Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Туристік кəсіпорындар мен туристік ұйымдардың туризм



Pdf көрінісі
бет110/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   153
suraganova turizm inf

2. Туристік кəсіпорындар мен туристік ұйымдардың туризм 
инфрақұрылым дамуындағы рөлі
Турды ұйымдастыратын жəне оны сататын ұйымдар туристік-
экскурсиялық ұйымдар деп аталады. Тəжірибеде олар басқаша 
айтылуы да мүмкін: туристік бюро, саяхат бюросы, турагенттік 
жəне т.б. Бірақ туристік нарықта оларды туристік агенттер жəне 
туристік операторлар деп бөледі. 
«Турагент» жəне «туроператор» терминдері туристік фирма-
ның немесе компанияның кəсіпкерлік қызметінің бағытын 
анықтайды. 
Бұл терминдер қандай мағынаны білдіреді?
Туроператорлық қызмет – бұл өзінің өнімдерін турагентке не-
месе туристке сату немесе ұсыну бойынша қызметтің осы түріне 
лицензиясы бар заңды тұлға. Туроператор туристік маршрут-
ты жасайды, қызметті жеткізушілермен бірлесіп турды жүзеге 
асыру ды қамтамасыз етеді, өзінің туры бойынша жарнамалық ақ-
парат дайындайды, турдың бағасын есептейді, турды туристерге 
жеткізу үшін турагентке береді. 
Турагенттік қызмет – турөнімді ұсыну жəне өткізу бойынша 
қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға. 
Турагент туроператордан турды алады жəне оны тұтынушыларға 
жеткізеді. Турагент қолданылатын турға туристердің маршру-
тының бастапқы орнынан соңғы орынға дейінгі жəне соңынан 
басына қарайғы жол шығынын қосады.


199
Бұл ұйымдардың нарықтағы басты рөлі қызметті жеткізушілер 
мен тұтынушы туристерді уақыты мен территориясына қарай 
бөліп біріктіру болып табылады. Бұл спецификалық туризм түрі 
болып табылады. Ең басты туристік нарық, бизнес, ерекшеліктер 
мен туризмнің дамуы мен басқару жөніндегі кəсіби білімі бар 
қызметті жеткізушілерді таңдай білу керек. 
Турагент пен туроператордың нарықтағы ең басты қызметі, 
ол – нарықта тұрақты бір орынға ие болу жəне тұрақты пайда 
табу. Туристік нарықтағы дифференциация негізі - тұтынушы 
сегментін міндетті түрде табу керек. 
Туроператор мен турагенттің арасындағы басты ерекшеліктер:
1. Табыс жүйесі бойынша:
Туроператор бірнеше турөнімді сатып алады, мұндағы табыс 
сатып алынған баға мен сатылған бағаның айырмасы болады; 
көбінесе туроператор бірнеше бөлек қызметтерді сатып алып, 
өзінің баға қалыптастыру механизмімен кешенді туристік өнім 
шығарады.
Ал турагент бөлшек сатушы ретінде қызмет атқарады, ол 
біреу дің дайын туристік өнімін сатып, содан комиссиялық пайда 
тауып отырады. 
2. Турөнімге байланысты:
Туроператорда əрқашан сатуға арналған туристік өнім қоры 
болады, ал турагент тек тұтынушылардың туристік өнімді сатып 
алуға деген қызығушылығы туғанда ғана сатып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет