Тарих 90 жауаптар


)КОКП ОК-ның Бас хатшысы М.С. Горбачевтың «қайта құру» саясаты



Pdf көрінісі
бет60/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67
Тарих 90 жауаптар

77)КОКП ОК-ның Бас хатшысы М.С. Горбачевтың «қайта құру» саясаты.


М.С. Горбачев саясатының ұраны: жариялық, жеделдету, қайта құруБұл қайта құру
бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Қайта құру ешқандай
бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. М. Горбачев командасы экономика
мəселелерін əлі бұрынғыша əмір беру əдістерімен шешуге болады деген сенімнен
арылмады. Коммунистік басшылық əр республика өз шаруашылығын өзі басқаруы
керек деген пікірлер мен талаптарды жершілдік, ұлтшылдық бағыттағы саяси ойын деп
санады.Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сəтсіздікке ұшырай бастады.1987
жылғы Маусым пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мəселелеріне арналды. Пленум
əзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кəсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл
заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кəсіпорындар дербес
тауар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық
əдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Алайда бұл шаралар іске асырылмады.
Халықшаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті
тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері азайды.
78)1986 жылғы Алматыда жəне республиканың басқа қалаларында болған
Желтоқсан оқиғасы
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған
қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, əміршіл-əкімшіл жүйесіне қарсы
наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тəуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы
тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.Көтерілістің басталуына Мəскеудегі
орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы
партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы
түрткі болды.Қазақстан тəуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық
қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған
Т.Өтегенов, Т.Зейнəбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел
намысы” жинақтары, К.Тəбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан
ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді,
“Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. Оқиғаға
қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент
оқудан шығарылды. 1987 ж. Жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ
ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін
демократияландыруға серпін берді.Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің
тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары
толығымен ашылған жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет