жұмыстың бұйрықпен (өкіммен) тиісті түрде ресімделген-
ресімделмегеніне қарамастан төленеді.
Мереке жəне демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы екі еседен
төмен болмайтын мөлшерде төленеді: 1) кесімді қызметкерлер
үшін – екі есе кесімдік бағадан төмен емес; 2) еңбегі сағаттық
(күндік) ставка бойынша төленетін қызметкерлер үшін – екі есе
сағаттық немесе күндік
ставкадан төмен емес; 3) ай сайынғы лауазымдық
еңбекақы алатындар үшін – егер бұл күнгі жұмыс айлық норма
шегінде кестеге сəйкес болса, лауазымдық еңбекақыдан тыс бір
сағаттық немесе күндік ставкадан төмен емес.
Егер жұмыс
айлық нормадан асып кетсе, лауазымдық еңбекақыдан тыс екі
есе сағаттық немесе күндік ставкадан төмен емес мөлшерде
төленеді. Өтемақы қызметкердің қалауы бойынша демалыс күнімен
(алайда, бір мөлшерде) ауыстырылуы мүмкін. Бұл ретте жұмысқа
келмеген уақыт үшін ақы төленбейді.
Демалыс күндеріндегі жұмыс тараптардың
келісімі бойынша
жұмысқа келмеумен ауыстырылуы мүмкін немесе бұл күн үшін
ақы екі еседен төмен болмайтын мөлшерде төленеді. Бұл ақы
мереке күндеріндегі жұмыс үшін төленетін ақы сияқты есептеледі.
Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу. Түнгі уақыт болып 22
сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт есептеледі. Еңбек
заңдары түнгі жұмысқа еңбекақы төлеудің жоғарылатылған
мөлшері ұжымдық шарттарда белгіленетінін көздейді. Алайда, бұл
мөлшерлер заңдарда көзделгеннен төмен болмауы тиіс.
Қолданыстағы заңдарға сəйкес
түнгі уақыттағы жұмыстың əрбір
сағатына ақы бір жарым есе мөлшерінен кем төленбейді.
Достарыңызбен бөлісу: