Абдуллина г. К


Ерте жастағы аутизм және мутизм



Pdf көрінісі
бет23/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

Ерте жастағы аутизм және мутизм 
Аутизм - (грек. autos - өзім) - баланың сырткы ортадан оқшауланып, 
өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-күйі. Бұл 
терминді 1912 жылы Э. Блэйхер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен 
реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік 
саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Э. Блейхер мен Лео Каннер 
балалар аутизмі жайлы мәселені жан-жақты зерттеген. Э.Блейхер адамның 
ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы іс-әрекеттерге 


57 
тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін 
«аутизм» терминін енгізген.
Аутизм неврологиялық бұзылулардан болатын және бірден-үш жасқа 
дейінгі аралықта айқындалатын, дамудың тұрақты бұзылуы. Туа біткен және 
жүре пайда болған аутизм мидың функциялары мен жекеленген 
құрылымдары жетілу процестерінің бұзылуымен тығыз байланысты. Кейбір 
ғалымдардың пікірі бойынша аутизм әртүрлі метаболизмдік және 
хромосомалық 
ауруларда 
(атап 
айтқанда 
фенилкетонурия, 
Даун 
синдромында, туберозды склероз және т.б.) жиі кездеседі.
Аутизм МКБ-10 аурулардың топтамасында F84,0 шрифі бойынша 
«Балалар аутизмі» ретінде тіркелген. Психиатр аталған диагнозды тек үш 
жастан кейін ғана қоюы мүмкін. Аутизм диагнозы қойылған балалардың 
мінез-қылықтық мынандай ерекшеліктері байқалады [1]: 
Біржасқа дейінгі кезеңде баланың жылауы бірсарынды және мәнерсіз. 
Гуілдеуі мен «жандану» комплексі болмайды. Белсенділіктері төмен, көзге 
қарамайды. 
Екі-үш жас кезеңінде алғашқы сөздері қалыптасуы мүмкін, бірақ бала 
оларды қажетсіз қолданады. Балаға көбінесе оңаша қалу ұнайды. Басқа 
балалар сияқты анасыз қалғанда мазасызданбайды. Ойыншықтарды бір 
түзудің бойына қою баланың сүйікті ойыны болуы мүмкін.
Үш-төрт жас кезеңінде басқа балалармен бірге ойнауға ұмтылмайды, 
өзі жайлы екінші немесе үшінші жақтан («сен», «ол» деп) айтады. Сөйлеген 
сөздерінде мағынасыз әрі түсініксіз қайталана беретін жекеленген немесе 
фразалық сөздер болуы мүмкін. Балалар айналасындағы жағдайлардың мән-
мағынасын өте жиі түсінбейді; адамдар, жануарлар және жансыз заттарды 
ажырата алмайды; барлық болып жатқандарға эмоциясы әлсіз; барлық 
жаңалықтан – жаңа құбылыстардан қорқады; бірсарынды (саусақтарымен 
тоқылдату немесе қолын қайта-қайта сілку сияқты) қимылдар мен 
қозғалыстарды үнемі қайталайды. 
Балалар аутизмі психиканың патологиялық жағдайларымен тығыз 
байланысты. Балалар психикасындағы патологиялық мәселесімен көптеген 
психологтар айналысқан: П.Б.Ганнушкин, О.В. Кербиков, Н.И. Фелинская, 
Ю.К. Чибисов, С.А. Суханов, Г.М. Шавердян, Б.В. Зейгарник, В.М. Блейхер, 
И.В. Крук, Н.К. Киященко, Ф.Хоппе және т.б. зерттеуші ғалымдар 
жағымсыз психикалық әсерлер салдарынан пайда болатын күйлерді 
психогения немесе психикалық жарақаттар деп түсіндіреді. Психогения 
психопатиялық мінез- құлық патологиясын тудырады. О.В. Кербиковтың 
талдауы бойынша психопатиялық жағдай адамның ерік-жігері мен 
эмоциясын ғана өзгеріске ұшыратпайды, тіпті ойлау қабілетіне де күрделі 
өзгерістер әкеледі. Психопатия адамның бас миы мен психикалық 
ерекшеліктеріне байланысты көрініс табады.  
Мангеймер Гомес, Мориц Трамер, Иван Васильевич Маляревский, 
Иван Павлович Мержеевский, Александр Федорович Лазурский, Михаил 
Осипович Гуревич, Самуил Семенович Мнухин, Михаил Иосипович 


58 
Лапидес және т.б. ғалымдар психикалық өзгеріс жағдайларын терең 
зерттеген. Мидың патологиялық жай-күйі психиканың жеңіл, болмашы 
өзгерістеріне де әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда ақиқат дүниені 
бейнелеу бұзылмайды да, мінез-құлық та елеулі өзгеріске ұшырай 
қоймайды. Мұндай психикалық ауруларға невроз, психопатия (психикалық 
дисгармония) жатады. 
Аутизм ауруын алғаш зерттеушілердің бірі американ психиатрі – Лео 
Каннер. Балалық шақтағы аутизмнің түрлері мен зиятпен сөйлеу дамуының 
деңгейлері әртүрлі болады. Л.Каннердің пікірі бойынша ерте балалық 
шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді: аутистикалық 
уайымдар, стеротипі, үйреншікті, бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде 
ерекше сипаттағы кемістіктер.
Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп 
ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі 
орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым 
қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер 
мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист 
балаларда жиі кездеседі. Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, 
зат алмасу өзгерістері, анасының жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, 
нейроинфекциялар және т.б. жағымсыз әсерлер мүмкіндігі бар. Кейде 
аутист бала туған кезде ерекше болады: солғын, тамақ сұрап мазаламайды, 
жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді, өскен кезде ештеңеге 
қызықпайды, кейбір сөздерді немесе сөйлемдерді қағып алып, түсінбей 
қайталай 
береді. 
Жақын 
адамдармен, 
анасымен 
байланысты 
симбиотикалық, сондықтан жақын адамдарды түсіну, аяу, көну деген ұғым 
жоқ. 
Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік 
ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Аутист балалардың есте 
сақтау қабілеті жоғары болады. Әсіресе, математика мен музыка салаларына 
ерекше дарынды, сондайақ бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ 
аталған қабілеттер кешірек байқалады. Сондықтан осындай қабілеттерді 
баланың қалыпты ортасында тәрбиелеу отырып тәрбиелеп қалыптастыруға 
болады.
Мидың негізгі аффективті бөлімінің интенсивті зақымдануын зерттеу 
нәтижесінде ерте аутизм синдромы бар балалардың төрт тобы анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет