«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет59/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Қазақстан 
Республикасының 
Кәсіпкерлік 
Кодексі: 
Қазақстан 
Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚР Заңы. 
2. Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі 
тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі 
№482 қаулысы. 
3. Оспанов М.Т., Мухамбетов Г.И. Иностранный капитал и инвестиции: 
вопросы теории, практики привлечения и использования. – Алматы, 1997. 
4. Дюсегалиева С.Б. Инвестиционная деятельность в Республике Казахстан: 
этапы и пути становления. – Астана, 2014. 
5. https://kapital.kz/amp [Электронды ресурс]. 
ӘОЖ 821.09 (574.42) 
СЕРІК ҒАБДУЛЛИН ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТУҒАН ЖЕР ӘУЕНІ 
Жұманова Ү.К. 
Ғылыми жетекші: Апышева К.А., филология магистрі 
С. Аманжолов университеті, Өскемен қ., Қазақстан 
Ақын болу – жұрттың көрмегенін көре білу, сезе білу, жан-дүниеңе әсер еткен 
жағдайды тұтас жыр қылып ақ қағаз бетіне түсіру, кездейсоқ жaнның пешенесіне 
жазыла бермейтін дүние. Aқын жүрегінің құпиясын ашып, поэзияның сұлу 
сарайына ене түсуі үлкен жүректі, терең сезімді қажет етеді. Осындай ерекше 
сезімді өзі де, өзгені де сезіндіре алған,отты жырлармен жаңғыртып, өмірге өзекті 
де киелі жырлар әкелген, поэзияға өзіндік ізденістерімен келген Шығыс Қазақстан 
облысынан шыққан – Серік Ғабдуллин ақын есімі қалың жұртшылыққа таныс.
Оқушы кезінен әдебиетке, өлең өнеріне ынталанып, аудандық сол кездегі 
«Социалистік майдан» газетінде оның жалынды жырлары, балауса өлеңдері жиі 
жарияланып жүрген екен. Ақынның өлеңге деген құштарлығы, табиғи дарыны, 
алдына қойған мақсаты, шығармашылық талпынысы асқар таудай биіктей түсті. 
Ақын шырайлы шығыстың ұлы Серік Ғабдуллиннің шығармашылығына 
тоқталар болсақ, алғашқы «Көктем тынысы» деп аталатын өлең кітабы жарық 


179 
көрген, «Бұқтырма сарыны» деген өлең кітабы республикаға кеңінен тарап, 
өлеңқұмар қауымды тамсандыра түсті. Оның жарық көрген «Көкөрім шағым» 
өлеңдер жинағы өз оқырмандарын тапты. Мұның өзі ақынның өлеңдері халықтың 
жүрегінен жол тапқандығының, поэзияны сүйетін қауымның жоғары талғамынан 
шыққандығының дәлелі бола алады. Өйткені ақын туған ел, сүйікті Отан, еңбек 
адамдары, табиғат тамашалары туралы әсерлі, әдемі, терең мазмұнды жырларымен 
өзінің оқырмандарының ойларынан шығып, әсер ететін өлеңдерін ұсынды.
Жүрегін тербеген жырды қағазға төгіп, қарапайым ғана болмысымен 
шынайы, терең мағыналы өлең жолдарын өрнектеген ақын. Серік Ғабдуллин 
өлеңдері қазақ поэзиясының поэтикалық қазынасын байыта түскендігімен 
ерекшеленеді. Қазақ даласының тауларын да, көлдерін де, теңіздерін де перзенттік 
махаббатымен жырлаған. Серік Ғабдуллин ақын ағамыздың өлеңдеріндегі 
романтикалық ойлау өлшемі – кең даладағы гүлдерді де, көлдерді де, тауларын да 
– бәрін де тұтастай жырына қосқан.
«Құдіретіңнен айналайын, туған жер!» өлеңіндегі лирикалық жыр 
тармақтары кең байтақ Отанның, туған жердің барлық болмысын жүрегіне сыйғыза 
жырға қосқан ақын дүниетанымын аңғартады. 
Өскеменнің көшесі 
Толған думан-күлкіге, 
Шаттық асып шарадан, 
Көңіл біткен салады ән, 
қуаныштың қаймағындай кілкіме [1, 25].
Қазақ –ұлан ғайыр кең даланың ауасымен тыныстаған, байтақ даланы 
мекендеуді мұрат еткен халық. Даланың өсімдіктері де, түні де күні де, 
көшпелілердің мәңгілік тұрағы ауылы - бәрі де ақындар жырларына арқауы.
Қалба тауларының таңғажайып әдемі суреттері, атамекенге, оны мекен еткен 
барша қауымға, ел шежіресінің өткені мен бүгініне, болашағына деген жүрек 
түпкіріндегі іңкәрлік сүйіспеншілік, адамдар сыйластығында жай қараған көзге 
көріне бермегенімен, сондай-ақ жан шуағына терең тамырлы байланыстар - ақын 
жырларының негізгі арналары. Оның шығармаларынан жан, сезім дүниелеріне жол 
ашатын жарқын өмір сағынышының, мөлдір көңіл мұңының лебі де желдей еседі.
Табиғат туралы жыр жазбаған ақын бұл өмірде жоқ шығар. Табиғат- адам 
баласының - өмір сүретін ортасы. Әлемнің ақындарының бәрі де жырлаған шығар. 
Дәуірі мен ортасына, өзінің жеке басының көңіл-күйіне байланысты әр ақын оны 
өзінше жырлаған. Біреулер таза пейжаздық өлеңдер жазса, екінші біреулер табиғат 
арқылы қоғамдық өмірді, тартысты өз көңіл-күйін суреттейді. Ақын да табиғатты 
өзінше жырға қосқан. 
Кір жуып кіндік кескен тұрағымсың
Аузында ақындардың жыр – әнімсің. 
Жалыны жүрегімнің әлсіресе, 
Бойыма қуат құяр Ұланым шын, 
Табиғат - жомарт берекем. 
Өзіңнен өткен 
Күшті де әлі жоқ екен. 
Мықтымыз ғой деп, 


180 
Мықтылығыңа бағыну 
Пенделік деген 
Әлсіздікпен тең екен [1,39], - деп жазғы табиғаттың бейнесін асқан 
шеберлікпен суреттейді. Ақындық шеберлігінің қырлары сан алуан. Ол шындықты 
көркем жинақтап көрсетудің өзіндік стилі мен түрін тудырды. Ол ұғым мәнін, сөз 
мағынасын кеңейте қолдану үлгісін жасаған. Серік ақын өлеңдерінен табиғи самал 
еседі. Ақынның жүрек жылуын, көңіл тынысын атамекен адамдарының еңбегінен, 
көңіл-күй сезімдерінен, ізгілік иірімдерінен, халқымыздың өткендігі шежірелі 
тарихын, ата-бабаларының тағылымын айқын аңғартады. 
Серік Ғабдуллин – қазақтың барлық талантты ақындары сияқты ауылда туып, 
дархан даланың тәрбиесін көрген, жастайынан тылсым табиғатпен сырласқан 
сахараның ұланы. Ол өзінің кіндік қаны тамған Ұланын жанындай жақсы көреді. 
Қаймана қазақтың құт мекені болған сол Ұланы арқылы ұлтына деген махаббатын 
шынайы сезіммен жырға қосады. Ақынның осы тақырыпқа арналған бірталай 
өлеңдері бар. «Алтай әуендері», «Айыртауым, көрініп тұрсаң болғаны...», 
«Шымқора», «Ауыл», «О, туған жер». Нәтижесіне назар аударсақ, ақын 
жырларындағы туған жер толғаныстарын басты тақырып етіп, қай туындысын 
оқысаң да, Отанға, туған жеріне деген сағыныш сезімі есіп тұратындығы танылды 
[2, 180].
Ұланым, ұлағатты ел-мекенім, 
Білемін жүрегімнің сенде екенін. 
Сандықтас жайлауының жаңбырындай, 
Сезімнің сел нөсерін селдетемін. 
Сағымдай бұлдырайды сағынышым,
Сыр толы жарылмаған нағып ішім?!
Ұланым, саған деген жырымды оқы,
Ұлыңның махаббатын тану үшін [1, 41]. 
Әрбір өлеңнің өлеңдік қасиеті, орындалу мәдениеті көңіл аударарлық, онда 
еліне, жеріне деген ғашық жүректің асау дүрсілі анық. Мұндай өлеңдер қатарына 
«Ұланым менің», «Алтай», «Ертіс», «Өскемен», «Ульба сарыны» сынды өлеңдерін 
жатқызуға болады. «Алтай» атты өлеңінде ақын:
Бұл өлкеге қашаннан ғашық адам, 
Бұл өлкенің перзенті жасымаған. 
Бұл өлкенің қойнында жақын жырлар
Бұл өлкенің көгінде тасыған ән, - [1,26] деп туған жеріне деген 
сүйіспеншілігін ыстық сезімін, перзентік махаббатын паш етеді. 
«Ұланымын-Атамекен Алтайдың» - деп ақын перзенттік сезімін тебірене 
жырлайды. Өйткені қандай да ақын – өз өлкесінің, туған жерінің үні, атамекен 
табиғаты айта алмағанды ақын жүрегі сезімталдықпен дөп басып, жерлестеріне 
айтып түсіндіреді, сүюге баулиды. 
Енді бірде туған жерге деген сағынышын ақынның «Туған жерге шағыну» 
өлеңінен байқаймыз: 
Шартарапқа шашырайды шабытым, 
Бұлдыр түнде болжай алмай шабытым. 
Ай астында алтыбақан тербеусіз. 


181 
Жамырамас жұлдыздар жабы –түн.
Тамырымды терең тартып жерге еніп, 
Гүл атамын тіршілікке өң беріп. 
Жақсылықтың жүзі желек жамылып...[1,31]. 
Туған жерінен бастау алған сол сезімі азаматтыққа ұласып, «қазағына» деген 
жан сезіміне ұласады. 
Француздың ұлы жазушысы Ромен Роллан: «Өнердің бірінші заңы: егер 
айтатының болмаса, аузыңды ашпа. Егер айтатының болса, адалын айт, алдама», - 
деп өсиет қалдырған екен. 
Серік ағамның Алматы баспасынан шыққан «Алтай асу» жинағында туған 
жер,елдің асыл тұлғалары жайлы толғаныстар филосовиялық түйіндермен 
ұштастырылады. Кітапқа енген жырлар тақырыбы сан алуан, тарихтан тамыр 
тартқан желі бүгінгі замана дауысымен астасып жатады, деп алғысөзде 
түсіндіріледі. 
Белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық 
филиалының жетекшісі Серік Байхонов Серік Ғабдуллаұлының шығармашылығын 
былай сипаттайды: «Ақын ең алдымен – жоқшы. Адам жанының, адам рухының 
жоқшысы болса, ақын әлемі – адам жанының зертханасы.Үлкенді-кішілі 
жарылыстар осында жасалады.
Серік Ғабдуллаұлы шығармашылығын үзбей қадағалап, ақын өлеңдерін 
іздеп оқитын оқырмандарының бірі ретінде байқағаным – қолтаңбасының 
даралығы, өлеңдерінің құрылысы, мазмұндық жағынан тұтастығы. Серік ақын 
әлеміне саяхат шеккен оқырманмына ұланғайыр әлемде ұзақ-сонар сапарда келе 
жатқандай әсер береді. Бұралаң, бұрылысы, қалтарысы мол әлемде адаспас үшін 
ақын сөзіне сенуге мәжбүрде. Өйткені ол ақын жүрегінен өтіп, ақын жанының 
зертханасында сыналып барып қағазға түскен -сөз. Сөз болғанда ақын алақанының 
табы, ақын жүрегінің лүпілі сақталып қалған құдіретті-сөз. Жүз жылдан, мың 
жылдан кейін де екі иінінен дем алып, жүрегі бүлкілдей соғып тұратын тірі -сөз. 
Серік Ғабдуллаұлы қазақ халқының, соның ішінде шығыс атырабының арғы-
бергі тарихында басынан өткен кезеңдік оқиғаларды қамтып, адами жан дүниенің 
айнасы - сезім құдіреттілігі арқылы адамның күнгейлі-көлеңкелі өмірінің күйзеліс, 
күйініш, сүйінішін жүрек жылуымен кемел жырлаған қаламгер. Оның поэзиясының 
алтын қазық арқауы - туған жер, туған ел, баба тарих тағылымы мен ұрпақ 
сабақтастығы. Өнген-өскен өлкесімен ұзап кетіп, шалғайда шығар шырқар шың 
іздемесе де, оның шоқтығы биік, шығармалары қазақ әдебиетінде өз алдына бір 
төбе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет