Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


 КвашисВ. Е. Преступная неосторожность. Владивосток, 1986. Нерисян В. А. Неосторожные преступления



Pdf көрінісі
бет38/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

10
 КвашисВ. Е. Преступная неосторожность. Владивосток, 1986. Нерисян В. А. Неосторожные преступления. 
Красноярск, 1991. 


92 
Сондықтан эр уақытта да немқұрайдылықтың объективтік және субъективтік белгілерінің өзара 
тығыз екендігін естен шығармау керек. Немқұрайдылықтың субъек- тивтік белгісі коғамға зиянды іс-
әрекет істеген адамның әрбір накты жағдайға байланы- сты өзіндік ерекшеліктерін есепке алуды 
қажет етеді. Адамның өзінің әрекетін немесе эрекетсіздігінің қоғамга зиянды зардабының болуы 
мүмкін екені туралы болжауын шеш- кен кезде оның жасын, білімін, жетілу деңгейін, кәсіптік 
немесе өмірлік тэжірибесін, денсаулық жағдайын, іс-эрекет істелген уақыттың жағдайын есепке 
алып, оларға дүрыс баға беріп, тұжырымды корытынды жасау керек. Тек кана субъективтік белгіні 
басшылыққа ала отырып, адамның коғамға зиянды зардаптың нақты болуы мүмкіндігін болжағаны 
немесе болжамағаны аныкталады. 
Субъективтік белгінің болуы адамды жазықсыз жауапқа тартуға жол бермейді. Сондықтан да 
қылмыстық құқық ғылымы немқұрайдылықтың субъективтік белгісі- не ерекше мэн береді. 
Сонымен бірге немқұрайдылыктың субъективтік белгісі тура- лы мәселені шешкенде ең алдымен 
оның объективтік белгісінің барын анықтау кажет. Немкұрайдылыктың объективтік белгісі (адам 
өзінің іс-әрекетінің зиянды зардабының болуы мүмкін екендігін болжамаса) жоқ болса, онда 
немқұрайдылықтың субъектив- тік белгісі туралы сөз де болмайды. Қорыта айтқанда, заң бойынша 
қылмыстық құқық бұзушылық үшін немқұрайдылық егер объективтік белгі (адам өзінің іс-эрекетінің 
зиян- ды зардабының болуы мүмкін екенін болжауға тиісті болуы) анықталса жэне адамның өзінің 
іс-әрекетінің зиянды зардабының болуы мүмкін екенін болжай алатын болғанда орын алады. Сол 
зардаптың болуын болжауға мүмкіндігі болган күнде ғана сол адам кез келген зардапка кінэлі 
болады. Мысалы, Абаев пен Әбиев арасында екеуара өзара жан- жал болып, бір-бірімен жұлқыласып 
төбелес болған. Төбелес барысында Абаев Әбиевті қатты итеріп жіберген. Нәтижесінде Әбиев 
асфальтқа басымен күлап, содан бас сүйегі сынып, миына кан құйылып, екі тәуліктен соң қаза 
болған. Сот Абаевтың әрекетін абай- сызда кінэнің абайсыздық нысанының немқұрайдылық түрі 
бойынша кісі өлтіргені үшін кінэлі деп тапқан. Асфальтқа жолдың үстінде тұрған Абаев Әбиевті 
итерген кезде оның катты бетонға соғылып өлуіне душар болуы мүмкін екенін болжамаса да, осыдан 
ауыр зардап болатынын болжауға міндетті еді. 
Кінәнің абайсыздык түрі болып табылатын немқұрайдылыктың менмендікпен бір ғана 
ұксастығы бар. Абайсыздықтың осы екі түрінің интеллектуалдық ортак белгісі - кінэлі адам сол 
накты жагдайға байланысты коғамға зиянды зардаптың нақты болуын болжауга тиісті болса да 
болжамайды. Кінэнің менмендік түріне қарағанда немқүрайдылықта кінэлі өзінің істеген әрекеті мен 
әрекетсіздігі коғамға зиян екенін түсінбей, білмей істе- гені жэне өзінің іс-әрекеті қоғамға зиянды 
нәтиже тудыратындығын болжауға тиісті және болжай алатын болса да, оны ол болжамай істейді. 
Кінэнің басқа түрлеріндегі әрекет не- месе эрекетсіздік коғамға зияндылығын жэне одан туатын 
зардапты сезе тұра істелінеді. 
22- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет