Тарих 90 жауаптар


)Ордабасындағы басқосу - өзара келісім жəне аумақтық біртұтастықты сақтап



Pdf көрінісі
бет28/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67
Тарих 90 жауаптар

38)Ордабасындағы басқосу - өзара келісім жəне аумақтық біртұтастықты сақтап
қалу жолы.
Ордабасы жиыны, Ордабасы құрылтайы – 1726 жылы Қазақтың үш жүзі өкілдерінің
Бадам
өзені бойы
Ордабасы тауындағы
тарихи бас қосуы. 18 ғасырдың басында қазақ
жеріне баса-көктей кіріп, бейбіт елді қырып-жойып, қасіретті “Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама” апатына душар еткен жоңғар басқыншылығына қарсы күрес
ұйымдастыруға арналған халық құрылтайына
Əбілқайыр
,
Əбілмəмбет
,
Сəмеке
,
Жолбарыс, Күшік хандар
мен
Төле би, Қазыбек би
бастаған əр рудың билері, даңқы
шыққан қолбасшылары мен батырлары қатысты. Онда жоңғар басқыншылығына қарсы
бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру жəне қазақ жасағының қолбасшысын
сайлау туралы мəселе қаралды. Ордабасы жиынында Əбілқайыр хан бас қолбасшы
болып тағайындалды. Батырлар арасында Бөгенбай батыр сардарбек болып сайланды.
Жиынға қатысушылар өз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып
аттануға ант берді жəне алдағы елді азат ету үшін жүргізілетін шайқастардың жоспарын
жасады. Осы жолғы қазақтың
үш жүзінің
тізе біріктіріп, бас қосқан іс-қимылдарының
нəтижесінде қазақ халқы 1727 жылы жоңғарлармен болған
Бұланты-Білеуті шайқасы
мен 1729 – 1730 жылдардағы Аңырақай шайқастарында жеңіске жетті. Қазіргі кезде
осы тарихи жиынның белгісі ретінде Ордабасы төбесінде қазақ халқының тəуелсіздігі
мен бостандығы үшін көп еңбек сіңірген атақты
үш биге
ескерткіш орнатылған.
39)Қазақтар мен жоңғарлардың əскери өнері: салыстырмалы талдау.


Қазақтар
Жоңғарлар
● Қару-жарақтар: қылыш(
наркескен,
селебе
) найза, садақ пен жебе,
айбалта, шоқпар, сойыл жəне суық
қару
● 1710 жылы Қарақұмда жоңғарларға
қарсы бүкілқазақтық одақ құрылды.
● Нəтижесінде 30мың адам жиналды.
● Əскербасында əр рудың басшылары
тұрды
● Əр ру ұранымен шықты
● Шайсқас алдында топтан ең
батылдары қарсы жақпен
жекпе-жекке шығады.
● Қару-жарақ пен мылтық Орта Азия
хандықтарынан, кейде башқұрттар
мен қалмақтардан сатып алынды.
● XIX ғасырдың 2-жартысынан бастап
қазақтар атыс қаруын көбірек қолдана
бастады.
● Үлкен армия
● Атыс қарулар: мылтық т.б.
● Орыстардан зеңбіректер сатып
алып отырды.
● Өздері мылтық шығара бастады.
● Мылтықтан ататын кезде
жылқыдан түсіп атқан.
● Швед тұтқыны Иоган Густав Ринат
зеңбірек жасауды үйретті
● Жоңғарларда артиллерия болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет