«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет133/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

Іскерлік ойындар 
Химия сабақтарында шығармашылық ойындар типіндегі іскерлік ойындарын 
ұйымдастырудың маңызы ерекше болады. XX ғасырдың 60 жылдарының басында 
көптеген елдердің білім беру ұйымдарында іскерлік ойындар қолданыла бастады. 
Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер 
ететін дәлелдеп отыр. Іскерлік ойындар оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің 
бірі. Олар оқушыға қысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны 
терең толғаныстармен түсінуіне себепші болады. Іскерлік ойындар арқылы бала 
түрлі оқиғаларға қатысып, еңбек, отбасылық, қоғамдық қатынастарға енуге 
әзірленеді. Іскерлік ойындармен өткізілген сабақ оқушыларды ұйымдасып жұмыс 
істеуге жұмылдырып, таным белсенділіктерін арттырады, жылдам қимылға, ұшқыр
ойлауға дағдыландырады. Енді іскерлік ойындардан үзінділер келтірейік. 
Мақсаты:
Білімділік: химия пәні бойынша жан-жақты терең білім беру;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, 
оқушылардың танымдық білімдерін тереңдетіп, теориямен байланыстыра отырып, 
мәдениетті де, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, іскерлік қасиеттерін дамыту. 
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ізденуге, алғырлыққа, 
тапқырлыққа баулу.
Тәрбиелік: ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Біздер бүгін интеллектуалдық казино ойынына 
жиналып отырмыз. Казиноға қатысушы ойыншыларымыздың білім мен 
мұмкіндіктерін байқағалы отырмыз. Бүгінгі казино туралы қысқыша мәлімет бере 
кетсек, «казино» сөзі француз тілінен аударғанда «үйшік» деген мағына береді. Ал 
қазіргі заманға сай айтар болсақ, «казино» - бұл «ойын үйі».
Н
2
О
2
Br
2

N
2
F
2
I
2
Mg 
Ca 

Na 



393 
Бүгінгі біздің казиномызда әр ойыншы өзінің ақыл-ойымен қаржы жинақтай 
алады. Алайда біздің қаржымыз ерекше болғалы тұр. Бұл ең бай қазына-ақыл. 
Ойынымызды бастамай тұрып, 
ойынға қатысушы топтарға сөз берейік.
Әр команданың таныстыруы.
Жақсы, ойыншыларызмызбен таныс болдық. Енді ойын шартымен 
таныстырып өтейін. Мен сіздерге сұрақ қоямын. Өз кезектеріңізде сұрақ 
жауаптарын білсеңіздер, сіздер қаржы-ақылдарыңызды қойылымға қоясыз. 
Жауаптарыңыз дұрыс болса, қойылымдағы қаржыңыз екі еселенеді. Ал,егер 
қателессеңіздер-қаржыларыңыз казино қазынасын толтырмақ, яғни бұл жеңілдіңіз 
деген сөз. Казинода бізге крупье көмектеседі. Ойын шарты түсінікті болса, 
бастайық! Іске сәт!
1 кезең «Ойлы болсаң, озып көр»
Әр топ өз білімімен қаржы жинақтайды. 1сұрақ-20 ақыл (Әр топқа он 
сұрақтан) 
2 кезең - «Біліміңді сына»
«Сиқырлы ұяшықтар» атты сайысымызды бастаймыз. Ойнаушылар берілген 
төрт бағаннан ұяшық нөмірін таңдап алып, жасырынған сұраққа жауап береді.
Химиялық жұмбақтар 
10 
20 
30 
40 
50 
Химия және денсаулық 
10 
20 
30 
40 
50 
Ғалымдар тоғысында 
10 
20 
30 
40 
50 
Формулалар 
10 
20 
30 
40 
50 
 
Ғалымдар тоғысында:
1. Атом-молекулалық теория негізін салушы (М.В. Ломоносов)
2. Электролиттік диссоциациялану теориясын ұсынған ғалым (С.Аррениус)
3. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін ұсынған ғалым 
(Д.И.Менделеев)
4. «Туған жердің қара тасын мақтан ете алмаған адам бөгде жердің алтын 
тасын да мақтап жарытпақ емес». Бұл қай ғалымның сөзі? (Қ.Сатпаев)
5. «Табиғатта болатын күллі өзгерістердің мәні мынадай: бір денеден қанша 
кемісе, басқасына соншама қосылады, яғни бір жерде біраз материал азайса, басқа 
жерде ол сонша көбейеді» деген тұжырымдаманы айтқан ғалым кім? Ол заң қалай 
аталатын еді? ( М.В.Ломоносов. Зат массасының сақталу заңы)
Химиялық жұмбақтар: 
1.Табылса бұрын там - тұмнан 
Қазір көп әрбір өлкеде, 
Қымбат болды алтыннан 
Қандай металл ертеде. (Алюминий) 
2.Алтын менен күмісті кім білмейді.
Қолда барда қуанып кім күлмейді,
Химиктерге жақпайтын не сыры бар
Әрқашан «жаман металл» құрғыр дейді. (Активсіз металл)
3.Қымбат деп айтатындай емес алтын,
Сонда да тапты игілік одан халқым.


394 
Апарып Айға елімнің туын тікті
Жемісін ақыл - ойдың елдің салтын. (Темір)
4.Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық
Қандай зат: құрал жасар соны құйып? (Сынап)
5. Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада , өзі 
химиялық элемент. Ойлаңызшы бұл қай элемент? (Азот)
6.Қыздырып соқсаң иленеді 
Балға мен төстен именеді. (Темір) 
Химия және денсаулық:
1. Адам ағзасында 4 г темір болады. Оның 65 пайызы қайда болады? (қанның 
гемоглобинде)
2. Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны 
қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі? 
(белсенділінген көмір)
3.Бұл заттың 0,9% - дық ертіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады да, 
адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырына құйылады. Ол затты 
адамдар тұрмыста тағам дайындауға қолданады. Бұл заттың химиялық атауы 
қандай?
Химиялық формулалар:
1. Әктас, бор, мәрмәр, маржан тас - формулалары?
2. Еріген заттын массалық үлесін есептейтін формула?
3. Сілтілік металдардың сумен әрекеттесу реакциясы?
4. Авогадро тұрақтысы?
5. Ортофосфор қышқылының диссоциациялануының теңдеуі.
Химияның тарихынан:
1.Менделеевтің аты құрмет тақтасына ойып жазылған. Осы тақтада 
Менделеевпен бірге Эвклид, Архимед, Коперник, Лавуазье сияқты ұлы адамдардың 
аттары жазылған. Бұл тақта қай жерде орналасқан?
А) Америкада Бриджпорт қаласындағы университетте;
В) Ресейде Ломоносов ат. МГУ;
С) Англияда Кембридж университетінде. Т.б. сұрақтар беріледі. 
«Қара жәшік»
Мына қара жәшікте жатқан затты тұнғыш рет 19 жасар Шарль Сорма ашқан. 
Бірақ,патенттік бағасы жоғары болғандықтан, ол өз ашылуына патент ала алмаған. 
Ал, 1832 жылы неміс мұғалімі Комерер бұл затты алатын әдіс ашып, патент алған. 
Бірақ, бұл заттың бір кемшілігі болған: өте улы және қауіпті. Пайдалануға ыңғайлы 
және қауіпсіз затты 1848 жылы швед химигі Бетгер алған. Бұл затпен пайдаланған 
кезде бірқатар химиялық өзгерістер жұреді. Құрамындағы бір заттың 
аллотропиялық түрі өзгереді, жану және айрылу реакциялары жүреді. Егерде бұл 
затты пайдаланған кезде қауіпсіздік ережесін сақтамасаңдар, бұл зат өмірге қауіпті.
Қорытындылау. Марапаттау.


395 
Химиядан дидактикалық ойындарды қолдану оқушының ой-өрісін дамытуға 
көмектеседі. Жаңа көзқарастағы ұстаздар сабақ арқылы оқушыға емес, оқушы 
жүрегі арқылы сабаққа ұмтылыс тудыра алады. 
Оқытылатын жүйені, құбылыстар мен үрдістерді ұқсатып (имитациялық) 
модельдеу бойынша белсенді оқытуда дидактикалық ойындарыдң болашақта 
оқушының кәсіби мамандығын таңдауына жағдай жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет