«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова


). Инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту: қ



Pdf көрінісі
бет58/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

1). Инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту: қолайлы инвестициялық 
ортаны нығайту; инвестициялық қызметті ақпараттық-коммуникациялық қолдауды 
жетілдіру арқылы қолайлы инвестициялық имиджді дамытуға жәрдемдесу
2). Жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу: 
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына инвестициялар тарту; Экономикаға 
қосымша инвестициялық капитал тарту үшін жағдай жасау; 
3). Экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу: инвестициялық әлеуетті 
дамыту жөніндегі жүйелі шаралар; тікелей және портфельдік инвестициялар тарту 
саласында "Астана" халықаралық қаржы орталығының әлеуетін пайдаланудың 
тиімділігін арттыру. 
Қазіргі жағдайда инвестициялық саясат экономикалық дағдарыстың
экономикадағы құрылымдық өзгерістердің, технологиялық прогресстің, микро 
және макродеңгейдегі экономикалық белсенділікті арттырудың жағымсыз 
салдарын еңсерудің ең маңызды тұтқасы болып табылады. Мемлекеттік 
инвестициялық саясат негізінде инвестициялық процесті жандандыру әлеуметтік-
экономикалық қайта құрулардың ең тиімді тетіктерінің бірі болып табылады. 


178 
Сонымен қатар, экономиканың өсуі және капитал мен технологияға деген үнемі 
өсіп келе жатқан қажеттілік Қазақстанда тартымды инвестициялық жағдай жасау 
және инвесторларды жақсырақ қорғау үшін одан әрі институционалдық 
реформаларды талап етеді. 
Кез келген мемлекеттің инвестициялық саясаты ықтимал инвестициялық 
жобалардың ішінен оның стратегиялық мақсаттарына сәйкес келетін нұсқаларды 
таңдау мүмкіндігімен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат 
жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, инвестициялық кіріс 
немесе капитал өсімі нәтижесінде оларды тиімді бөлуді қамтамасыз етуі керек. 
Сондықтан инвестицияны дұрыс басқару бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет