МЕМЛЕКЕТКЕ ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ (Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодексiнің 175 бабын талдау)
Бақытқанов М.Б.
Ғылыми жетекші: Орсаева Р.А., қауымдастырылған профессор,
заң ғылымдарының кандидаты, PhD
Аманжолов университеті, Өскемен қ., Қазақстан
e-mail: r_orsaeva_60@mail.ru
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi мемлекетке опасыздық
жасау қылмыстық әрекетін 175-бапта қарастырған.
Қылмыстық Кодекстің 175-баптың 1-тармағы «мемлекетке опасыздық
жасау, яғни Қазақстан Республикасы азаматының қарулы қақтығыс уақытында жау
42
жағына өтiп кетуінен, сол сияқты тыңшылық жасауынан, мемлекеттiк құпияларды
шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне
беруінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы
бағытталған әрекетті жүргізуге оның өзге де көмек көрсетуінен көрінген қасақана
іс-әрекеттері»
екенін
айқындай
отырып,
Қазақстан
Республикасының
азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп көрсеткен.
Ұрыс жағдайында жасалған дәл сол іс-әрекеттер үшін Қазақстан
Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан
жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас
бостандығынан айыруға жазаланса, 175 баптың бірінші бөлігінде көзделген соғыс
уақытында жасалған іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының азаматтығынан
айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады
[4].
Мемлекеттік опасыздықтың тікелей объектісі - Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қауіпсіздігі болып табылады. Мемлекеттің қауіпсіздігіне оның ең
маңызды мүдделері - конституциялық құрылысы, егемендігі, аумақтық тұтастығы,
сыртқы және ішкі қауіпсіздігі жатады.
Мемлекеттік опасыздықты жасаған адам басқа бір нақты мемлекеттің
пайдасына іс-әрекеттер істейді.
Объективтік жағынан мемлекеттік опасыздық мынандай әрекеттермен
сипатталады:
-қарулы жанжал кезінде жау жағына өтіп кету;
-шпиондық жасау;
-мемлекеттік құпияларды жатқа беру;
-Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүзгізуден;
-шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де
көмек көрсету. Бұл істелген іс-әрекеттер белсенді әрекетпен жүзеге асып отырады
[2,257].
Мемлекетке опасыздықтың объективтік жағы Қылмыстық кодекстің 175-
бабының диспозициясында көрсетілген. Оған жататындар: соғыс уақытында
немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету; шпиондық жасау;
мемлекеттік құпияларды жатқа беру; Қазақстан Республикасына дұшпандық әрекет
жүргізу мақсатымен шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың
өкілдеріне өзге де көмек көрсету. Осы іс-әрекеттердің біреуін істеу қылмыстың
объективтік жағының орын алғандығын көрсетеді.
Соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету -
Қазақстан Республикасы азаматының жау басып алған аумақта орналасқан жау
жағына өз еркімен өтуі, жауға көмек көрсетуі, жау жағының тапсырмасымен өзі
тұратын аумақта әр түрлі іс-әрекеттер істеуі; жау жағына ерікті түрде шығып кетуі;
тұтқын болуы сияқты әрекеттер жатады. Жау жағына ез еркімен өту соғыс
уақытында немесе қарулы жанжал кезінде ғана орын алады.
Заңгер-ғалымдар мелекеттік опасыздықтың қауіпті екенңн айта келіп, оның
алдын алмаса, болмайтынын көрсеткен.
43
Белгілі ғалымдар, заң ғылымдарының докторы И.Ш. Борчашвили, Г. К.
Рахимжановтар мемлекеттік опасыздыққа баратындар арнайы субьект болып
танылатынын атап өткен [3,465].
Ресейлік ғалым В.И.Тюнин мемлекеттік опасыздық жасағандар қатарында
ғалымдардың да бар екенін жоққа шығармайды [4,95]
Субъективтік жағынан мемлекеттік опасыздық тек қана тікелей
қасақаналықпен істеледі яғни Қылмыстық кодекстің 16 бабында опасыздық
әректтердің бірін істейді және оны істеуді тілейді.
Тілеудегі басты арнаулы мақсаты - Қазақстан Республикасының сыртқы
қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру және әлсірету.
Мемлекеттік опасыздықтың субъектісі он алты жасқа толған тек қана
Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік құпияны беру мемлекеттік
опасыздықтың формасы ретінде арнаулы субъектіні қарастырған. Яғни арнаулы
субъект - мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді білетін адам [2,258].
Опасыздық әрекеттердің себебі мейлінше әрқилы болуы мүмкін: саяси,
пайдакүнемдік және басқалар. Олардың мазмұны қылмысты саралау үшін онша
қажет емес, бірақ ол жаза тағайындау кезінде ескеріледі.
Қылмыстың субъектісі болып Қазақстан Республикасының жасы 16-ға толған
азаматы ғана танылады. Мемлекеттік құпияларды жатқа беру де опасыздық сияқты
арнайы субъектілер болады.Олар - өздерінің істейтін қызметіне байланысты
мемлекеттік құпияларды білетін, солардан хабары бар адамдар [4, 249].
Елімізде Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі бойынша «мемлекетке
опасыздық» жасағаны үшін бір рет сот болған, яғни 2019 жылы 1 ғана адам жазаға
кесілген. Бұл статистика елімізде сатқындар мен опасыздар жоқ дегенді көрсетеді.
Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті
«тыңшылық еткен, мемлекетке опасыздық жасаған, мемлекеттік құпияларды
заңсыз жинап, жария еткен» деген күдікпен бір топ адамды (арасында шетел
азаматы бар) ұстағанын хабарлаған [5].
Жалпы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік туралы заңының 5
бабында Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделерi:
қарастырылған. 5 бап бойынша, Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық
мүдделерi ретінде:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
2) заңдардың дәлме-дәл әрi бiркелкi орындалуы және құқықтық тәртiпті
сақтау;
3) елде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау;
4) қазақстандық отаншылдық және Қазақстан халқының бiрлiгi;
5) қазақстандық қоғамның материалдық және рухани-имандылық
құндылықтарын сақтау мен еселей түсу;
6) денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің азаматтар
мен қоғамның әл-ауқатын жақсарту қажеттіліктеріне лайықты деңгейі мен
сапасына қол жеткізу және оны сақтап тұру;
7) елдің білім және ғылым әлеуетінің қоғам мен азаматтардың әлеуметтік-
экономикалық, инновациялық және зияткерлік даму қажеттіліктеріне лайықты
деңгейі мен сапасына қол жеткізу және оны сақтап тұру;
44
8) Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының, оның iшiнде
елдің тәуелсіздігінің, бiртұтастығы мен президенттiк басқару нысанының,
тұтастығының, мемлекеттiк шекарасына қол сұғылмаушылығының және
аумағының бөлiнбестiгiнiң мызғымастығы;
9) мемлекеттiк институттардың тұрақты жұмыс iстеуi, олардың қызметiнiң
тиімдiлiгiн арттыру;
10) Қазақстанның бүкiл халқының игiлiгi үшiн экономикалық даму;
11) экономикалық қауіпсіздікті толық көлемде қамтамасыз ететін
агроөнеркәсiптiк, отын-энергетика кешендері, көлік және өндірістік салалар, қаржы
жүйесі субъектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуi;
12) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен
әскери құралымдарының жауынгерлiк және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз
ету;
13) Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін толық көлемде
қамтамасыз ететін қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыруды
қамтамасыз ету және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің отандық субъектілерін
дамыту;
14) бәсекеге қабілетті және қорғалған ұлттық ақпараттық кеңістікті қолдау
және дамыту;
15) қоршаған ортаның жай-күйін сақтау және жақсарту, табиғи ресурстарды
ұтымды пайдалану;
16) Қазақстан Республикасының даму басымдықтарына сай келетін
халықаралық ынтымақтастықтың жай-күйі;
17) халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының жағымды имиджі мен
беделін нығайтуға бағытталған саяси бастамаларды ілгерілету;
18) Қазақстан халқы мен аумағын төтенше жағдайлар мен әскери
қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстардың салдарынан туындайтын қауіп-
қатерлерден бейбіт уақытта және соғыс уақытында қорғау болып табылады[6].
Қылмыстық заң бойынша, мемлекеттің конституциялық құрылысының
негіздері және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірі
болып табылатын мемлекетке опасыздық жасау қылмысы ауыр қылмыс,
мемлекетке орасан зор зардабын тигізетін қылмыс.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабының санкциясы
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға (1-тармағы)
бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр
бойына бас бостандығынан (2-тармақ) айыруға жаза тағайындағаны - қылмыстың
ауыр қылмыс екенін дәлелдей түскендей.
Достарыңызбен бөлісу: |