біліктілікке ие қызметкерлердің саны. Мысалы, тігін цехында №
қызметкерлер жұмыс істеуі немесе № оқушыға R оқытушы болуы
тиіс делік. Бұл жердегі №, R – қызметкерлер санының нормасы.
Ескеріп
өтетін бір жайт, сандық норма мен қызмет көрсету
нормасы өзара байланысты. Қызмет көрсету нормасы сандық
норманы анықтайды жəне керісінше.
Қызмет көрсету нормалары мен сандық нормалар қызметкер
белгілі бір уақыт бірлігінде (уақыт нормасында) жұмыс істеуі тиіс
жабдықтардың, станоктардың, құралдардың,
жұмыс орындарының
жəне т.б. бірлігінің санын анықтау үшін қажет. Сонымен қатар, бұл
нормалар белгілі бір жұмыс көлемін орындау, цехтағы
станоктардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету жəне т.б. үшін
қажетті қызметкерлердің санын анықтау үшін қажет.
Ірілендірілген жəне кешенді тапсырмалар – бұл бригаданың
белгілі бір уақыт бірлігінде (күн, апта, ай)
орындауы тиіс жұмыс
көлемі. Мұндай ірілендірілген жəне кешенді тапсырмалар
өндірістік бригадалардың ұжымдық еңбегінде, мысалы,
еңбегі ұжымдық сипатқа ие құрылысшылар бригадасы үшін
белгіленеді.
Нормаланған тапсырмалар еңбекке ақы төлеудің мерзімді
жүйесі кезінде белгіленеді жəне
қызметкерлердің еңбегінің
тиімділігін арттыру мақсаттарында қолданылады.
Еңбек нормалары жалақыны ұйымдастыру элементтерінің бірі
ретінде де ерекше мəнге ие. Себебі, жалақыны анықтау үшін еңбек
шарасын нақты анықтап алу қажет. Бұл рөлді еңбек нормалары
атқарады, себебі олар бір мезетте еңбек үшін марапаттау шарасы да
болып табылады. Осы арқылы олар қызметкерлердің өз еңбегінің
нəтижесіне қатысты материалдық мүдделілігін тудырады жəне
еңбекке адал қатынасты күшейте түседі.
Қазіргі кезде еңбекті нормалау бірқатар маңызды функцияларды
атқарады. Олар:
· еңбекті ұтымды ұйымдастырудың негізі;
· материалдық игіліктер өндірісі саласындағы да, өндірістік емес
саладағы да қызметкерлердің барлық санаттары үшін
жалақыны
ұйымдастырудың элементі;
· еңбектің (ұжымдық əрі жеке) нəтижелерін есепке алудың құралы;
· алдыңғы қатарлы тəжірибені бекіту жəне тарату құралы болып
табылады.
Атап өтетін бір жағдай, аталған функциялардың əрқайсысы
еңбекті нормалауда маңызды міндеттерді шешетініне қарамастан,
олардың ешқайсысы басым сипатқа ие емес. Бұл нормалардың
барлығы
техникалық
прогресстің
деңгейіне,
технология
жетістіктеріне, өндіріс жағдайларына жəне т.б. сəйкес белгіленеді.
Уақыт
өтуімен олар қаралып, өзгертіледі, жаңа нормалармен
ауыстырылады.
Жаңа техника немесе технологияның енгізілуіне, жұмыс
орындарының аттестациясы жүргізілуіне қарай еңбек нормалары
міндетті түрде ауыстырылуы тиіс. Еңбек нормаларын ауыстыру
басшылықтың бастамасымен жүргізіледі жəне енгізілгенге дейін 1
айдан кешіктірмей қызметкерлерге жеткізілуі тиіс.
Қазіргі кезде көптеген кəсіпорындарда еңбекті нормалау
біршама нашарлап кеткен.
Бұны өндірістің дамуындағы
іркілістермен түсіндіруге болады. Алайда, ескеретін бір жайт,
еңбек нормаларын уақтылы қараудың еңбек өнімділігін өсіру үшін
ерекше маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: