20-
6 а п. Қасақана жасалган қылмыстық қүқық бүзушылық
1.
Тікелей немесе жанама пигылмен жасалган іс-әрекет қасақана жасалган қылмыстық
қуқық бузушылық деп танылады.
2.
Егер адам өз әрекеттерінің (арекетсіздігінің) қогамга қауіпті екенін угынган болса, оның
қогамга қауіпті зардаптарының болу мүмкіндігін немесе болмай қоймайтынын алдын ала
болжап білген болса және осы зардаптардың туындауын қалаган болса, қылмыстық қуқық
бузушылық тікелей пигылмен жасалган деп танылады.
3.
Егер адам өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қогамга қауіпті екенін угынган бопса, оның
қогамга қауіпті зардаптарының болу мүмкіндігін алдын ала болжап білген болса, осы
зардаптардың орын алуын қаламаса да, оларга саналы түрде жол берсе не оларга немқурайлы
қараса, қылмыстық қуқық бузушылық жанама пигылмен жасалган деп таны- лады.
Қылмыстық заңда жэне сот-тергеу тәжірибесінде ең көп кездесетін кінәнің нысаны қасақаналық
болып табылады. Кінэнің қасаканалык нысанын дәлме-дәл анықтаудың заңдылык маңызы ерекше.
Қазакстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 23 желтоксанда қабылдаған «Азаматтардың
өмірі мен денсаулыгына карсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың
қолдануы туралы» каулысында баска да мэн-жайларды аныктаумен бірге соттар жаза
тағайындаганда касаканалықтүрін, істелген кылмыстың ниеті мен мақсатын ескеруге міндетті, деп
көрсетілген. Қасаканалыктың мазмүны Қылмыстык кодекстің 20-бабының 1-бөлігінде көрсетілген.
Мұнда «тікелей не- месс жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыстык кұқық
бұзушылық деп танылады», - делінген. Қылмыстық құкық бұзушылықтың қасақана істеу тікелей не-
86
месе жанама касаканалыкпен жүзеге асырылады. Қасақаналықтың ұғымы негізінен екі түрлі
элементтен - интеллектуалдык және еріктілік кезеңнен құралады. Өзінің әрекетінің немесе
әрекетсіздігінің когамға қауіпті мәнін сезіну жэне сана-сезім арқылы өтетін оның қоғамға зиянды
зардабын болжау қасақаналықтың интеллектуалдық (сезім) кезеңін кұрайды. Зардаптың болуын
тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру еріктілік кезеңі деп аталады. Істелетін іс-әрекеттің
қогамға қауіптілігін сезіну касақаналықтың қажетті элементі болып табылады, мұндай элементтің
болмауының өзі кінэліліктің болмағандығын дәлелдейді.
Іс-эрекеттің коғамға қауіпті мэнін сезіну деп сол әрекет немесе эрекетсіздіктен тіке- лей
туындайтын зардаптың мәнісін және мазмұнын түсінуді айтамыз.
Адам өзі белгілі бір қогамға кауіпті іс-әрекетті істеу кезінде өзінің кылмыстық заң коргайтын
кандай объектіге қол сұғатынын, одан келтірілетін зиянды, сондай-ак осы іс-әрекеттің жүзеге
асырылу уақыты, орны, тәсілі, жағдайы сияқты мән-жайларды ой елегінен өткізіп, елестетеді. Осы
компоненттердің барлығының да кінәлінің са- насы аркылы елестетілуі, оның іс-әрекетінің белгілі
бір әлеуметтік игілікке қарсы багытталғанын, нәтижесінде одан коғамдык қатынастар жүйелеріне
зиян келетінін, яғни оның қоғамға кауіптілігін сезінуге мүмкіндік береді. Әрбір адам өзінің саналы
ойына, өмірлік тәжірибесіне, біліміне, құкылык мэдениетіне сэйкес өзінің іс-әрекетінің коғамға
қауіптілігін сезінуге қабілетті болып табылады.
Іс-әрекеттің коғамға кауіптілігін сезінуді қылмыстық заң тыйым салған, оған кайшы іс-
эрекеттерді істеуді сезумен теңестіруге болмайды. Қасақана қылмыстық құқык бұзушылық
істегендердің басым көпшілігі өзінің іс-эрекетінің қылмыстық заңға кайшы екенін сезеді. Бірақ та
қылмыстық заң тыйым салған эрекет немесе эрекетсіздікті білмей істейтін жэйттер де кездесіп қалуы
мүмкін. Мысалы, түзеу мекемелерінде, тергеу изоля- торларында, тәрбиелеу және емдеу
ирофилакторийлеріндегі адамдарға ішімдік, дәрілік немесе есірткі заттарды, сондай-ак тыйым
салынған басқа да бұйымдарды тексерудсн жасырып беру немесе кез келген эдіспен беруге
эрекеттенудің кылмыстык заң тый- ым салған, жазалайтын әрекет екенін әркім біле бермейді. Соған
карамастан адамның мұндай әрекеті касақана қылмыстық кұкық бұзушылықты істегендік болып
есептелінеді.
Өйткені, іс-эрекеттің қылмыстық заңға қайшылыгын сезінуді заң шығарушы касаканалыктың
белгісі ретінде арнайы көрсетпеген. Дегенмен де кейбір регтерде заң шығарушы іс-эрекеттің
касакана қылмыстык кұкык бұзушылык кұрамына жаткызылуы үшін кылмыстық жауаптылықтың
шарты ретінде кінәлінің өзінің іс-әрекетінің кылмыстық заңга қайшы екендігін сезінуін тиісті
қылмыстық құқылық нормада тікелей атап көрсетеді. Мысалы, біреуді біле тұра заңсыз тұтқынга
немесе камауга алу, анықтама, тергеу, прокуратура немесе сот органдарының біреуді біле тұра
заңсыз кылмыстык жауапка тартуы, әкімшілік шараларды қолданғаннан кейін тиісті рұқсат
етілмеген неме- се тыйым салынган жерлерде тыйым салынган мерзімде заңсыз аң аулау.
Қасақаналықтың интеллектуалдық элементін сипаттайтын бір кажетті белгісі, кылмыс
субъектісінің өзінің әрекетінен немесе эрекетсіздігінен болатын зиянды зардабын болжа- уы болып
табылады. Егер айыпкер мұндай зардаптың болуын болжамаса және болжауга мүмкіндігі болмаса,
ол кылмыстык құкық бұзушылык үшін жазалауға тартылмайды. Қогамға зиянды зардаптың тууын
болжау деп кінэлінің өзінің іс-әрекетінен туындайтын, кылмыстық заң корғайтын қоғамдық
қатынастарға келтірілетін зиянды оймен елестету болып табылады. Тікелей қасақаналыкта
болжаудың мазмұнын іс-әрекеті арқылы кел- тірілген зардаптың нақты түрлері, оның коғамға
зияндылыгы, сондай-ак осы іс-әрекетпен келтірілген зардаптың арасындағы себепті байланыстың
өрбуі сиякты белгілер құрайды.
Тікелей касаканалықта когамга қауіпті зардаптың болмай қалмайтындыгы болжана- ды. Белгілі
бір зардап келтіруге ниет еткен адам өзінің ниетінің сөзсіз іске асатындығына кэміл сенеді жэне
туындайтын зардапты ой-сана арқылы елестетіп, оның, сөз жок, бол- май калмайтындығына көз
87
жеткізеді. Кейбір реттерде ғана тікелей қасақаналыкпен кылмыстық құқық бұзушылық істегенде
қогамға қауіпті зардап сөзсіз болатын түрде емес, тек қана накты мүмкін болатын зардап ретінде
болжануы мүмкін. Мысалы, жүріп келе жатқан пойыздан жәбірленушіні лақтырган адам өзінің
кылмысының нәтижесі - құрбанының өлуі, немесе оның кез келген дэрежедегі дене жаракатын
алатындыгын се- зеді. Мұндай жагдайда істелген әрекеттің нәтижесінен кісі өлімін тілеу занды
құбылыс болғанымен, кісі өлімінің орын алуы сөзсіз түрде емес, бірақ та әйтеуір жүзеге асатындай
болып елестейді немесе кінэлі адам өзінен біршама кашыктықта тұрган адамды эдейілеп көздеп
атқанда, ол жәбірленушінің өлуі мүмкін екенін ғана болжайды.
Қогамға зиянды зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру тікелей
қасақаналыктың еріктілік элементін кұрайды.
Тілеу - бұл белгілі бір максатка, нәтижеге жету деген ерік білдірушілік болып табы- лады.
Тікелей касаканалықта когамга зиянды зардаптың болуын тілеу, эр түрлі нысанда көрінуі мүмкін:
а) Қоғамга зиянды зардап келтіру кінәлінің түпкі мақсаты немесе қогамға зиян- ды зардап түпкі
максатқа жетудің кажетті кұралы болса, я болмаса, б) қогамга зиян- ды зардап кінэлі адам үшін түпкі
мақсатқа жетудің белгілі бір сатысы болуы мүмкін. Қылмыстык заңда қасақаналықтың анықтамасы
материалдык құрамдағы қылмыстық кұқық бұзушылықтарга арналып берілген. Формальдық
кұрамдагы қылмыстык құкық бұзушылык үшін касаканалықтың мазмұнын осы тұргыда
қылмыстардың объективтік жагынын белгісі болып табылатын істелген қоғамга қауіпті эрекет
немесе әрекетсіздіктің қогамга зияндылыгын сезу гана жеткілікті болып табылады. Қылмыстық
құкык бұзушылықтың зардабы формальдык құрамдағы қылмыстық құкық бұзушылыктардың
объективтік жағының міндетті белгісі болмайтындықтан, кінэлі адамнан мұндай жағдайда қоғамға
зиянды зардаптың болуын болжауды талап етуге болмайды.
Егер адам өз іс-эрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұгынып, оның қоғамдық
қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы
зардаптардың болуын тілесе, тікелей ниетпен жасалган қылмыстық құкық бұзушылық деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (эрекетсіздігінің) когамга қауіпті екенін ұгынып, онын когамдық
қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де,
бүган саналы түрде жол берсе, не бүған немқүрайды қараса, қылмыстық күқык бүзушылық жанама
ниетпен жасалган деп танылады (20-бап).
Тікелей және жанама қасақаналықтагы іс-эрекеттің қогамга қауіпгі мэнін білудің
айырмашылыгы жок, екеуінде де бірдей. Жанама қасақаналықтагы қогамга зиянды зар- дапты
болжаудың тікелей касақаналыкпен болжауга қараганда айырмашылыгы бар.
Егер тікелей касақаналықта қогамга зиянды зардаптың болуы мүмкін екенін немесе болмай
қоймайтынын алдын ала білсе, жанама қасақаналықта қоғамга зиянды зардапты болжау сөзсіз
болатын түрінде емес, болуы мүмкін зардап ретінде алдын ала болжана- ды. Сонымен, жанама
касақаналықтың интеллектуалдык белгісі істелетін іс-эрекеттің қогамға зияндылыгын сезу жэне
когамга зиянды зардаптың болу мүмкіндігін болжау аркылы сипатталады.
Жанама касақаналықтың еріктілік белгісі қоғамга зиянды зардаптың болуына немқұрайды қаран,
саналы түрде жол беру аркылы көрінеді. Жанама қасақаналык тікелей касақаналықтан негізінен осы
еріктілік белгі бойынша ерекшеленеді. Тікелей қасақаналықта адам зиянды зардаптың болуын
тілейді. Жанама касаканалықта, тікелей қасаканалыққа қарағанда кінәлі адам зардаптың болуын
тілемегенімен, бірак оның бо- луына саналы немесе немкүрайды гүрде жол береді.
Қоғамга зиянды зардапка саналы, немкүрайды түрде жол беру деп кінэлінің сол зардаптың болу
мүмкіндігін болжауын жэне оны тойтаруды ойланбауын, ягни жүзеге асуына немкүрайдылықпен
парықсыз карауды айтамыз. Мэліков облыстык соттың үкімімен кісі өлтіруге (ҚК-тің 24, 99-бап, 2-
бөлік, «б» тармағы) окталгандыгы үшін төмендегі жагдайда сотталган. Жәбірленуші Шэріпов
сотталган Мәліковтен түнде үрланган екі кап жемді коймасына әкеліп коюды үсынады. Осы үшін
кек алуды көздеген Мәліков фермаға келіп, Шәріповтың желке түсынан пышақ салып, екінші рет
88
пышак ке- зеген, бірак жәбірленушінің қарсылык көрсетуі нэтижесінде соңгы сокқы жеңілдеу ти-
ген. Мәліковтың өз әрекетін одан ары жалгастыруына сол жерде түрган біраз адамдар жол бермеген.
Мәліковтың әрекетін Жоғаргы Соттың Қылмыстық істер қарайтын алкасы 24, 99-бап 2-бөлігі «2»
тармагынан 106-баптың 3-бөлігіне (денеге қасакана ауыр зиян келтіру) жаткызып, қайта саралаған.
Сот үкімінде Мәліков жәбірленушінін желкесіне пышак салып, екінші мәрте үруга үмтыла отырып,
өзінің іс-әрекетінің қоғамға зиянды зардабын сезеді, жәбірленушінің өлетінін болжайды жэне оған
саналы түрде жол береді, яғни жанама қасаканалықпен әрекет жасаган деп көрсетілген. Мүндай
қорытындымен келіспеген Жоғаргы Соттың кадагалау алкасы кассациялық үйғаруды бүзып,
облыстык соттың үкімін күшінде калдыра отырып, өз қаулысында кінэлінің касақаналыгының
мазмүнын аныктауда сот істелген кылмыстык қүкық бұзушылықтың барлык мэн-жайлар
жиынтыгын, сондай-ак кылмыстықтэсілін және колданылған қаруын, дене жаракатының адам
өміріне маңызды органына келтірілуі сипатын, санын, кінэлінің қылмыстык күқык бүзушылық
әрекетті токтату себептерін еске алуы кажет деп көрсетті. Осы іс бойын- ша қылмыстык қүкык
бұзушылыктың нақтылы істелу жағдайлары: пышакпен адамның өміріне қауіпті жері - желкесіне
пышак салуы, ол әрекетті екінші рет істеуге эрекет жа- сау, бірак жәбірленушінің белсенді түрдегі
қарсылыгына байланысты, сондай-ак бөтен адамдардың кінэлінің қылмыстык күқык бүзушылык
эрекетін тыюга байланысты, дер кезінде дәрігерлік комектің нәтижесінде ауыр зардапты тойтарудың
озі Мәліковтың өз әрекетінен жәбірленушінің өлуін тілегенін және ондай зардаптың сөз жоқ
болатындығын болжаганын жэне соны тілегенін, ягни тікелей касақаналықпен әрекет істегенін
көрсетеді.
Тағы бір мысал: қатардағы Әбенов мас болып өзі күзетіп түрған постының жаны- нан қараңғы
кезде өтігі бара жатқан Сәрсенов жаққа қаратып, бұзакылык ниетпен авто- маттан оқ жаудырған.
Сәрсеновтың колы жэне аяғы жаракаттанған. Республика Әскери Сотының коллегиясы Әбеновты
жанама касаканалықпен кісі өлтіруге бұзақылық ниет- пен оқталғандығы үшін кінәлі деп тапкан.
Себебі, ол Сәрсеновке каратып ок атканымен, оны өлтіруді немесе оған ауыр зардап тілемегенімен,
бірак оның болуына саналы түрде жол берген.
Жанама касақаналыкта қылмыстык құқық бұзушылық құрамына тэн қоғамға зиянды зардапты
болғызу кінэлінің іс-әрекетінің түпкі немесе аралық, я болмаса, баска максатқа жету құралы болып
табылады. Бұлар кінэлінің іс-әрекетінен туындаған бөгде нәтиже бо- лып табылады. Жанама
касаканалықпен істелген қылмыстык кұкық бұзушылык үшін қоғамға зиянды зардаптың қажеті жоқ,
мұндай жолмен істелген іс-әрекетте зардап кел- тіру туралы ниет те болмайды. Бірақ алға койған
максатына жету үшін адам осындай зардаптың болу мүмкіндігін теріске шығармайды, оған саналы
түрде жол береді. Сөйтіп, жанама қасаканалыкпен қылмыстык кұкык бұзушылык істеу тікелей
қасақаналықпен қылмыстық құқық бұзушылык істеу арқылы жүзеге асырылатын басқа кылмыстық
құқык бұзушылыкты істеуде де кездесіп қалады. Жанама қасақаналықтың ерекшелігі сол, ол
формальды қылмыстык кұқық бұзушылык құрамында болмайды. Өйткені фор- мальды қылмыстық
кұкық бұзушылык құрамының объективтік жағы тек кана қоғамға зиянды іс-әрекеттен (эрекет
немесе эрекетсіздік) ғана құралады. Сол себепті белгілі бір қоғамға зиянды әрекеттің орындалуы
мұндай кылмыстык құкық бұзушылык кұрамының белгісі ретінде көрсетілмейді. Формальды
қылмыстык кұқық бұзушылык құрамындағы қылмыстарды істегенде адамның еркі іс-әрекеттің өзіне
ғана бағытталғандықтан тек қана тікелей касаканалык нысанында жүзеге асады.
Жанама касақаналыкпен қылмыска даярлану, кылмыска окталу, кұрамында арна- улы мақсатты
көрсеткен қылмыстарды істеу, сондай-ақ қылмысты ұйымдастыруды, азғыруды және көмектесуді
жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл тұрғыдағы қылмыстық кұқық бұзушылыктар тек кана тікелей
касақаналыкпен жүзеге асырылады.
Тікелей жэне жанама қасақаналыкты бір-бірінен жіктеп бөлудің қылмыстық кұкык
бұзушылыкты дұрыс саралауда маңызы ерекше. Көптеген кылмыстық құқық бұзушылық үшін тек
қанатікелей қасақаналыкпен істеледі. Жанама қасақаналықты дұрыс анықтау оны менмендікпен
89
істелетін кінэнің абайсыздық нысанынан дұрыс ажыратуға да мүмкіндік береді. Қасақаналыктың осы
екі түрін бірінен-бірін ажырата білу қылмыстық-құқылық нормаларды дұрыс колдану үшін, кінәнің
дәрежесін аныктау үшін, іс-әрекеттің қоғамға зияндылығының дәрежесін, қылмыскердің жеке
басының, кылмыстық жауаптылық пен жазаны саралау үшін өте қажет.
Қылмыстық заң (20-бап) қасаканалыктың тек қана екі түрінің тікелей жэне жана- ма
касақаналықтың ғана анықтамасын береді. Қылмыстык құқық теориясы және сот тәжірибесі
касаканалықтың басқа түрлерін бөліп көрсетеді. Пайда болу мерзіміне қарай қасақаналық алдын ала
ойластырылған немесе табан астында пайда болған қасақаналық болып бөлінеді. Алдын ала (күні
бұрын) ойлаудан туатын қасақаналықта кінэлі адам қылмыстық құкық бұзушылық істеуден бұрын,
ол туралы күні бұрын ойланып, сол ойын аздаған уақыт өткізіп барып іске асырушылық жатады.
Алдын ала ойлау мен сол ойды жүзеге асыру аралыгында кінэлі адам қылмыстық құқык бұзушылық
істеудің жоспа- рын ойластырады, қол сұғылатын объектіні, қылмыстық құқык бұзушылықтың
затын таңдайды, ойын жүзеге асырудың тәсілін анықтайды. Көп жағдайларда адамның алдын ала
ойлау арқылы істеген қылмыстық кұқық бұзушылықтың дәл осындай қылмыстық құкык
бұзушылыкты табан асты пайда болған қасаканалықпен істеген адамға караганда зияндылық
дэрежесі зор болады.
Өйткені. қылмыс істеуді алдын ала, күні бұрын ойлаған адам оны жүзеге асыруга дайындалумен
бірге, істеген кылмысы үшін жауаптылықтан калай қүтылудың да амалын карастырады. Табан асты
пайда болган касақаналықта қылмыстық құқық бүзушылык істеу іуралы ниет аяқ астынан, кенеттен
пайда болып, сол ниет тез арада іске асады. Та- бан астында пайда болған касақаналық жай және
аффектілік болуы мүмкін.
Табан астында пайда болган жай касақаналыққа кінэлінің кылмыстық кұкық бүзушылық істеу
туралы ниеті онын, өзінің дені дұрыс күйінде пайда болып, сол ниеттің сол арада тез не болмашы
уакыттан соц іске асырылуы болып табылады. Аф- фектілік касаканалыққа жәбірленушінің
тарапынан кінәліге немесе онын жақындарына заңсыз күш жүмсау немесе тіл тигізіп, қатты корлау
салдарынан табанда болган жан күйзелісі үстінде ашуга байланысты болган касақаналық жатады.
Мысалы, жан күйзелу жағдайында жасаган ашумен болган адам өлтіру немесе жан күйзелу
жағдайында денсаулыкка зиян келтіру.
Кінәлінің өзінің істелетін іс-әрекетінен келетін коғамга зиянды зардаптарын дәл бо- лжауына
байланысты касақаналык айкын (нактыланган) жэне екіүшты (нақтыланбаган) болып бөлінеді.
Айқын (нақтыланған) қасақаналықта кінэлі нақтылы, дэл аныкталған қогамға зиянды зардаптың
болуын болжайды. Айкын қасаканалык жэй және балама (альтернативті) болып екіге бөлінеді. Жэй
айқын қасақаналықта кінәлі адам өзінің іс- әрекетінен белгілі бір нақты, когамга зиянды
зардаптардың болуын болжайды (мыса- лы, кісі өлімі немесе денеге жарақат келтіру). Адамга
мүндай ретте накты орын алган нәтижеге байланысты кінә таңылады.
Балама нақтыланган касаканалыкта кінәлі адам екі немесе одан да көп айкын анықталған
қогамга зиянды зардаптың болу мүмкіндігін болжайды (Мысалы, кісі өлімі немесе ауыр дене
жаракаты).
Екіүшты (нақтыланбаған) касаканалыкта кінэлі адам қогамға зиянды зардаптардың нақты
кайсысының орын алатынын және оның кандай болатынын дәлме-дәл елестете алмайды. Екіүшты
қасақаналыкта кінәлі адам нақты орын алган зардап үшін ғана жауап- ты болып табылады.
21-
Достарыңызбен бөлісу: |