Тарих 90 жауаптар


)Қазақ жүздерінің қалыптасуының этносаяси жəне шаруашылық факторлары



Pdf көрінісі
бет21/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67
Тарих 90 жауаптар

29)Қазақ жүздерінің қалыптасуының этносаяси жəне шаруашылық факторлары.
«Жүз» ұғымының мəні толық ашылған жоқ. Біраз зерттеуші қазақтың «жүз» деген сөзін
арабтың «джуз», яғни «бір нəрсенің басты бөлігі», «тармақ» деген сөзімен
сəйкестендіреді.
XVIII ғ. дейін жүздердің қалыптасуы аяқталды.
Дəстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз жəне Кіші жүз.
Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың
арасында əлі ортақ пікір жоқ. Ш. Уəлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда
мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын
қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған". Н.А.Аристовтың ойынша,
"жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".
Василий Владимирович Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық
фактор əсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу жəне аумақтық оқшаулану
жүздердің мəдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.
Михаил Порфирьевич Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына
табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар əсер етті, жекелеген ордалар
ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.
С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII
ғасырларда бөлінді", — деп есептейді.
Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағы — Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау,
Сырдарияның орта ағысы. XIX ғасырдың аяғында Ұлы жүз қазақтарының саны 700
мыңдай болды.
Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады (оларды "алты арыс" дейді):
• арғын; • найман; • қыпшақ; • қоңырат; • керей; • уақ.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Орта жүз тайпаларының жан саны
мөлшермен 1 млн 350 мыңдай болды. Ал Қытайдағы, моңғолиядағы керей, уақ,
наймандарды қосқанда, 1 млн 500 мыңнан астам болған.
Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы — Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан,
Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы жəне орта ағысы аймағы.
Кіші жүз қазақтарына: байұлы, əлімұлы, жетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы
кірді. Кіші жүз қазақтарының жері бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр.
Шығыста Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендері мен Мұғалжар тауларынан батысында Каспий
теңізі мен Еділдің орта, төменгі ағысына дейінгі жерді, оңтүстігінде Сырдың орта,
төменгі ағысы мен Маңғыстау түбегі, Үстірттен солтүстігінде Тобыл, Жайық өзендеріне
дейінгі аймақты алып жатты. Кіші жүз қазақтарының XIX—XX ғасырлар шегіндегі
саны 1 млн 200 мың адам болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет