«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет132/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

Дидактикалық ойындарға : 
1. «Шаршылар мен нөлдер» ойыны 
2. Химиялық чайнворд 
3. «Белгісізді тауып орнына қою» 
4. Викториналық сұрақтар 
5. Қайсысы артық? 
6. Перфокарта жатқызуға болады. Осы дидактикалық ойындардың біріне 
мысал келтірсек: 
«Викториналық сұрақтар» - дидактикалық ойыны 
1. Сырқатты айықтыруға қолданылатын қандай сөз тастар арасында болатын 
бейметалда жасырынған? (кремний - ем) 
2. Парфюмериялық иіс судың синонимі аммоний хлоридінің тривиалды 
атауында кездеседі? (мүсәтір-әтір) 
3. Қандай сан оттектің аллотропиалық түрөзгерісінде жасырынған? (озон-он) 
4. Біз дем алатын қандай газдар қоспасынан балықшы құралын таба аламыз?
(ауа-ау) 
5. Инертті газдың бірінші буыны сұрайды, одан кейін санмен аяқталады?
(неон-он) 
6. Жұрт сөзінің қандай синонимі ең жеңіл инертті газ құрамында кездеседі?
(гелий-ел) 
7. Алдымен бір нәрсенің мөлшерін жалпы түрде сипаттайтын, соңғы буыны 
тілсіз жауды білдіретін жер атмосферасында ең көп таралған қандай элементті 
білесіз? (аз-от) 


391 
8. Су тасқынының синонимі күкірт топшасындағы элементтің бірінің бастауы 
болып келеді? (сел-ен) 
9. Бастапқы буыны палуанға тән, екінші буыны өнерпазға тән қандай 
элементті білесіз? (күш-ән (мышьяк)) 
Танымдық ойындар. Дұрыс ұйымдастырылған химиялық мәні бар танымдық 
ойындар – химиялық білімді оқушыларға саналылықпен жеткізудің бір түрі. Қыры 
мен сыры мол химия пәнін енді бастап келе жатқан 7–сынып оқушыларын 
танымдық ойындар төзімділікке, танымдық белсенділікке, іздемпаздыққа, 
іскерлікке баулып, дүниетаным өзгерісін кеңейтеді, көп білуді талап етіп, 
қызығушылығын арттырады. Химиялық танымдық ойындардың бірнеше түрі бар, 
оларға: сөз жұмбақ, тірексөз, өрмесөз, шарадалар, анаграмма, пиктограмма–
анаграмма, химиялық дойбы, химиялық лото, химиялық билеттер, суретсөздер, 
«ойлан тап» жұмбақ ойындары т.б. жатады. Бұл ойындар химия кештерінің 
алдында, кеш кезінде, химия апталығында, оқушылар конференциясының соңында, 
демалыс сағаттарында пайдалануға болады.
Осы ойындардың бір, екуіне мысал келтірсек; 
1 «Шарада» 
Шарада – бұл бірнеше бөлікке бөліп берген жасырын сөзді табу. Құпия сөздің 
әрбір бөлігі өз алдына жұмбақ болып беріледі. Мысалы, «Мен кіммін» деген 
тақырыпта 
1. Жұмбақ сөздің бірінші бөлігі көп емес деген екінші бөлігі «тілсіз жау» 
деген мағынада. Бірақ химиялық элемент. Бұл не? Жауабы: азот (аз – от).
2. Тағы бір құпия сөздің бірінші бөлігі «ең алда кел» деген бұйрық рай,
екінші бөлігі сан есім, бұл шипалы газ деп те есептеледі. Бұл қай элемент? Жауабы: 
озон (оз – он). 
3. Бірінші бөлігі «қабылда» деген сөздің мағынасын береді, екінші бөлігі 
«шараппен улану» деген мағынада. Бұл не? Жауабы: ал – мас. 
4. Бірінші бөлігім - тасқын су, екінші бөлігім – мал құлағына салатын белгі 
немесе кездеменің өлшемі. Ойлаңдаршы сонда мен кіммін? Жауабы: селен 
5. Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыным 
сан есім. Жауабы:неон 
6. Өзім химиялық элементпін, егер алғашқы бірінші әріпімді алып тастасаң, 
шаруашылық заттарын салатын ыдысқа айналамын. Жауабы:фтор-тор 
2 «Байқап қал» 
Мақсаты: 
бейорганикалық 
қосылыстардың 
маңызды 
кластарын 
қорытындылау тарауы бойынша оқушылардың байқампаздығын, есте сақтау 
қабілеттерін дамыту. 
Керекті құралдар: бейорганикалық қосылыстардың арасындағы негізгі 
генетикалық байланыстар жазылған бірнеше есептер мен жаттығулар таратпасы. 
Уақыты 5- 7 минут.
Ойын шарты: сыныптағы оқушылар екі топқа бөлінеді. Мұғалім 
бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарына арналған бірнеше 
таратпаплардағы есептер мен жаттығулардың шығарылу жолдарын оқушыларға 1 
минут көрсетеді. Олар өз естерінде қалған есептер мен жаттығуларды 5- 7 минут 
ішінде орындап, мұғалімге тапсырады. 


392 
Қай топтың оқушылары есепті дұрыс және түгел жазып келсе, сол топтың 
оқушылары жеңеді.
1- ойын. Тормен су әкелу. 
Ойын шарты: екі топ оқушыларына металдан немесе жіптен тоқылған тор 
беріледі. Суды төкпей жылдам әкелу керек. Қалай әкелуге болады? 
Жауабы: қағазға Н
2
О формуласын жазады да, торға салып әкеліп береді. 
2-ойын. Торкөзге су толтыру. 
Ойын шарты: мынадай 10 дана сутек нұсқасы, 10 дана оттек нұсқасы, 10 дана 
басқа элементтер нұсқасы жасалады 
«1 –10 дана, 
–10 дана, 
Екі топқа, екі үстелге бөлек–бөлек нұсқалар араластырып тасталынады. 
Солардың ішінен сутек пен оттек элементтерін тауып, торкөзге орналастырады. Су 
формуласын орналастырған кезде қай топ қате орналастырса, сол топ жеңілгені. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет