ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economy series. №2 (108). 2015
53
Алтаев Б.Ш.,
*
Тайтаразова М.Б.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ,
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
*
E-mail:moldir136@mail.ru
БЕЛГІСІЗДІК ЖӘНЕ
ТӘУЕКЕЛДІЛІК
ЖАҒДАЙЫНДА
БАСҚАРУШЫЛЫҚ
ШЕШІМДЕР
ҚАБЫЛДАУ
ӘОЖ 657.6 (574)
Белгісіздік – ақпараттың барлық өңделу кезеңінде пайда
болады. Белгісіздікті өлшеу қиынға соғады, əдетте оны сапа
тұрғысынан, мысалы, көп немесе аз, жоғары немесе төмен
деп бағалайды. Белгісіздікті
пайыздық мөлшерде өте сирек
өлшейді. Көп жағдайда белгісіздікті басқару шешімдерін
əзірлеумен, ал тəуекелділікті – басқару шешімдерін іске
асырумен, яғни басқару шешімдерінің нəтижелерімен бай-
ланыстырады.
Белгісіздік – тəуекелділіктің пайда болуының басты се-
бепкері. Сондықтан кəсіпорын басшысының басты міндеті
кəсіпорын қызметімен байланысты орын алған тəуекелділік-
ті тудыратын белгісіздік көлемін азайту болып табылады.
Тəуекелділік, ең алдымен, экономикалық жойылуға əкелетін,
жағымсыз, қолайсыз жəне қауіпті жағдай.
Тəуекелділік жағдайында ықтималдық теориясын пайда-
лана отырып, ортаның кейбір өзгерістерінің ықтималдық
деңгейін есептеуге болады. Басқару шешімдерін қабылдау
кезінде тəуекелділік деңгейін бағалау жəне оның мөлшерін
анықтау талап етіледі.
Тəуекелділік деңгейі – жоғалту
жағдайларының орын
алу ықтималдығы, сондай-ақ жоғалту салдарынан болуы
мүмкін зиян мөлшері.
Кəсіпкердің тəуекелділігі шамамен субъективті бағалан-
ған ықтималдық бағасымен (яғни күтілетін), салынған капи-
талдан алынатын максималды жəне минималды табысы
(шығысы) мөлшерімен сипатталады. Бұл ретте, тең ықти-
малдылық жағдайында максималды жəне минималды табыс
(шығыс) арасындағы айырма көп болған сайын, тəуекелді-
лік деңгейі жоғары болады.
Тəуекелділік «жолы болу-болмау»
принципі бойынша
орындалатын жағдайды көрсетеді. Кəсіпорын тəуекелділі-
гін өз мойнына алу шаруашылық жағдайдың белгісіздігіне
əкеледі, яғни кез келген қызмет түріне əсер ететін саяси жə-
не экономикалық жағдайдағы белгісіздік, сондай-ақ осы жағ-
дайлардың өзгеру мүмкіндіктері. Шешім қабылдауда шаруа-
шылық жағдайдағы белгісіздік жоғары болған сайын, тəуе-
келділік деңгейі де жоғары болады.
Белгісіздіктің төрт деңгейі бар:
1. Төменгі белгісіздік – басқару шешімдерін дайын-
даудың типтік процедураларына əсер етпейтін белгісіздік.
ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №2 (108). 2015
54
Белгісіздік және тәуекелділік жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау
2. Орташа белгісіздік – басқару шешімдерін
дайындаудың маңызды процедураларын қайта
қарауды талап ететін белгісіздік.
3. Жоғары белгісіздік – басқару шешімде-
рін дайындаудың жаңа процедураларын əзір-
леуді талап ететін белгісіздік.
4. Өте жоғары белгісіздік – басқару шешім-
дерін дайындау кезіндегі мамандардың түсіні-
гінен тыс белгісіздік.
Шаруашылық жағдайдағы белгісіздік мына
факторларға негізделеді:
толық ақпараттың
жоқтығы, кездейсоқтық жəне қарсы əрекет.
Шаруашылық жағдай жəне оның келешегін
өзгерту туралы толық ақпаратының жоқтығы
кəсіпкерді жетіспейтін қосымша ақпаратты із-
дестіруге, ал егер ондай мүмкіншілік болмаған
жағдайда, өзінің тəжірибесіне, ішкі түйсігіне
сүйене отырып, тəуекелге бел буып шешім қа-
былдауға итермелейді.
Кездейсоқтық көбіне шаруашылық жағдай-
дың белгісіздігін анықтайды. Кездейсоқтық –
көбіне бірдей болмайды, сондықтан оны алдын
ала болжау мүмкін емес. Осы заңдылықтарды
зерттеуге арналған математикалық аппарат ық-
тималдық теориясы болып табылады. Нақты
анықталған сандық сипаттамалар, яғни олар-
дың ықтималдығы болған жағдайда ғана кез-
дейсоқ жағдайлар
ықтималдық теориясының
пəні бола алады
Қандай да болмасын жағдайдың ықтимал-
дылығы 0-ден 1,0-ге дейін ауытқиды немесе
мүмкін емес деп есептеледі. Егер ықтималдық
0-ге тең болса, онда жағдай мүмкін емес деп
есептеледі. Егер де ықтималдық 1-ге тең болса,
онда жағдай сенімді деп анықталады. Ықти-
малдық кездейсоқ жағдайларды болжауға мүм-
кіндік береді. Ол оған сапалық жəне сандық си-
паттама береді. Осы кезде белгісіздік деңгейі
мен тəуекелділік деңгейі азаяды.
Ықтималдылық – бұл нақты бір нəтижені
алу мүмкіндігі.
Ықтималдық теориясы əдiстерiнің басты
экономикалық мiндеттерін
қолдану математи-
калық күтімнің ең көп мөлшеріне сүйене оты-
рып, ықтималдықтың деңгейін анықтауға əке-
леді. Басқаша айтқанда, кез келген жағдайдың
математикалық күтімі осы жағдайдың абсолют-
ті көлемі көбейтілген осы жағдайдың орын алу
ықтималдығына тең болады [1].
Тəуекелділік шамасы (тəуекелділік дең-
гейі) екі критериймен өлшенеді:
– орташа күтілетін шама;
– мүмкін нəтиженің құбылмалығы (ауыт-
қуы).
Орташа күтілетін шама белгісіздік жағ-
дайымен байланысты.
Орташа күтілетін шама – əрбір нəтиже сəй-
кесінше анықталған шамаға сай келетін, мүм-
кін болатын барлық нəтижелердің орташа мөл-
шері. Орташа күтілетін шама орташа есеппен
күтілетін нəтижелерді өлшейді.
Болуы мүмкін нəтиженің өзгеруі орташа
шаманың күтілетін шамадан ауытқу дəрежесін
көрсетеді. Бұл үшін тəжірибеде екі жақын бай-
ланысқан критерийлер қолданылады:
диспер-
Достарыңызбен бөлісу: