Тарих 90 жауаптар


)«Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары



Pdf көрінісі
бет27/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67
Тарих 90 жауаптар

37)«Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары.
1717-1718 жылдары жоңғарлардың қазақ хандығына басып кіруі ішкі қайшылықтарға
əкеп соқты. 1718 жылы жоңғарлар Жетісудан өтіп, Арыс, Бөген, Шаян өзендеріне дейін
жорыққа шықты, басты мақсаты хан орталығы Түркістанды жаулап алу еді. 1722
жылдың аяғында Қытайдың маньчжурлік билеушілерімен бейбіт келісімге келген
жоңғарлар 1723 жылы көктемде Қазақстанға жойқын шабуыл жасауды жоспарлады. Бұл
жорық қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен
қалды. 1723 жылдың көктемінде алдағы болатын жойқын соғысқа мықтап əзірленген,
əрі қазақ хандықтарының алтыбақан алауыз болып ыдырап бара жатқанын пайдалана
қойған Цеван-Рабтан өз əскерінің қалың қолын Қазақстанға қарай аттандырды. Жау
жеті бағытта шабуылға шықты. Жоңғар шапқыншылығының алғашқы соққысына
ұшыраған Жетісу мен Ертіс бойының қазақтары болды. Жоңғарлар ауылдарды өртеді.
Малды айдап əкетті, бейбіт халықты қара шыбындай қырып салды. Шабуыл
тұтқиылдан болғандықтан, амалы қалмаған Қазақтар малына да, үй-жайларына да,
дүние-мүліктеріне де қарай алмай, бас сауғалап қашуға мəжбүр болды. «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» — адамдар жаяу жүргеннен табандары қажалған, көлдің
жағасында əл-күштері жоқ, құлап, шаршаған деген мағынада сөз қалған. Осы кезде
қазақтың зарлы «Елім-ай» əні дүниеге келді. Жау əскерлерінің сан жағынан тым басым
болғанына қарамай, қазақ жауынгерлері кескілескен ұрыс салып, қатты қарсылық
көрсетті. Жау қолына ешкімнің де берілгісі келмеді. Қазақ жауынгерлері шегіне түсіп,


қорғаныс соғыстарын жүргізді. Олар əйелдерді, балаларды, карттарды жаудың өкшелеп
қууынан құтқару үшін қырғын соғыс салды. Жоңғарлар Ташкенттен кейін Сайрам,
Түркістан сияқты басқа да қалаларды басып алды. Жаудың жойқын соғыс қимылдарын
жүргізуі нəтижесінде Қазақстанның шөлді жəне таулы аймақтарынан өзге бүкіл аумағы
іс жүзінде жоңғарлардың қолына қарады. Қазақтар жоңғарлардың қысымынан батысқа
қарай ығысты. Ұлы жүз Ходжент арқылы оңтүстікке жылжыды. Орта жүз Самарқанға
жəне Бұхараға қарай бет алды. кіші жүз Хиуа мен Еділ бойына ығысты. Ташкент,
Түркістан бастаған 32 қала жоңғарлар қолында қалды. Салыстырмалы түрде алғанда
Қазақстанның батысындағы алыс аймақтар ғана аман қалды. Бұл ауыр жағдайдан
шығудың басты жолы ұйымдасқан түрде жауға қарсы төтеп беру, яғни жоңғарлардың
батысқа қарай жылжуын тоқтату еді Осындай қиын кезеңде Абылай, Əбілқайыр
хандардың, Төле, Қазыбек, Əйтеке билердің, талантты қолбасшылар - Бөгенбай,
Қабанбай, Райымбек, Наурызбай, Малайсары жəне Жəнібек батырлардың даңқы шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет