«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова


АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет13/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
Ахметова Х.Б. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы 
Ғылыми жетекші: Бияров Б.Н.,
С. Аманжолов атындағы Шығыс
Қазақстан университеті, Өскемен қ., Қазақстан 
e-mail: khabira76@mail.ru 
Жеке ел болып, өзіміздің ұлттық ұғымдарымызды, құндылықтарымызды 
түгендей бастаған кезде Абайға соқпай кету мүмкін емес. Абай қай салада болсын, 
барлығына ой қозғап, оны шешудің тиімді жолдарын ұсынып кеткен. Сондықтан 
да, Абайды оқыту мектеп табалдырығынан бастау алғаны дұрыс. Балабақшаға 
келген баланың өзі Абайдың кім екенін, қандай ақын екенін, балалар жақсы көретін 
төрт мезгілді жырға қосқан, әже ертегісімен сусындаған өздері сияқты бала 
болғанын біліп өсуі керек. Абай шығармаларын оқыту осы кезеңнен бастау алуы 
тиіс. 
Мектеп бағдарламасында Абай шығармалары оқытылады, алайда, оны қалай 
оқытып жүрміз, шығармаларының тереңіне үңіліп жүрміз бе? 
Зерттеулерге жүгінсек, Абайдан 8 мыңдай өлең жолы, яғни 175 өлең, 55 
аударма өлең, 45 қара сөз, 3 поэма, 27 ән, 2 күй қалған дейді. Жалпы білім беретін 


30 
мектеп бағдарламасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныптың қазақ 
әдебиеті пәнінде Абайдың өлеңдері, қарасөздері, поэмаларына сағаттар берілген. 
Осының ішінде 7 өлең, 4 қарасөз, бір поэмасы берілген.Оларға арнайы оқу 
мақсаттары қойылған. 
Абай 
шығармалары 
Түрі 
Оқу мақсаттары 
Абайдың өмірі 
мен 
шығармашылығы. 
«Сегіз аяқ» 
Өлең/3 
сағат 
10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-
композициялық құрылысын талдау арқылы 
идеялық мазмұнын терең түсіну; 
10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген
мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
«Өлең - сөздің 
патшасы, сөз 
сарасы» өлеңі 
Өлең/2 
сағат 
10.1.5.1 шығармадағы ұлттық 
құндылықтардың әлемдік тақырыптармен 
үндестігін ашу 
10.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі 
құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой 
қорыту 
«Көңілім қайтты 
достан да, 
дұшпаннан да» 
Өлең/2 
сағат 
10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген 
мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан 
баға беру 
10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар 
мен айшықтау амалдарының қызметін талдау; 
«Сабырсыз, 
арсыз, еріншек» 
Өлең/1 
сағат 
10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар 
мен айшықтау амалдарының қызметін талдау; 
«Қалың елім, 
қазағым, қайран 
жұртым» 
Өлең/2 
сағат 
10.1.5.1 шығармадағы ұлттық 
құндылықтардың әлемдік тақырыптармен 
үндестігін ашу 
10.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан 
мазмұндас туындылармен салыстыра отырып
әдеби сын жазу. 
«Болыс болдым, 
мінеки»
Өлең/1 
сағат 
10.3.1.1 шығарманы мазмұндас 
туындылардың үлгілерімен салыстырып, 
тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; 
10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын 
уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау; 
«Лай суға май 
бітпес қой 
өткенге» 
Өлең/2 
сағат 
10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын 
уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау; 
Он жетінші 
қарасөзі 
Қарасөз/2 
сағат 
10.1.4.1. көркем шығармалардан алған 
үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті 
мәселелермен байланыстыру; 
Отыз екінші 
қарасөзі 
Қарасөз/1 
сағат 
10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер 
жүйесін жинақтау мен даралау 


31 
Он тоғызыншы 
қарасөзі 
Қарасөз/2 
сағат 
10.1.5.1 шығармадағы ұлттық 
құндылықтардың әлемдік тақырыптармен 
үндестігін ашу 
Отыз үшінші 
қарасөзі 
Қарасөз/1 
сағат 
10.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір 
шындығымен байланысын айқындау; 
«Ескендір»
Поэма/6 
сағат 
10.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір 
шындығымен байланысын айқындау; 
10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер 
жүйесін жинақтау мен даралау 
10.3.3.1 шығарманың идеясын 
жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан 
талдап, әдеби эссе жазу 
Жоғарыда аталған шығармалардағы талданатын негізгі мәселелер: 
1. Сөз өнері, ақындық, тіл мәселесі 
2. Адам мінезі 
3. Дос пен дұшпан айырмасы 
4. Ел басқару, атқамінерлердің бейнесін сынға алу 
5. Парақорлық, оның зардабы 
6. Жағымсыз, жат мінездерді сынау 
7. Әлеуметтік теңсіздік, ел ішіндегі келеңсіздік 
8. Жан мен тән тәрбиесі 
9. Өмір мен өлім арақатынасы 
10. Өмір мәні, мағынасы т.б. 
Абайдың осы шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың бойындағы 
мынадай құзыреттілік пен құндылықтарды дамытуға жол ашуға болады: 
1. Тұлғалық құзыреттілік 
2. Шығармашылық құзыреттілік 
3. Танымдық құзыреттілік 
4. Ой-сана құзыреттілігі 
Құндылықтар:
1. Отбасы құндылығы; 
2. Білім, ғылым құндылығы; 
3. Сөз өнері, әдебиетке деген құндылық
4. Жалпы адамзатты сүюге деген құндылық; 
5. Жақсылыққа үндеу құндылығы 
«Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жүртым» өлеңін оқытқанда оқу 
мақсатын аша отырып, оқушыларға құндылықтарға бағдарланған тапсырмалар 
беруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет