85
бұзушылық үшін жазаға тартылуы тиіс.
2. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстык құкық бұзушылық үшін
жауаптылыққа жол берілмейді.
3. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмыстық кұқык бұзушылыққа кінэлі
деп танылады делінген (19-бап). Қылмыстық құқықта белгілі бір қоғамға зиянды зардап орын алады
немесе қоғамға зиянды іс-әрекет істеді екен деп кінәсізден-кінәсіз жауапқа тартуға мүлдем жол
берілмейді. Бұл - қылмыстық құқықтың табиғатына жат құбылыс.
Сонымен, кінә дегеніміз бұл адамның өзінің қасақаналыкпен немесе абайсы- зда істейтін коғамға
қауіпті іс-әрекетіне жэне оның қоғамға зиянды зардабына деген
көзқарастарының жиынтығының
көрсеткіші болып табылады.
Істелген эрбір қылмыстық құқық бұзушылық үшін кінэнің болуы - объективті ақиқат.
Қылмыстық құқык бұзушылықтың субъектісінің кінэлілігі туралы тұжырымды сот іс бойынша
жинақтаган дәлелдемелер арқылы анықтайды. Кінә екі түрлі -
қасақаналық және абайсыздық
нысанда болады. Кінэ туралы сөз кылмыстық заңда корсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді, яғни
кылмыстык кұқық бұзушылықты істеген жағдайда ғана болады. Қылмыстық құқық бұзушылык
құрамы болмаса, кінэ туралы сөз де бол- майды.
Кінэ психологиялык, сондай-ақ элеуметтік
ұғымдардың
жиынтығы, адамның істеген эрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті
зияндылығын жэне одан туа- тын зардапты сезінуі немесе сезінуге мүмкіндік
болуы кінәнің
психологиялық мазмұнын құрайды. Адамның өзінің істеген іс-эрекетінің және одан туындайтын
зардаптың, яғни оның қоғамға қауіпті мәнін сезінуі немесе сезінуге мүмкіндігі
болуы кінэнің
әлеуметтік мазмұнын құрайды. Сезіну және еріктілік — психикалық көзқарастарды кұрайтын эле-
менттер болып табылады. Сезіну (интеллектуалды кезең) жэне ерік (еріктілік кезең) өзара жиналып
кінэнің мазмұнын кұрайды. Сонымен, кінэнің өзі екі түрлі - сезіну және еріктілік кезеңдері арқылы
сипатталады.
Интеллектуалдық жэне еріктілік кезеңдерінің әр түрлі өзара
катынасы кінэнің ны- сандарын,
түрлерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Қылмыстык кодексте кінәнің нысандарының екі түрі -
қасақаналык және абайсыздык түрі көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: