Тарих 90 жауаптар



Pdf көрінісі
бет24/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67
Тарих 90 жауаптар

33)Хақназар ханның билігі.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға жəне күшейтуге
қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан жəне Бұйдаш хан тұсында
бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары
жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи
деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы
қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл
алабын жаулап алу əрекетіне тойтарыс берді.


Хақназар хандық құрған дəуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи
оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай
ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды.
Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген
Ноғай ордасы ыдырай бастады. Тəуекелдің хан жағдайын 1586 жəне 1594 жылдар
арасында жүргізілген ұзақ та табанды күрес нəтижесінде жеңіп алғаны, оның содан
кейін Мəскеумен қатынастар жасау кезінде нағыз хан ретінде əрекет еткені анық
болады.Қазақ елшілері орыс патшасына Қазақ хандығының жайы туралы бірқатар
қызықты мəліметтер жеткізді. Мəселен, Құл-Мұхамед былай деп хабарлаған: «Ал қазір
Бұхара патшасымен уақытша татумыз, ал ноғайлармен бауырлардай татумыз,
Тинехматтың балаларымен де, ұрыс тұқымымен де ала-бөтен емеспіз». Бұл елшілік
туралы істе Тəуекел хан «қазақ жəне қалмақ патшасы» деп те аталған, бұдан оған
Орталық жəне Солтүстік Қазақстанды мекендеген қазақтарға жақын көшіп-қонып
жүрген кейбір жоңғар рулары бағынған деген қорытынды жасауға болады.Сонымен
қазақ елшілігінің алдында Ораз-Мұхаммедті қайтаруға қол жеткізу жəне Абдаллахқа
қарсы күресте Мəскеудің көмегіне уəдесін алу міндеттері қойылды. 1595 жылғы наурыз
айында елшіге патшаның жауап грамотасы тапсырылды, онда Тəуекелге қазақ хандығын
«өзінің патшалық қол астына» алатынын хабарлаған жəне «патша мен ханзадаларға оқ
ататын қару» жіберуге уəде етеді де, одан əрі мынадай тілек айтады: Тəуекел «біздің
патшалық қол астымызда болғандықтан жəне біздің патшалық əміріміз бойынша Бұхара
патшасымен жəне бізге опасыздық жасаған сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің
ұлы мəртебелі патшамызға жол салатын боласыздар».Тəуекелдің елшілері Мəскеуге
Иран шахы Абдаллахқа қарсы бірлесіп күресуі туралы келісімге қол жеткізу үшін Иран
елшісін
өздерімен
бірге
Тəуекелге
жіберуін
сұрады.
Елшілердің
өтініші
орындалды.Құлмұхаммед елшілігіне жауап ретінде 1595 жылдың наурыз айында
Мəскеуден Тəуекел ханға тілмаш Вельямин Степанов жіберілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет