тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 миллион гектар, яғни 66,6% жер
жыртылды. 1953-1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың
механизатор, 1954 жылы Ақмола облысына тың игеру үшін 20 мыңға жуық адам келді.
Тың игеруге келген əр адамға 150 мен 1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді.
Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер
ауылшаруашылығы салығынан босатылды.
1954-1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың жəне тыңайған жерлерді игеру
мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды.
1956 жылы тың игерушілер 16 миллион тонна астық жинады. Астық өндіру көлемі
жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен
Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп
ұлтты, интернационалды елге айналды. Қазақстан жерінде тұрғын үйлер, құрылыстар,
мəдени обьектілер көптеп салына бастады. Он мыңдаған шақырым жол төселді.
Тың игерудің рухани, демографиялық жəне экологиялық зардаптары да зор болды. 1960
жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 миллион гектар жер жел эрозиясына
ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек
еуропалық бөлігінен 2 миллион адам əкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі
30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дəстүр мен халықтың жойылып кету қаупі
туды. Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып,
нəтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап,
жердің құнарлылығы азайды. Малшаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған
гектар жер жыртылғандықтан малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер
азайды. Малшаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де
азайды. Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дəстүрі, мəдениеті, ұлттық руханияты
ескерілмеді. Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды.
Қазақ тілінің қолданылу аясы тарылды. 1959 жылғы халық санағы бойынша
республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық
халықтың 29%-н ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды.
Енді қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым
көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Қазақ елінің елдімекендері мен жер-су
атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның
солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп
өзгертілді. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Тың игерудің қорытындысы бойынша
Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мəселесі шешілді.
Достарыңызбен бөлісу: