Тарих 90 жауаптар


)«Мəдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты



Pdf көрінісі
бет64/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Тарих 90 жауаптар

84)«Мəдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты
мен негізгі кезеңдері.
«Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мəдени, экономикалық жəне əлеуметтік
капитал, жалпы адамзаттық мəдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам
парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды
қоймасын жасау жəне қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен
қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы
адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тəжірибесін зерттейді.
Тарихи-мəдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар
болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 15 жыл
бұрын, яғни 2003жылы сəуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мəдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының
жолдауымен қабылданған «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі
Қазақстанның əлемдік өркендеуінің дəлелі.


85)Тарихи сананы жаңғырту. «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық
мақаласы.
Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" жолдауы осыдан бір жыл бұрын жарық көрген
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру " бағдарламасының жалғасы болып табылады.
Жалпы жеті саны киелі сан екені санамызға сіңіп қалған. Елбасы жолдауын киелі
санмен байланыстыруын да үлкен мəн жатыр деп ойлаймын. Осы қасиетті жеті санның
жеті кереметін мен де оқып шықтым.
Мақаланың бірінші тармағында:
1.Атқа міну мəдениеті;
2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия;
3.Аң стилі;
4.Алтын адам;
5.Түркі əлемнің бесігі;
6.Ұлы Жібек жолы;
7.Қазақстан- алма мен қызғалдақтың отаны.
Ал, екінші тармағында:
1. Архив- 2025;
2.Ұлы даланың ұлы есімдері;
3.Түркі əлемнің генезисі;
4.Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі;
5.Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы;
6.Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі,- бастау алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет