«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет60/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

Әдебиеттер 
1. Ғабдуллаұлы С. Таңдамалы шығармалар жинағы: екі томдық. 1- т. – 
Алматы: Қазақпарат, 2007. – 321 б. 
2. Картаева А.М. Әдеби өлкетану. Оқу құралы. Өскемен: Берел, 2016.- 180 б. 
3. Зиятханұлы. Қ. Өмірі өлеңмен өрілген жыр оғланы еді. Өскемен: Алдаспан, 
2015. – 2 б. 


182 
ӘОЖ 821.512.122.09:37.09 
О. БӨКЕЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІНЕ
ҚАРАЙ ТАЛДАУ ЖОЛДАРЫ 
Зауытбай С.Б. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы 
Ғылыми жетекші: Картаева А.М.,
С. Аманжолов атындағы Шығыс
Қазақстан университеті, Өскемен қ., Қазақстан 
e-mail: kartaeva2011@mail.ru 
Оралхан Бөкейдің әр кейіпкері – өзінше бір-бір жұмбақ әлем. имансыздық пен 
рухани жұтандық жайлаған қоғамнан безінген тұста ішкі үйлесімді табиғаттан 
табады. Ол рухани вакуумнан құтылудың амалын табиғаттың арасынан іздейді. 
Кейіпкердің қоғамдағы кеселді құбылыстарға наразылық білдіріп, табиғатты 
таңдауы романтикалық бастау қаламгерге натуралистік нақтылықты басып 
туындыларына «жан бітіріп», сұлулыққа, шексіздікке ұмтылдырған. 
Жастарына лайық Оралхан геройларының барлығы да арманшыл, қиялшыл 
жандар. Олар өзімен өзі сырласады, өткенді еске алады, куанады, күйінеді. Сондай 
жардайда көбінесе жастык аңсарлары, сезім күйлері сөз болады. Әрқайсысының 
алғашқы махаббаты ойға туседі. Соны рухани қуат етеді шығармада Қоңқай атты 
жұмбақ шал суреттеледі. Ол қалын, елден алыс Айыртаудың бауырында қар басып 
қалған жалғыз үйде жеке өзі оңаша өмір сүреді. Біздің қоғамдық тіршілігімізден 
безіп, қоршаудан қашып шыққан бұғыдай, саяқ ғұмыр кешіп келе жатқан жан. 
Қыста аң аулайды, жазда омарта ұстайды. Оны елмен байланыстыратын да осы 
кәсібі. Қымбат аң терілерін облыстық, аудандық басшыларына беріп, солармсн 
астыртын байланыс жасайды, біз тіршіліне ашшылығын тірек тұтқан ол да ұятсыз. 
«Егер осы үшеуіңді елтіріп тастасам да, осы терілердің күшімен ұсталмай құтылып 
кетеріне кәміл сенемін», - дейді. 
«Біздің жақта қыс ұзақ» деген атпен біріктірілген екі повесть Алтай 
малшыларынын қиын да қызғыльқты өмірін, тау жайлаған ел тіршілігінің өзіндік 
романтикасын, адамдардың бойындағы азаматтык, ерлік, өрлік мінездерді жарқын 
суреттеген туындылар. Жазушы ауыл өмірін, оның адамдарын жағдайды біледі. 
Олардан көркем бейне жасай алады. Психологиялық суреттеуді кең пайдаланады. 
Сырт қарағанда, қала өмірін, оған қонақ боп келген сәулетші Тасжан басынан 
көткен күйлерді суреттеуге арналғанмен, «Жетім бота» повесінде де жазушының 
ойы, қаламы ауылға бұра береді. Бұл жетім бота жетектеген қыз тіршілігі мен 
геройдың ел-жұрты, досы досым туралы естеліктері аркылы көрінеді. Бойдақ, жас 
жігіттің тіршілігі, арман қиялы, өмір сүйгендігі. Ақботаға деген құштарлық сезім 
күйінде ашылады. Жігіттің махаббат туралы ойлары өзінің сәтсіз тәжірибесінде 
негізделген. Сондықтан оны бұлжымас қағида күйінде қабылдау қиын. Ал Ақботаға 
деген сезімі - таза, әсем. сұлу сезім. Адалдықтың, пәктіктің, өмір сүргіштіктің 
белгісі. 
Тасжаннын шынайы сезім тазалығы мен табиғатты, әсем кұбылысты, 
керкемдік тану талғамы Вайнамен кездесулерде, сәулет өнері туралы ойларында 
кеңірек ашылады. Ол сәулет өнерін «өмір бойы ән салып тұратын жүрегі, миы, тілі 


183 
бар тірі бейне, әр ғасырдың музыкалық аспабы» деп ұғады. Өзі қатысымен салынып 
жатқан үйлердің, жалпы біздің құрылыс өнерінің да муыкасын көзімен қарайды. 
Онда өзімі өмір сүрген дәуірдің санасы езулеленбей қалып жүргенін, сондықтан да 
практикалық жағынан пайдалы іс атқарғанымен, көркемдік мұра ретінде кем 
бағаланатынын орынды көтереді. Тасжанның дәуір талабына сай жылжымалы 
үйлер салу туралы қиялы да қызық. 
Оралхан Бөкейұлы кейіпкерлерін бейнелеуде оларды тіпті идеалдандырып 
жіберетінін байқауға болады. Мысалы: Бура – «Қазақбай ауылының ең соңғы 
түйесі», Кербұғы – «он сегіз салалы оқыстан жаралар хайуанның ең ақыры», Асан 
шал мен Ақтан – «ертек адамның соңы», Гүлия – қазақ үшін ең ақырғы Ақжүніс, ең 
ақырғы Баян, ең ақырғы Жібек», Қоңқай – «дүние жүзіндегі қатыгез әрі мықты 
шал», Ақбота – «адам күші мен табиғат тылсымын қанды шайқасқа жібермей, 
қоршап, қорғап жүрген жалғыз жанашыр, жалғыз сақшы жұмбақты қыз». Мұндай 
мінездемені қаламгердің әр қаһарманынан көруге болады. 
Жазушының шығармаларында реалистік те, романтикалық та сипат көптеп 
кездеседі. Жазушы өзінің көптеген туындыларында өмір шындығын, обьективті 
жақтарын саралай отырып, өзі қалаған рухани-адамгершілік идеалды 
шығармаларына арқау етеді. Жазушы шығармаларының қосжелілігінде дау жоқ. 
Оның шығармаларында романтикалық бейнелеу мен реалистік бейнелеу бір-бірене 
қарама-қарсы қойылмағаны оның басты ерекшелігі болып табылады. 
Романтизм мен реализм бір-біріне қарама-қарсы әдеби бейнелеу тәсілдер емес 
екені белгілі. Кез-келген көркем шығар-мада олар ажырамас бірлікте болуы мүмкін. 
Академик Зейнолла Қабдоловтың сөзімен айтсақ: «Әр суреткер осынау екі әдістің 
тек біреуімен ғана жазады, екеуінің басын бір жерге қоса алмайды, ол – не таза 
реалист, не таза романтик болуға тиіс деп түсінсек, қателесер едік. Қай кезде 
жасамасын, бәрібір, барлық қазақ жазушы-лары жайлы да дәл осыны айтуға болар 
еді: бәрінің творчествовасында да реализм мен романтизм араласып жүр» [1, 350 б.]. 
Кейбір зерттеушілер Оралхан Бөкейдің шығармашылық өсу жолында 
«романтизмнен реализмге қарай бет бұру» байқалады дейді. Бірақ осыған қарап 
жазушының шығармашылық өсу жолында романтизмнен реализмге қарай толық 
көшу деп түсінбеу керек. О.Бөкейдің даусыз реализмін мойындай отырып, біраз 
зерттеушілер оның алғашқы шығарма-ларындағы романтикалық сарын кейіннен 
реалистік прозаға ұласты деп пайымдап жүр [2, 13 б.]. Жазушының алғашқы 
шығармаларында романтикалық сипаттың басым болғаны дау тудырмайды. Бірақ 
нағыз реалистік шығармалар деп бағаланған, 1984 жылы жарық көрген «Біздің 
жақта қыс ұзақ» жинағына енген повестестерінен-ақ романтикалық сипат анық 
байқалады. 
Идеологистік тоталиторизмнің тоңы әлі жіби қоймаған кезде іштей қарсылық 
танытқан, қадау-қадау ойларын қадай атқан шығарманың бірі Оралхан Бөкейдің 
«Бура» әңгімесі болып табылады. Қаламгер екі аяқты пендеден безіп, ең ақыры 
өлігін ешкімге көрсетпей кетуімен де тектілік танытқан бураны азаттыққа деген 
ұмтылстың үлгісі ретіндк көрсетілген ғасырлар бойы іргетасы қаланып, қалып-
тасқан құрылысқа жаңаның, өркениеттің енуі құрбандыққа аз талап етпейтіні анық. 
Обырға айналған «өркениет» ұйып отырған ұлттың рухын сөндіруге, өзін көндіруге 
ұмтылды. Суреткер осы күдікті ойын төрт аяқты жануардың – бураның тағдырымен 


184 
таразылыған. Кеңестік қоғамдағы «өркениеттің» тосын келуін қаламгер поезд 
арқылы береді. Поезда ұлттық құнды-лықтарды тәрк еткендей менменшілік 
байқалады. Қара бура поезд астына түсіп өледі. 
О.Бөкейдің туындыларында да қатты байқалады. Мысалы, «Қайдасың, қасқа 
құлыным» повесі – екі адамның ішкі монологынан турады. Шығармадағы бүкіл 
оқиға желісі осы екі адамның әке мен баланың ішкі ойы-маналогы арқылы өрбиді. 
Негізгі әнгімелеуші бала – Орал, кейде бүкіл билікті қолына алған ол әкесі –
Бөкешке де кеңшілік жасап – ішкі монологына да ерік беріп қояды. Кейде екі 
кейіпкердің ішкі монологтары кезектесіп беріліп отырады. Жас бала –Оралдың 
ойы-көбіне туған жері, әкесі туралы толғамдардан турса, әкесі көбіне өз өмірін, 
жастық шағын еске ала отырып, ондағы «қажетау» деген үзінділерді баласына 
әңгімелеп бермеседе оқырмандарына – ішкі монолог арқылы жеткізіп береді. Бұл 
ішкі монологтың – ой ағнынан бірден-бір ерекшелігі автордың мақсатына сай 
жүзеге асырылып, санадағы қозғалыс бақылауда болады. Жалпы мұнда кейіпкер 
тасасында автордың тұрғаны қатты байқалады. Яғни шығармада екі түрлі сана (әке 
мен баланың) екі түрлі әлемді қабылдау жүйесі, екі кезең ұрпағының дүние 
танымына таңылғанымен, олар автордың бақылауында болады, ол процесс саналы 
түрде жүріп жаттады. Повесть тек ішкі монолог принципі бойынша жазылған. 
Адамның ішкі монолог принціпі бойынша жазылған. Адамның ішкі әлеміне, оның 
санасындағы ойлау процесіне қатаң бақылау жүгізетін саналы ішкі монолог – 
Бөкейтің «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» екі кейіпкерге (Бөкеш пен Оралға) тән 
тәсіл. 
Енді автордың бала – Оралдың ішкі монологын беру беру ерекшелігіне – 
тәсіліне бір сіт тоқталып зер салайықшы: 
«...Маған әкем: найзалы шың, жақпар-жақпар тас қоржындағы кәрі таудың, 
табиғаттың тағы құбылыстарының қалтарасында оқыстан тауып қалған, жез 
топшылы қаршығыға тым ұқсасатын: маған әкем: Алтайдың арда еркесі, бұғысы 
сықылданатын: тағы тірліктіңкөп-көп қым-қуыт қызығын талақ тастап кетуге 
қимаған хайуан ағаш қоршаудың ішіндегі сарсыған су, таптанлы шөпті місе тұтпай 
жиркеніп, ұзақты күнге өз еркіндігін аңсамаушы ма еді: білем, әкем аңсай қоятын 
еркіндік жоқ – бірақ әкем армандаған асыл дүниелердің көкжиегін көре 
алмайтынмын: өйткені, осы кісі бала кезімде қаншалық алыс , тым биік зәулім, әрі 
қойнау – қойнау қорқынышты тылсым сыры бар шешілмес жұмбақтай еді. 
Ақтан тағыда әкесін ойлады. «Қайда екен, өліме, тірі ме?» Міне, Ақтанның 
күнделікті тіршілігі осы – ой қуу, дүниеге келгелі көрмеген не естімеген әкесін 
жөнді білмейді де. Ақтанның әкесі туралы елден естіген еміс – еміс әңгімелерін 
кеше ғана осы ауылда тұрған. Әдетте ертегіге сенетін, адалдықты аңсайтын адамдар 
сезімтал, ойшыл , қиялшыл балада аңғал да пәк болатвнвн біледі.Ақтан оны уақыт 
көрсетер балалық шақтың көп – көп аңқаулығы мен көшкен екен. Адамға әсері жоқ 
қоғамнан тыс періштелік кімге керек. Міне, сенің соныңыңнан аң боп адасып 
жүргеніме бес жыл болды қазіргі біздің тіршілігіміз бүкіл ауыл, қала берді аудан 
адамдарына аңыщ секілді естіледі. Сенің қолыңдағы бағалы терілерге 
қызыққанымен, сенің өміріңе тамсанған біреуін көрсем көзім шықсын. Барінің 
айтатыны Ақтаң аң болып кетіпті, байғұс шешесі құсаланбай қалай отырады екен... 
Өзі кей күні жер жұтқандай жоғалып кетеді екен, сиқыры барма,- осы тақлетті сып-


185 
сып өсектен аяқ алып жүргісіз. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы кісі 
киік болмай есіміз барда елімізді табайық, енді біз аулайтын аңда қалмай барады. 
Қазір сезімталдықтың түкке қажеті жоқ, қазір білім-ғылымның заманы, оқи бер, оқи 
бер». Аңшы: «Мен аңды ауламаймын, күзетемін. Сосын кісі мәшін болғаннан 
кісікиікке айналған әлде қайда рахат-ау деймін. Асан шал тірі болғанда сөз жоқ 
Аршалыға қайтып көшіп келер еді. Асылы жат жұрттық біреу келе қалса, мұнда да 
қазақтар тұрады-ау деп ойласын, әйтпесе, жер менікі деуге дәлеліміз қайсы? Елу 
тоғыз үйдің түндігін бір күнде жуып, мұқым орашолақтар жау қуғандай 
шұбырғанда туған ауылда қанжлап қалған мен едім... Сонда мен Асан шалдың 
аруағы үшін осы жолды, осы жалғздықты таңдап алғанмын. Білем, орталықта 
ертерек айтатын бір адам қалмады. Кейінгі ұрпақ, жас балаларға аңыз ретінде 
бәлкім мені айтар...» Ақыры-аңшы Ақтаң өз-өзіне іштей өзіне қайшылап санасымен 
салғыласа келіп өзінің адамдық қасиетін жоғары устап тәкапар түрде күресе білді. 
Жауына жалынбады оқыстан атының кісінегеніне үркен бөгде жан қу арқанды 
босатып алды да Ақтаң тұзақтан аман құтылды ақыры екеуі тіл табысып тынады 
тап осындай шекарашылық ситуацсия осы шығарманың соңында досының жесіріне 
жетпей қалғанын мың сомды толтыру үшін түскен үңгірде де қайталанады. Жарық 
дүние үшін жанталасқан Ақтанның жан арпалысы өз өміріне көңілі толмаған 
өкініші, зынданда өз әкесінің мәйітін көріп қабырғасы қайысқаны т.б тек ғана 
Оралханға тән қалам табымен, формалық тәсілі мен қазақ прозасында бұрын - 
соңды болмаған психологиялық стилімен бедерленген.
Жазушы шығармаларындағы образ түрлерін төмендегі классификация 
тұрғысынан бөліп қарастырамыз: 
Кесте-1. Көркемдік әдіс 
Көркемдік әдіс тұрғысынан 
Романтикалық образ 
Реалистік образ 
«Апамның астауы» әңгімесіндегі Апа 
образы,
«Бәрі де майдан» повесіндегі Ақан 
образы 
«Жетім бота» повесіндегі Ақбота, «Атау 
кере» повесіндегі Айна образдары,
«Жасын» әңгімесіндегі Қиялхан образы 
Кесте-2. Әдеби тек 
Әдеби тек тарапынан
Эпикалық образ 
Лирикалық образ 
Драмалық образ 
«Өз отыңды өшірме» 
романындағы Дархан 
образы 
«Мұзтау» повесіндегі 
Ақтан образы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет