«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет131/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

Қорытынды 
Соңғы жылдары инновациялық технологияларды пайдалану арқылы 
шығармашылықты шыңдау мәселесі отандық ғалымдар арасында да талқыланып 
жүр (А.А. Жолдасбеков, К. М. Беркімбаев, Ж. К. Оңалбек, Б. Қ. Мұхамеджанов, Ж. 
А. Қараев және т.б.).
Студенттерге практика кезінде, шығармашылығын дамыту мақсатында 
интерактивті оқыту әдістерін сабақ барысында, жаңа материалды түсіндіргенде 
оқушылардың оқу іс-әрекеттік, проблемалық-бағдарлық, іскерлік және рөлдік 
ойындарды жүргізгенде пайдалануға болады.
Бұл әдістер болашақ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің ұстаздарына әртүрлі 
ситуациялардың үлгілерін жасауға, оқу үрдісін шынайы өмірмен байланыстыруға 
көмек етеді. Оқыту үнемі білімге деген құштарлықты оятатын тұлғаның өзін-өзі 
шығармашылық тұрғыда дамуына бағытталғаны абзал. Сайып келгенде әр нәрсенің 
бастауы адамның ішкі әлемінде жатыр... 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдеде бекітілген N 319
Бiлiм туралы Заңы // Егемен Қазақстан. – 2007 ж., тамыз – 15.  
2. Абай: энциклопедия. – 1995 ж. 
3. Н. А. Бердяев / Шығармашылық мәні // Мәскеу. – 1994 ж. – 1. 
4. А. В. Брушлинский / Ойлау психологиясы және кибернетика. – 1970 ж. 
5. А. М. Матюшкин / Ойлау психологиясы. Ойлау – проблемалық 
жағдаяттардың шешімі ретінде. – 2-ші басылым – қайта өңделген және 
толықтырылған нұсқасы. / А. А. Матюшкинаның редакторлығымен және 
қорытынды мақаласымен // Мәскеу. – 2017 ж. 
ӘОЖ 37 
 
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ 
БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ
ОЙЫНДАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ 
Тоқтасынова Г.Қ., 1-курс магистранты 
Ғылыми жетекші: Садыканова Г.Е., б.ғ.к., қауымдастырылған профессор 
С. Аманжолов атындығы ШҚУ, Өскемен қ., Қазақстан
e-mail: guldana.toktasynova@bk.ru 
Қазіргі уақытта педагогикалық тілге педагогикалық технология туралы ұғым 
енеді. Технология - бұл белгілі бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын 
әдістердің жиынтығы. Технологиялық оқыту – бұл дидактикалық жүйенің 
құрамдас, процестік бөлігі. Педагогикалық технология – бұл оқу әдістері ғана емес, 
сонымен қатар тәрбие әдістемелерінің жиынтығы, ұстаздар мен оқушылар үшін оқу 
процесінде толық жағдаймен қамтамасыз етілген әрбір бөлшегіне дейін 
ойластырылған модель.


390 
Оқушылардың 
таным 
кезеңдерінің 
барлығында 
дербес 
іс-әрекет 
ұйымдастыру арқылы жаңа материалды меңгеру кезеңінде белсенділігін арттыруға 
болады. Егер оқушылар сабақта белсенді ой әрекетімен отырса, күші жететін 
қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, әр түрлі сұрақтарға жауаптарды 
өздігінен табуға ұмтылса, олардың танымдық белсенділігін және дербестілігін 
қалыптастыруға болады. Әр сабақтың өтілу барысы әр түрлі әдістермен жүргізіледі. 
Нәтижесінде оқушының таным қабілеті өсіп, өтілген тақырып толық меңгерілуі 
қажет. Мектеп қабырғасында жүрген әр оқушының ойы таза, білімге деген 
құштарлығы басым және алғыр кезеңдері. Сонымен қатар олар сабақты жеңіл түрде 
қабылдағанды ұнататындары сөзсіз.
Мұғалімнің алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, 
енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда 
оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану – бұл проблеманы шешудің бір әдісі болып 
табылады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, 
ынталы жұмыс істеуін қамтамасыз етуін алғашқы сабақтардан бастап әр түрлі 
тақырыптарға сәйкес лайық сұрақтар мен жаттығулар, тапсырмаларды 
дидактикалық ойын түрінде әзірлеуге болады. 
Химия сабақтарында оқушылардың таным белсенділіктері мен пәнге 
қызықтыру үшін дидактикалық ойындардың маңызы зор. Жалпы химия пәнінде 
қолданылатын ойындарды дидактикалық ойындар, танымдық ойындар және 
іскеркерлік ойындар деп жіктеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет