басқа да түрлі ақпараттық қажеттіліктер тұрғыснан 
соңғы жаңалықтармен және әзірлемелермен ықпалдасуға мүмкіндік ашады.
Шығармашылық қабілеті басым ұстаз жаңашыл, ізденімпаз болады. 
Сәйкесінше болашақ шәкірттеріне талапшыл келеді. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті 
пәнінен сабақ беретін ұстаздарды даярлау кезінде осы бір қасиеттердің оянуына 
септік ете отырып, тұтас ұлттың оянуына, көкірек көздерінің кең ашылуына 
мүмкіндік жасаймыз. Шығармашыл мұғалім – мақсаттарын жүзеге асыру 
барысында өз жолын өзі ашып, кедергілерден сүрінбей өтеді, үздіксіз алға қарай 
жылжиды. 
Бүгінгі таңда оқыту процесін жоспарлаудың, қолданудың, бағалаудың жүйелі 
әдісі, жаңа педагогикалық технологиялары көбеюде. Осындай алуан түрлі 
жаңартылған технологиялар ішінен өз қажетін таңдап алу – әр ұстаз үшін жауапты 
да, шығармашылық іскерлікті қажет ететін іс екенін университет қабырғасынан-ақ 
ұғындыра білген дұрыс.
Шығыс ғұламаларының даналық өсиеттерінде мынандай сөз бар екен: 
«Ештeңе білмeйтін, бірaқ, eштеңе білмeйтінін түсінбегeн aдам – aқымақ. Oны 
aйналып өт. Ештеңe білмeйтін, бірaқ, өзінің білмeйтінін түсінгeн aдам – шәкірт. 
Oған ілiм үйрeт. Баpлығын білeтін, бірaқ, білгeнін іскe асырмaйтын aдам – 
ұйқыдaғы жaн. Oны оят. Бaрлығын білетін, білгенін іске aсыратын адам – 
дaнышпан. Oны ұстаз тұт!». Осы сөзді тілге тиек етуімізде де мән жатыр. 
Шығармашылық жұмыс адамның рухани дүниесіне түбегейлі әсер етіп, білім 
тұңғиығына сапарлатады.


389 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет