тойлайды. Осы тұста Қасым хан батырларын қарсы шабуылға шығарады. Қазақ
əскерінен мұндай қарсы əрекетті күтпеген жау əскері ешқандай қарсылық көрсете
алмай, бас сауғалап қашуға мəжбүр болады. Қазақтар жауын Ұлытаудан Сыр өңіріне
дейін қуып, Сығанақ түбінде тас-талқан етеді. Осы тұста Қасым ханның соғысу
тактикасын айта кету керек. Қасым хан жау əскері қазақ жеріне енгеннен бастап
олардың əрбір қимылын хабаршылар арқылы біліп отырды. Бұл оның əскери барлау мен
хабар жеткізу ісін жақсы ұйымдастыра білгенін көрсетеді. Сондай-ақ, аз əскермен
қарасы мол жауды жеңу үшін дұрыс тактиканы қолдануы. Уақытша шегіну арқылы ол
өз ұлысын жау қолына берсе де, оларды сырттай бақылап, жау əскерінің бейқамдығын
туғызады. Барлаушы мəліметі жау əскерінің бейқам болғандығы сондай, күзет қоюды
қаперіне алмағанын баяндайды. Қасым хан қарсылас арасында үрей туғызу əдісін
қолдану арқылы жау əскерінің соғысқа дайындалуына мүмкіндік бергізбейді жəне де
қазақтар орасан көп əскермен таяп қалды деген жалған ақпарат тарату арқылы
мауереннахрлықтар арасында бей-берекетсіздік туғызады. Қасым хан өзінің негізгі
күшін тосқауылға қойып, қашқан жаудың қақ маңдайынан соққы береді. Мұндай
соққыны күтпеген жау əскерінің қарсылық көрсетуге шамасы жетпей, аман
қалғандарының қашуға ғана дəрмені жетеді. Бүкіл соғыс барысындағы шешуші ұрыс
Мұхаммед Шайбани хан басқарған топпен өтеді. Алғашқы ұрыстардан соң əбден
үрейленіп, берекесі қашқан жау əскерінің қалдықтары Шайбани ханға келіп қосылады.
Бірақ жалпы үрей басылмай жатып-ақ Қасым ханның өзі басшылық еткен қазақ
əскерлері Сыр бойында келесі соққыны береді. Нəтижесінде Абдаллах Балхидың
жазғанындай, Мұхаммед Шайбани хан ірі жеңіліске ұшырайды. Осылайша, қазақ жерін
жаулауға келген қарсылас жақтың əскеріне Қасым хан қолданған
шебер əскери
стратегия мен тактиканың, керемет қолбасшылық өнердің арқасында тойтарыс беріп
қана қоймай, оларды тас-талқан етіп жеңеді.
Достарыңызбен бөлісу: