90
менмендікпен жасалган деп танылады.
3.
Егер адам өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қогамга қауіпті зардаптар тугызу
мүмкіндігін алдын ала болжап білмеген болса, дегенмен тиісті ұқыптылық пен сақтық
танытқанда, осы зардаптарды алдын ала болжап білуге тиіс және біле алатын болганда,
қылмыстық құқық бұзушылық немқұрайлылықпен жасалган деп танылады.
Орта есеппен эрбір оныншы қылмыстык кұкық бұзушылык абайсыздыкпен істеледі: осыган орай
оның зияндылыгы немесе басқадай теріс эсері жоқ деп санауга болмайды.
Кейбір жагдайларда
абайсыздықпен істелген қылмыстыккүкыкбүзушылықтарды келетін зардаптардың жүгі ауыр,
таукыметі аз болмайды. Техниканын, тұрмыстық хммияның, көліктін эр түрінің дамуының, экология
саласындагы жол берілетін үқыпсыздык салда- рынан болатын абайсыздық қылмыстық құқық
бұзушылық туралы жауаптылық мәселесі қазіргі уақытта ең көкейтесті мэселелердің бірі болып
отыр'
Абайсыздықпен істелетін қылмыстық құқық бұзушылық негізінен жауапсыздықтан,
байқаусыздықтан, өзінің кәсіптік немесе басқадай міндеттеріне немкеттілікпен, енжарлықпен
қараудан, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жете көңіл бөлмегендіктен, сондай-ақ өзіне
жүктелген кінэлі адамдардың кәсіби шеберлігінің, тэжірибесінің, білімінің жетіспеуінен немесе
басқадай себептерге байланысты болады.
Абайсыздық туралы ұгым Қылмыстық занда берілген (21-бап).
Онда менмендікпен немесе
немқұрайдылықпен жасалган әрекет абайсызда жасалған қылмыстық құкык бұзушылық деп
танылады (21-бап, 1-бөлігі) делінген. Ягни, кінэнің абайсыздык нысаны екі түрге - менмендік жэне
немқұрайдылық болып бөлінеді. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамга қауін туғызуы
мүмкін екенін алдын ала білсе, бірак бұл зар- даптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен
болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалган қылмыс деп танылады. Өзінің
әрекетінің немесе эрекетсіздігінің қоғамға қауіп туғызу мүмкіндігін білсе және зиянды зардаптар
болуы мүмкін екендігін болжау қылмыстық құқық бұзушылықты жеңіл ойлылықтың
интеллектуалдык элемен- тін, ал жеңіл ойлылықпен ондай зардаптарды болгызбау мүмкіндігіне сену
оның ерік- тілік элементін құрайды.
Менмендікпен қылмыстық кұқық бұзушылық істеуде кінәлі адам өзінің эрекетінің немесе
эрекетсіздігінің қоғамға қауіп туғызу мүмкіндігін сезеді, сонымен
бірге ол өзі істеген
әрекетсіздігінен немесе әрекетінен қоғамға зиянды зардаптың тууын болжайды, бірақ жеткілікті
негізсіз жеңілтектікпен ондай зардапты болғызбау мүмкіндігіне сенеді.
Менмендікпен әрекет істеген адам эр уақытта да зардаптың болуы мүмкін екенін се- зеді және
оны тойтаруға әрекет жасайды. Ягни, қылмыстық кұқық бұзушылықта мен- мендікте кінэлі адам
өзінің қоғамға қауіпті эрекет немесе әрекетсіздігінің зиянды екенін түсінеді. Осы айтылған екі белгі
кылмысты менмендікпен істеуді 18-тарауында жана- ма қасақаналықпен істеуге жақындастырады.
Яғни, өзінің интеллектуалдық элементі бойынша менмендіктің жанама қасақаналыклен аздаған
ұқсастығы бар.
Егер жанама қасақаналықта кінәлі нақты зардаптың болуын біле тұра саналы жол берсе,
менмендікте зиянды зардаптың болуы мүмкін екендігін ғана болжап, ондай зар- дап бола калған
күнде ол тойтарылады деген жеңіл сенім орын алады. Зардап болмай- ды деп сенушілік әр түрлі
болады. Мысалы, кінәлінің өзінің жеке басының ептілігіне, тәжірибенің
немесе басқалай табиғат
күштеріне немесе басқа жағдайларға сенуден қылмыс тойтарылады, қолайсыз оқиға болмайды деген
сеніммен істеушілігі. Ал іс жүзінде қылмысты тойтаруға қабілеті жетпейді. Мэселен, Мэліков деген
азамат Бақанас селосының тұсындағы Іле өзенінен өзінің жеке меншік моторлы қайығына үш
адамның орнына бес адамды отырғызып, өзеннің арғы жағына өткізіп тастамақшы болған. Өзеннің
орта тұсына келгенде қатты су толқынының әсерінен қайық аударылып, Ж. деген азамат суға кетіп
қаза болган. Мэліков менмендікпен кісіні абайсызда өлтіргені үшін кінэлі. Өйткені Мәліков өзінің
үйреншікті әдісін қайталап отыр. Осындай әрекеттерді істеуде- гі көп жылғы тәжірибесіне сүйеніп,
91
үш адамдык кайыққа бес адам отырғызған, соның салдарынан толқынның агысына ұрынган қайык
ауыр салмақтан ауып, жәбірленушінің суға кетіп қаза болуына себепкер болған. Мәліков қайыққа
артық адам сыйғызғанда өзінің ептілігіне сүйеніп, оларды өткізуде қайықтың аударылуына жол
бермеймін де-
10
ген өзіне-өзі сенушілікпен қылмыстық құқық бұзушылық істеген деп сот үкімінде
корсетілген. Менмендіктің жанама қасақаналықтан негізгі, басты айырмашылығы еріктілік
элементінің мазмұнында. Егер жанама қасақаналықга кінәлі адам қогамга зи- янды зардаптың
болуына саналы түрде жол берсе, ал менмендікте зардаптың болуын тілеу, оган саналы түрде жол
беру орын алмайды, мұндайда субъект
керісінше зардапты болгызбауга, оны тойтаруга тырысады.
Қылмысты менмендікте адамның санасы мен еркі өзінін іс-әрекегі арқылы болуы мүмкін. Теріс
зардапқа немқұрайды қарап отырмай, кайта оны тойтаруға, болдырмауга бағытталады. Заң
менмендіктің еріктілік мазмұнын сипаттаганда қогамға кауіпті зар- дапты тойтаруды болдырмауды
есепке алып отыр. Кінэлі адам мұндай реттерде зардап- ты болдырмайтын, тойтаратын нақты күшке,
ептілікке, тәжірибеге, шеберлікке, басқа адампың эрекетіне немесе баска да жагдайларға сеніп отыр.
Бірак та зардап тойтары- лады, болдырылмайды, оған кедергі болады, деп сенген жагдайлары
жеңілтектіктен, терең ойламагандықтың, менмендіктің эсерінен сенуге тұрмайтын, түкке тұрмайтын
нәрселер болып шыгады. Қылмыстык заң қоргайтын объектіге немкұрайды қарауга, осындай іс-
әрекеттің эсерінен қоғамдық мүддеге зиян келтіруге жол бермейді.
Осыган байланысты
менмендікпен кылмыс істегені үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Абайсыздықтың екінші
түрі - немкұрайдылык болып табылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болганда ол зардаптарды болжап білуге тиіс жэне
болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық кауіпті зардаптарының
болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыстық құқық бұзушылық немқұрайдылықпен жасалган
деп танылады (21-бап, 2-бөлігі). Осы анықтамага байла- нысты өзінің іс-әрекетінің зиянды екенін
түсінбеген, зиянды зардаптардың болуы мүмкін екенін болжамаган адам не үшін кылмыстық
жауаптылыққа тартылады деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Мұндай жағдайда адам заңның
талаптарына,
қоғам ережелеріне, басқа да адамдардың мүдделеріне ұқыпсыз, жауапсыз, байқамай
шалағайлықпен, яғни өзінің немқұрайдылыгынан өзінің іс-әрекетінен зиянды зардаптың болуы
мүмкін екен- дігін болжауға тиісті жэне болжай алатын болса да болжамайды.
Бұдан қылмыстық құқық бұзушылық үшін немқұрайдылыктың екі түрлі белгімен си-
патталатынын көреміз. Оның біріншісі, адам өзінің әрекетінің немесе эрекетсіздігінің зиянды
зардаптарын болжауға тиіс болса, екіншісі болжай алатын болса. Қоғамға зиян- ды зардапты
болжауға тиісті, міндетті болу немқұрайдылықтың объективтік белгісі бо- лып табылады, ал зиянды
зардапты
болжай алатын болса деген сөз, немқұрайдылыктын субъективтік белгісін түзеді. Заң
кылмыстық немқұрайдылықты осы екі объективтік және субъективтік белгісін біріктіру арқылы
айқындайды. Немқұрайдылықтың объ- ективтік белгісінің мэні адамның өзінің іс-әрекетінен қоғамға
зиянды зардаптың бо- луын болжауга міндеттілігі болып табылады. Мұндай міндеттілік заң
талаптарынан, кінәлінің лауазымдык құзыретінен, кәсіптік функциясынан немесе тұрмыс
ережелерінен туындайды. Зардаптың болуы мүмкін екендігін болжау міндеттілігінің жоқ болуы ол
адамның нақтылы келтірген зияны болган күннің өзінде оның кінәсін жоққа шығарады. Зардаптың
болу мүмкіндігін болжауға міндеттіліктің болуының өзі адамды кінэлі деп тануга элі де жеткілікті
негіз бола алмайды. Болжауга міндеттіліктің болуымен катар немкұрайдылықтың объективтік белгісі
адамның осы нақты жагдайда қогамга зиянды зардаптың болуын болжауга нақты мүмкіндігі
(субъективтік белгісі) болгандыгы, бірақ бұл мүмкіндікті жүзеге асыра алмағандыгын, сөйтіп
зардаптан қашып құтыла алмаганын анықтау қажет. Осындай жагдай орын алган ретте адамды
нсмқұрайдылықпен қылмыстык құқык бұзушылык істедің деп жауапка тартуга негіз жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: