Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары


жүйеде химиялық реакцияға дейінгі заттар массаларының қосындысы және энергиялар



Pdf көрінісі
бет4/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
лекции химия

жүйеде химиялық реакцияға дейінгі заттар массаларының қосындысы және энергиялар 
қосындысы реакциядан кейінгі заттар массаларының қосындысы және энергиялар 
қосындысына тең болады. Мұндағы Е энергия, m – зат массасы, с – вакуумдағы жарық 
жылдамдығы, 300000км/с. с

мәні өте үлкен болғандықтан, масса өзгерісін өлшеу мүмкін 
болмағандықтан, масса сақталу заңында ешқандай бұзылушылық жоқ сияқты.
Заттардың құрам тұрақтылық заңы: 1808 жылы француз химигі Ж.Пруст 
металдардың оксидтері мен сульфидтерін талдау нәтижесінің негізінде құрамның 
тұрақтылық заңын тұжырымдады: қандай жолмен алынған болса да, таза химиялық 
қосылыстардың сапалық және сандық құрамы әрдайым тұрақты болады. Қандай әдісен болса 
да құрамы сандық және сапалық тұрақтылықта болатын қосылыстарды дальтонидтер деп 
атайды. Алу әдістері мен оның алу жағдайына тәуелділікте болып, құрамы айнымалы келетін 
қосылыстарды бертоллидтер д.а.
Көлемдік қатынастар заңы: -Шарль Гей-Люссак,1808 жылы реакцияласушы және 
реакциядан шығатын газдардың көлемдерінің өзара қатынасы кішкене бүтін сандар 
қатынасындай болады.
Еселі қатынас заңы: (Дальтон 1803ж) Екі элемент бірімен бірі бірнеше қосылыс 
түзетін болса, ол қосылыстарда сол элементтердің біреуінің бірдей етіп алынған салмақ 
бөлігіне екіншісінің сай келетін салмақ бөліктерінің өзара қатынасы кішкене бүтін сандар 
қатынасындай болады.
Авогадро заңы:(1811ж) Бірдей жағдайда алынған әртүрлі газдардың бірдей 
көлемдеріндегі молекулалардың саны да бірдей болады. Авогадро заңының аса маңызды 3 
салдар туындайды: 1) кез келген заттың 1 молінде молекулалар саны бірдей; 2) кез келген 
газдың 1 молі қалыпты жағдайда (ρ-760мм.с.б.б.- 1атм. қысым және Т-273,16К) 22,414л 
көлемде болады. Бұл көлемді молярлық көлем деп атайды, 22,414 л/моль; 3) бірдей көлемдегі 
әр түрлі газдар массаларының бір-біріне қатынасы олардың молекулалық массаларының 
қатынасына тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет