«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет14/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

1-тапсырма. «Құндылықтар картасы». Өлеңді оқып, ұлттық мүдде 
тұрғысынан көтерілген мәселелерді анықтап, қазіргі өмірмен байланыстырыңыз, 
құндылықтарды толтырыңыз 
Дескриптор: 
1. Өлеңді оқиды, негізгі мәселелерді анықтайды 
2. Өлеңдегі құндылықтарды іріктеп алады 


32 
3. Картаны толтырып, қазіргі өмірмен байланыстырады 
Өлеңдегі көтерілген мәселелер 
Қазіргі өмірмен байланысы 
құндылықтар 
Заман шындығы 
Адамдардың ақиқат бейнесі 
Адам баласын аздырар кеселдер
Еңбек тақырыбы 
Халқының надандығы 
Ақынның жалғыздығы 
Оқушылар өлеңді оқып қана қоймай, қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, 
негізгі құндылықтарды ашады. Сол арқылы, ақын ақиқаты арқылы өз бойындағы 
мінді де түзейді. Өзінің ішкі әлеміне үңіледі. Қарап отырсақ, қазіргі психологтер 
адамның өзін-өзі жақсы көруі, тәрбиелеуі туралы айтып жүр, ал Абай өз өлеңдері 
арқылы өзімізді сынауға, қатемізді тауып, дұрыс жолға түсімізге жол ашады. 
Абайдың өлеңдерінде қоғам мен адам шындығы сынға алынып қана қойған жоқ, 
одан шығатын адамдық пен адалдық жолын да ұсына білген. Білім мен адал 
еңбектің, ерінбей, маңдай термен мал тапсақ, жан баға алатынымызды айтады. Ал, 
жан бағу дегеніміз рухани ішкі жан әлемінің бастауына алып келеді емес пе? 
Мінеки, Абай шығармалары арқылы жан мен тәннің айырмасын саралап, екеуіне 
қажетті азықты тізбелеп береді. Абай шығармаларын оқытуда ұтатынымыз да 
осында жатыр деп ойлаймыз. 
2-тапсырма. «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңіне сатылай-кешенді 
талдау жасап, көркемдегіш құралдарды тауып, қызметін анықтаңыз. 
 
Авторы: 
А.Құнанбайұлы, ақын, сазгер, философ, ойшыл... 
Тақырыбы: 
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» 
Жанры, түрі: Өлең/ ащы сын 
Идеясы: 
Жұрттың тұнығын лайлап, жүрген жеріне ылаң салып 
жүретіндерін, сонымен бірге іші тар, өздері күншіл келетінін
біреудің бақ дәулетін көре алмай, пасық қаскөйлігін қатар жұмсап 
жүретіндердің арам мінезін сынға алады 
Шумақ: 
Дәстүрлі шумаққа бөлінбейді 
Тармақ: 
85 
Бунақ: 

Буын саны: 
7-8 буынды 
Ұйқас түрі: 
шұбыртпалы 
Көркемдегіш 
құралдар: 
Теңеулі тіркестер : күшік иттей 
Эпитетті тіркестер: қу нәпсі,
Қайталау: 
Бұл тапсырманың тиімділігі өлеңге құрылымдық, мазмұндық толық талдау 
жасалады. Оқушы көркемдегіш құралдарды да тауып, қызметін айқындайды. Бұл – 


33 
бір кестеге бір өлеңнің болмысын сыйдырып, ой түйіндеуде тиімді әдіс-тәсілдердің 
бірі. 
Сонымен қатар, Абай шығармаларын оқытқанда, әдеби, кереғар эссе 
жаздырудың маңызы зор. Ол үшін сынып деңгейіне сай, оқу мақсаттарын 
басшылыққа ала отырып, тақырып таңдау керек. Мысалға: 
1. «Сегіз аяқ» өлеңінде ақын бейнесі қалай көрінеді? Ойыңызды өлең 
шумақтарымен байланыстыра отырып, жазыңыз 
2. Абайдың жағымсыз қылықтарды әшкерелейтін өлеңдерін талдап, қазіргі 
өмірмен салыстыра отырып, дәлелдеп жазыңыз. 
3. Абай қарасөздерінде айтылған екі түрлі мінезді бала қазіргі өмірде бар ма? 
Нақты дәлелдер арқылы ойыңызды дәлелдеңіз. 
4. Абай шығармаларында қазіргі таңның өзекті мәселесі «сыбайлас 
жемқорлық» туралы жиі сыналады. Қалай ойлайсыз, ғасырлар өтсе де, осы бір 
жиіркенішті әдет неге қалмайды? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз. 
Қорыта келгенде, Абай шығармаларын оқыту – ешқашанда өзектілігін 
жоймайтын маңызды мәселелердің бірі. Психология-педагогика тұрғысынан Абай 
шығармаларының қырларын ашу, арнайы әдістеме құралдарды жасау білім 
жүйесіндегі барлық ғылым саласында Абайды оқыту алғай қойылуы тиіс. Абай 
арқылы біз баланы оқытып қана қоймаймыз, «толық адам» тәрбиелеп, қоғамдағы 
келеңсіз мәселелерді шешудің түйінін табамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет